Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.
«Айта білетін адам табылса, тіл
пайдалануға әрқашан жарайды.
Тек айта білетін адам табылуы қиын».
Ахмет Байтұрсынұлы
пайдалануға әрқашан жарайды.
Тек айта білетін адам табылуы қиын».
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.
Сыни тұрғыдан ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Мен «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдіс- тәсілдерін сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 8-сынып геометрия сабағымдағы «Тік төртбұрыш» тақырыбында АКТ-ны пайдалана отырып,интерактивті тақтадан тік төртбұрышқа мысалдар: есік, терезе, парта, кітап, дәптер т.б. көрсеттім. Олардың қандай фигураларға жататынын сұрадым.Бұдан бүгінгі күннің тақырыбы табылды. Тақырып: Тік төртбұрыш. Түрлі-түсті қағаздардан қабырғалары әр түрлі тік төртбұрыш қиып дайындадым. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруді жоспарладым. Оқушылар сол фигуралардың қабырғаларын, бұрыштарын өлшеп зерттеу арқылы жаңа тақырыптың анықтамасын,түрлерін анықтап, периметрін, ауданын, ішкі бұрыштарының қосындысын тапты. Олар сыни тұрғыдан ойлана отырып,сабақтың мақсатын аша білді. Бұл сабақтағы мақсатым: Тік төртбұрыштың анықтамасымен таныстыру, қасиеттерін білу, параллель және перпендикуляр түзулерді салу, тік төртбұрыштың ауданын, периметрін еске түсіру. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруынан тұрды. Оқушы өз білетінін еске түсірді, қағазға жазды. Сабақтың екінші кезеңінде оқушы жаңа тақырыппен танысып, тақырып бойынша жұмыс жасады, тапсырмалар орындады. Сыни тұрғыдан ойлау берілген тапсырмаларды оқи отырып, бақылау мен тыңдау арқылы анықтама дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дамытуды қарастырады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің негізгі ерекшеліктернің бірі ұтқырлық. Берілген тапсырмадағы негізгі түсініктемені табуға ұмтылады,сұрақтар қою арқылы іздейді, кез келген дәлелді есепке алып отырады. Жалпы СТО әдісін пайдаланғанда мынадай қорытындыға келдім:
• Оқушының ойлау қабілеті дамиды.
• Оқушының сабаққа және шығармашылық жұмысқа деген ынтасы артады.
• Біраз оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянды.
• Оқушылар сенімділікпен жұмыс істейді.
• Өз пікірін ашық айта алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.
2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.
3. «Математиканы оқыту әдістемесі», Г.И. Кукарина, 1998 жыл.
4. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.
5. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», Үшінші негізгі деңгей.

