Тарих пәнін оқытуда туған өлке
материалын пайдаланудың маңызы
Байтубетова Қарылғаш Каримжановна
Тарих пәні оқытушысы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі
«Таста» деп жалынса да «құдай үшін»
Доссордан кете алмаспын мұнайы үшін.
Т.Текеев
Мақсаты: Жас ұрпақты өз туған өлкесінің тарихымен таныстыру. Тарих пәнін оқытуда өлке материалдарын жүйелі түрде пайдалануды үйрету. Өлке материалдарын пайдалануда студенттің адамгершілігін, патриоттық сезімін байыта түсу, өзіндік ізденістерге мүмкіндік жасау.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 12 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 кадам» атты Жолдауында «Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында өлкетану сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын»- деп Президент Жолдауында айтылғандай, бүгінгі білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды туған өлке тарихын оқытсақ, жас буынның тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, оқу орындарында өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Өлкенің тарихын білу - өзінің, отбасының әулетінің, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін, оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де, сыйлай да алмайды. Шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Тарих пәнін оқытуда туған өлке материалын пайдаланудың маңызы» деп алуымның себебі –қазақ мұнайының қарашаңырағы атанған Доссор өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштерімен, өлкедегі мұнайшы ардагерлер мен қаһарман батырлардың ерлік істерін кейінгі жас буынға таныстыруда қолымнан келгенше табылған тарихи мәліметтерге, деректерге сүйене отырып, осы ауданда өсіп - өніп, білім алған, көптеген көпті көрген көнекөз қариялардың естелік-әңгімелерін жинақтап, жергілікті ауыл, аудан азаматтарының мақалаларын шығармашылық жұмысыма арқау еттім.
«ХХ ғасырдың 20 жылдары Доссор кен орнында болып, сол кездегі мұнайшылардың еңбегін өз көзімен көріп, “Қаһармандық деген-Доссор”деп айтқан екен орыс жазушысы К.Паустовский»[2,5] Шынымен, «Таста деп жалынса да Құдай үшін, Доссордан кете алмаспын мұнай үшін!» деп жергілікті қаламгер Тәжібай Текеев жырлағандай, мұнайшылар осы мекеннен қоныс аударуды әсте ойлаған емес. Тіпті осы бір өлең шумақтары Доссор мұнайшыларының ұдайы жадында жүреді. Өлкетану – ғылыми ізденімпаздыққа бастайтын нақты жол. Сабақта өлке тарихының деректерін қолдану-студенттің өз өлкесінің тарихы туралы білімін толықтырып, мақтаныш сезімін туғызады.
Қазақстан тарихын оқытуда бағдарламаға сәйкес тақырыпты оқыта отырып, сабақ барысында тақырыпқа сәйкес келетін өлке тарихына шолу жасау, үйрету, хабардар ету, өлкедегі бұған дейін болып өткен оқиғалар туралы тың деректерді пайдалану жеке тұлғаның дүниетанымын, өзіндік көзқарасын, пәнге деген қызығушылығын, оқулықтағы құжат деректеріне өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Табиғаттың ен байлығы "қара алтынның" әр тамшысын қымбат бағалайтын мұнайшылар: Аухатов Хансұлтан, Байарыстанов Әбдеш, Бәжбенов Хакім, Дүтбаев Ермек, Есентаев Аққали, Есетов Дауылбай, Жайлыбаев Өтесін, Жоламанов Әмір, Жылқышиев Қайырғали, Зорбаев Сабырғали, Қитаров Мәмбетәлі, Мәкенов Жұманизар, Мұқтанов Жұмағали, Сарғұнанов Өтеғұл, Сартов Мұқамбетқали, Сүлейменов Әбіш, Таңбаев Бердіғали, Төреханов Ақберген, Төриев Бисенбай, Шәуетов Жұмағали, тағысын тағы оңдаған, жүздеген аталарымыз бүгінгі ұрпақтарына мұнайшылықты мұра қылып, бойларындағы қайсарлықты кейінгіге мирас етті.
Президентіміз Н.Назарбаев: «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп айтқандай,
«Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары»-демекші шыр етіп жерге түскен Доссор өңірі осында дүниеге келген әрбір адамға қымбат. Өйткені осы киелі мекенде ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың өткен жолы, тындырған ісі, бастан кешкен бақыты мен соры, көрген азабы мен рахаты жатыр
өлкемізде оқу-ағарту ісі бірте-бірте жолға қойылды, мұғалімдердің арнайы білімдері жоқ болса да, бар білімін, ынта-жігерін халық ағарту жолында Хамза Санбаев, Күсен Оспанов, Қожа Отарбаев және басқалар ұлағатты ұстаз атанып, ел құрметіне бөленді.
Қорыта айтқанда, «Президентіміз Н.Назарбаев: «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп айтқандай, студенттер сабақта туған өлкенің материалын пайдалану арқылы, өз өлкесінің тарихы туралы білімін толықтырып, өз өлкелерінен шыққан мұнайшы ардагерлер, халыққа білім беруде аянбай еңбек еткен ұстаздар, қаһарман батырлардың ерлік істерін оқи отырып, олардың мақтаныш сезімін туғызып, шығармашылық жұмыспен айналысуына әсер туғызды.
- Карлыгаш
- 19 мая 2015
- 852
- 0


