«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
ДОСТАНОВА РАЯ ЖЕҢІСҚЫЗЫ
Баяндама тақырыбы: «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Қазіргі таңдағы білім берудің өзекті мәселесі сапалы біліммен қатар өскелең жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып табылады. Адамның рухани қасиеттерге ие болып, қалыптасуы өмірге келген уақытынан басталуы керек. Балаға жастайынан адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіре білсек, баланың болашағын берік қалағанымыз. Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Себебі, адамның қоғамдағы орны оның адамгершілігімен, ізгілігімен, қарапайымдылығымен және қайырымдылығымен ардақталып, анықталады. Осы қасиеттерді баланың бойына бүлдіршін, балалық шағынан сіңіруде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны бөлек.
«Өзін-өзі тану» пәні – баланы әдептілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке, ата-ананы, отбасын сыйлауға және табиғатты аялауға үйретеді. Адам бойына сыпайылық, кішіпейілдік, рақымшылдық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік секілді қасиеттерді дарыту және өзгелерді құрметтей білу, сыйлау, тыңдай білу, адамдарға қол ұшын беріп көмектесуді де оқыту «Өзін-өзі тану» пәнінің еншісіне тиеді.
Осы мақсатта мектебімізде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Арнайы кабинет бөлініп, мүмкіндігінше талапқа сай барлық құралдармен жабдықталды. Мектебімізде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар өткізіліп, онда түрлі оқыту әдістері, түрлі бағытта тренингтер және сергіту жаттығулары пайдаланылып, өткізілуде. Ата-аналармен байланыста болып пән жөнінде пікірлерін біліп, түрлі іс-шараларға қатыстырып отырамыз. Ата-аналар пәннің оқытылуы заман талабынан туындап отырғандығын түсініп, бала тәрбиесінде «Өзін-өзі тану» пәнінің қазіргі таңдағы қоғамға қажет пән екендігін айтады.
Қай заманда болмасын, адамзат алдындағы ұлы мақсат-мұраттардың бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын сауатты, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ қоғам тәрбиесі. Сол болашақ қоғам иелерін сауатты да, салауатты, саналы да сапалы, ой-өрісін озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз.

«Өзін-өзі тану» пәні сабағы,
Ой-өрісті дамытады, сананы.
Өзін-өзі тани білу бүгінде,
Адамзаттың алға қойған талабы.

Рухани азық берер адамға,
Бұл мамандық қажет осы заманға.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқысаң.
Өз орныңды таба аларсың қоғамда.

Адамгершілік тұрса жүрек төрінде,
Өзіңді-өзің тани білерсің өмірде.
Өзгелерді тану үшін сен оның,
Кір шалдырмай қара әппақ көңіліне. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Адамгершілік  құндылықтар

Адамгершілік құндылықтар

Жантілеуова Бақыт, тарих пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы. Адамгершілік құндылықтар....
Мейірімді Ана

Мейірімді Ана

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта білім беретін мектебі Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі ДОСТАНОВА РАЯ ЖЕҢІСҚЫЗЫ...
Менің мамандығым  - «Өзін-өзі  тану»  пәнінің мұғалімі

Менің мамандығым - «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы. №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Назымова Айгүл Болатқызы...
Бала  тәрбиесі  баршаға  ортақ!

Бала тәрбиесі баршаға ортақ!

Мұханбетова Мөлдір Бала тәрбиесі баршаға ортақ! «Адамның жақса өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын ...
Шығармашылық шаттығы

Шығармашылық шаттығы

Шығармашылық шаттығы Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін - өзі танудың...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру