Эстетикалық тәрбие арқылы оқушыларға ұлттық шығармашылық бағыт беру
Есенжанова Асем, бейнелеу өнері пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Эстетикалық сезім- адам өмірінде зор рөль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді.
Мектеп бағдарламасы бойынша оқушыларға арналып ,оқулық ретінде ұсынылып отырған бейнелеу өнерінің түрлері әрбір сала,яғни тарау бойынша қамтылған. Атап айтақанда: графика,кескіндеме, мүсін,қолөнер,сәулет,дизайн ,т.б.Бағдарлама бойынша бейнелеу өнері пәнін меңгеруге теориалық және практикалық сағаттар берілген.Бейнелеу өнерін оқып үйрену арқылы оқушылар өнер теориясы бойынша сауатты сурет салуға машықтанады , ұлттық шығармашылық бағытта ой-қиялдарын жетілдіреді.
Бейнелеу өнерінің алғашқы тарау - тақырыптары яғни графика, кескіндемедеоқушыларды сурет салуға, бояу түстерін қабылдаудың алғашқы заңдылықтарын, үйретеді. Міне , осы орайда оқушыларға әр түрлі жанрда, мысалы,«Ұлттық натюрморт», «Тұрмыстық бұйымдар», «Қазақ елі», т.бтақырыптарда сурет салғызамын. Сабақ үстінде оқушыларға сәндік қолданбалы өнер жайындағы алған білімін толықтырамын.
Пейзаж жанрында қазақ елін, жерін,жан-жақты ұлттық тұрғыда игерген, нақты бейнелей біген көптеген суретшілер шығармаларымен таныстырамын.Мысалы: . Қазқтың бейнелеу өнеріндегі ірі тұлғаның бірі кәсіби суретші Ә.Қастеев шығармаларында тылысым табиғаттың сан түрлі бояуларын санап, түрлі ағаш атаулының, жан жануардың, өсімдіктердің, тіпті, топырақтың түр-түсін саралады.Оның: «Жайлаудағы радио», «Абай жаз жайлауда» , «Кенесары портреті» атты көрем шығармалары бар.
Қазақстан өнерінде тұңғыш қыздар арасынан шыққан суретші, қазақ қызы А.Ғалымбаеваның жұмыстары ерекше орын алады. Оның салған суреттерінен шығыс әйелдерінің нәзік те әдемі жүздері мен рухани биік тұлғаларын көруге болады Кескіндеме өнерінің шебері Қ.Телжанов өзінің жанрлық шығармаларында күнделікті өмірдегі тіршілік мазмұнын асқан шеберлікпен өзіндік қолтаңба бере білген.Оның «Атамекен» , «Бастау» , атты туындылары көпшілік көңілінен шығады.
Бейнелеу өнері, сәндік қолданбалы саласы – тәрбиелік өрісі кең пән.Ол оқушының ой-қиялын байытып, шығармашылы қ қабілетін арттырады, рухани байлығын молайтады.Көркемдік саласы шексіз жалпы өнерден мағлұмат беріп, интернатционалды сезімге бөлейді.
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Қолөнер
Ұста Зергер Ісмер Шебер

Қолөнердің халық қажетіне өтейтін тамаша үлгілері бар. Жалпы қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне ою-өрнек элементтерін үй жиһаздары мен ыдыс аяқтарынан , киім кешектері мен зергерлік бұйымдарынан,құрал саймандары мен қару жарақтарынан және т.б заттарынан молынан таба аламыз.Сабаққа ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер мен өнер туралы қанатты сөздерді көрнекілік ретінде пайдаланамын. Атап айтсам: «Адамды өнер танытар» , «Өнер талаптыдан туар» , «Өнер көзі халықта» , т.б.Осы сөздердің мағынасына тоқталамын.
«Ұлттық бас киімдер»тақырыбында бас киімнің қасиеттері жайлы әңгімелеп , сәндік , қолайлылық , гигиеналық қасиеттері айтылады. Отбасында әсіресе қазақ халқының үлкен ата-бабаларының бас киімдері жоғары қабырғаға ілінеді, немесе сандықта сақталады.Еліміздің тарихында ұлы тұлғалы ата-бабаларымыздың бейнелері мінез –құлықтары бас киім кию арқылы көрсетілген.Мысалы: биік айыр қалпақты билер, хандар (Абылай,Әйтеке) киген, дулыға киген батырлар (Исатай,Махамбет, Бөгенбай,
Қабанбай,Наурызбай т.б) әсіресе папаха киген Б.Момышұлы, тақия киген Абай және ауыз әдебиетіндегі бөрікті Алдар көсе т.б тұлғалар. «Ұлттық бас киімдер» тақырыбын түсіндіре
келе, портреттік жанрмен байланыстырамын.Оқушыларға адамдардың келбеттік тұлғасын бейнелеуге, жарық көлеңкені ажыратып , реңдік қарым қатынастың үйлесімін дұрыс қолдана білуге үйретемін. Сонымен қатар киелі бас киім ретінде есептелген сәукеле ерекшелігін айтамын , яғни, өткен ғасырдың кейбір сәукелелері мың сомға бағаланған. Бұл сол тұстағы бағамен кемінде жүз жылқының құны деген сөз. Мұның өзі «Дос басқа - дұшпан аяққа» қарайтын қазақта қыздың басы қаншалықты құрметтелгенін аңғартары анық.Сәукеленің өзінің өн бойындағы түрлі әшекей затттарды қадаумен ерекшеленетіндігін оқушылырға баяндаймын. ХІХ ғ. кезеңіндегі Маңғыстау аймағының халық шеберлері туралы құнды еңбектерімен таныстырамын.Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Сәулет өнеріне және көне ескерткіштерге тоқталар болсақ , халық әр дайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысты. Адамзат баласы талай – талай жолдардан өтті.Көркемдікке және сұлулыққа баға беру ушін эстетикалық танымның маңызы зор.Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. . Қысқаша айтып өтейік.
1. Ең көне ескерткіш тас бетіне салынған сурет пиктограмма.Тіршілік үшін тылсым табиғат пен тіл табысқан көне замандағы бар білімі,таным түйсігі,зердесі,ақыл парасаты белгілі бейнелер түрінде тас бетіне таңбаланған
2. Қорымдар сәулет өнерінің бірігей туындылары.
3. Даламызды бой көтерген зәулім ғимараттар
4. Киіз үй қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің табиғатты түсіне білуінің , даналық суреткерлігінің құдіретті туындысы. Ол сәулет өнерінің әсемдік озық үлгісінің бірі.
Сонымен оқушылардың көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілет қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу оқушыны жан жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарды . Ол іс-әрекеттің барлық өн бойындағы әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Эстеикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы өнер. Ол шындықты көркем , сезімді қабылданатын бейнелер арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп , оның көзқарасын қалыптасрыруға әсер етеді. Педагогика эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты қаралады. Оқушылардың ақыл ой тәрбиесін , зерттелген құбылыстар әсемділігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.Сондай-ақ әсемдікке тәрбиелеудің көзқарасын өмірден алу.Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді.
Қорыта айтқанда, оқушыларға халқымызыдың әсемдік туралы ұғымын таныту арқылы ұлттық шығармашылық бағытқа тәрбиелей аламыз. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Дизайн  өнері

Дизайн өнері

Есенжанова Асем, бейнелеу өнері пәні мұғалімі, Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы Сабақтың тақырыбы: Дизайн...
Бейнелеу сабағында оқушыларының  шығармашылығын дамыту.

Бейнелеу сабағында оқушыларының шығармашылығын дамыту.

Абдикадирова Айман Тыныштыковна Бастауыш сынып мұғалімі Бейнелеу сабағында оқушыларының шығармашылығын дамыту тақырыбында баяндама....
Көркем безендіру. 6-сынып

Көркем безендіру. 6-сынып

Бейнелеу өнері 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Көркем безендіру. Сабақтың мақсаты. Білімділігі: оқушыларға көркем безендіру жайлы түсінік беру, ыдыстың...
Сәулет өнер

Сәулет өнер

Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сәулет өнері туралы түсінік беру Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін,...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Сабақтаң тақырыбы: «Натюрморт жанры» Сабақтың мақсаты: • Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. • Нәрселердің әр түрлі...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру