Әділ төрелік пен шындықтың жаршысы
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі.
Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды. Шешендік сөздер – терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Сөз туралы Бөлтірік шешен:
Сөзден тәтті нәрсе жоқ,
Сөзден ашщы нәрсе жоқ.
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды.
Шешендер- ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі.
Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған.
Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған. Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан.
Би – халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн, бірі туған айдай болып,
аманға сәйкесімен келіп еді.- деп,
Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Әйтеке биге тоқталамыз. Сонымен, Әйтеке биге арналған танымдық кешімізді бастаймыз.
1 – оқушы:ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.
2 – оқушы: Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
3 – оқушы: Сөйтіп, жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен Самаркан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі бодды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 ж. Салқам Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны емес, кішісі Тәукені хан етіп сайлауға казақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, Майлы, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге Әйтеке би де айрықша ат салысты. Тәуке тақка отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты "Хан кеңесі" сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды. Осы кезде бұрынғы "Қасым салған қасқа жолдың" "Есім салған ескі жолдың" заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Тәуке хан және жоғарыда аталған билердің қатысуымен 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен (б.з.б. 7 — 6 ғ.) терезесі тең бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл-аукатының артуына, ата дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.
4 – оқушы: "Жеті жарғыға" Әйтекенін ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол - "Сүйек құны”, "Өнер құны". 1685 ж. Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы бір жан-жал үлкен дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның есерсоқ баласы бір кедейдің сұлу, акын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп әбден өшігіп алады. Бүркіт ұстап, құс салатын аңшылығы бар екен. Дегеніне көнбейтініне көзі жеткен жігіт бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт кыздың басын мылжалал өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит косып куып жібереді. Ақыры, ел арасы "төрежак,", "қаражак," болып екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйткеге келіп өтініш жасайды. Әйтеке қасына сіргелі батыры Казыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Алайда Әйтеке қыз құнына косымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоктаушыларын келеке кылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп Әйтекенің каһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі қүн төлеуге мәжбүр болады. Бұл Әйтекенің ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге өнерге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
5 – оқушы: Әйтеке шешендігімен, "қара кылды қақ жарған" әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошактының он мың жасағына Нұрата, Қыз Бибі, Ақтау, Тамды, Кенимех төңірегіндегі алшындар мен қарақалпақтардан және құрамалардан жиналған бес мың кол әскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Ол әуелі Қалдан-Бошақтының өз әкесінен емес, есігінде жүрген қытай құлдан туғанын бетіне басып жерге каратады. Ізінше жан алып - жан берген соғыс басталады да, бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұкарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген кауесетті естіп, Қалдан-Бошақты негізгі жасағы калған Сайрам төңірегіне шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талкандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген "Хан кеңесі" болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Әйтеке би 1698 - 99 ж. Түркістанда өткен үлкен екі жиында мынадай ұсыныс жасайды:

6 – оқушы: Ресеймен, Қытаймен не басқа бір елдермен одақ жасаудың ешбір кисыны жоқ. Олардың көксегені терезесі тең одақ емес, қазақтарды қайткенде де бодан елге айналдыру. Қазақ жұрты әлі де іргесі мықты ел бола алады. Өйткені қарамағындағы қарақалпақтар мен кұрамаларды есептемегенде, әлі өз жұртынан сексен мыңдык, кол жинай алады. Шекара аймактарында әскери соғыс әдістеріне үйретілген жасақтар ұстайық. Шекараға таяу ауылдарды ішкі бетке көшірейік.
7 – оқушы: Мал-мүлікті аямайық. Ресейден, Қытайдан, Хиуадан және Бұқара мен Түріктерден қару-жарақты ептеп сатып алайык. Әскери әдістерге әбден жетілген тұрақты жасақ ұстау үшін керекті каражатты төрелерден, сұлтандардан, ауқатты адамдардан жинайық...

8 – оқушы: Бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын. Қолбасшы Ресей, Қытай, Түрік не Еуропаның әскери өнері жетік бір елінде оқытылсын. Ол өзі шешен, батыр, көпті көрген көсем, елшілік жұмыстарды жақсы білетін адам болсын. Ол тек "Хан кеңесіне" ғана бағынатын және айрыкша құқты адам болсын.

9 – оқушы: Қолбасшы қарадан шыккан адам болсын. Өйткені төре арасы тату емес, қай-қайсысы да хандық жолында қарабастарын ойлаудан әрі аса алмайды дейді.

10 – оқушы: Байбекұлы Әйтеке би қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Алшын тайпасының Әлім руынан.

11 – оқушы: «Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұхардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп, қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі - Әйтеке бидің әкесі Ақша да, бірі - кейін Самарқанның билеушісі болған, Қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қоңтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады.

12 – оқушы: Ұлықбек медресесінде оқып, тәлім алған Әйтеке әуелі атасы Ақша ханның, атасы өлгеннен кейін ағасы Жалаңтөстің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр сырымен танысады. Оның осы кезде көргені мен білгені кейін Тәуке ханның ата заңы іспетті «Жеті жарғыны» шығаруға қатысқанда да Әйтекеге осы алған білім мен жиған тәжірибенің көп көмегі тиген болу керек.

13 – оқушы: Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан орыс-казак жерін торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі - орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына - Нұрата тауына оралады. Ол дерт Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді.

14 – оқушы: Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!» деген екен. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты.

15 – оқушы: Ел ішіндегі бірі орға; бірі сорға тартқан алауыздық солардың ісі дейді. Әйтекенің бұл ұсыныстары Төле, Қазыбек секілді ел басқарған билер тарапынан қолдау тапқанымен, сұлтандар мен төрелер, әскерге жиналатын мол шығынды ауырсынған байлар қарсы шығып, түрлі себептер айтылып, ақырында қабылданбайды. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім, "Әйтеке би" деген ұзақ дастан. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Әйтекенің тікелей езінен тарайтын алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстан Республикасының Науаи обл-ндағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысыныңның бұрынғы Қарабұтак және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады.
Мұғалім сөзі: Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды. (Оқушылар көрініс қояды)
Әйтеке би жайлы ел аңыздары
Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
– Ассалаумағалейкум, ағалар! – деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
– Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?
– Сейітқұл аулы.
– Өзің баласысың?
– Бөйкектің баласымын
– Атың кім?
– Қосуа бидің «уды қайсы?
– Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? – деп, сұрайды бала.
– Даулы болып келеміз, – дейді әлгі қарт жолаушы. – Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:
– Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін күн, жабықта тепсе – жарты күн, түзде тепсе – төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын – дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе – төрттің бірін шыдар – деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.
Сонда әлген баланың әкесі:
- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүр бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар – деген екен.
Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
– Аға болып алдымен туасың,
Барымталап жылқымды қуасың
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? – деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
– Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
– Ашу деген ағын су,
Туысқан сон сөз қуыспау керек.
Алдын ашсаң арқырар.
Сөз қуған бөлеге жолымды,
Ақыл деген дария,
Жол қуған олжаға жолығады.
Алдын тоссаң тоқырар.
Төле сен, жылқысын қайыр!
Кісі бірге туыспау керек,
Қазыбек, сен жесірін қайыр! – десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
Қосымша ақпарат
Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат.
Халық жырауы Қазанғап Байболұлының Төле биге арнаған дастанында Төле биге, Қаз дауысты Қазыбекке мінездеме береді де, Әйтеке биге келгенде былай термелейді
Онан да өткен Әйтеке, Қудан үшқыр, құланнан. Мүндай шешен болмайды, Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп денеңді, Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді. Ерегіссе біреумен Қара жерге жерлейді Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді…
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:
«Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері»
Әйтеке би жайлы ел аңызы
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
– Бай болсаң, халқына пайдаң тисін; Батыр болып жауға найзаң тимесе,- Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Елден бөтен үйің күйсін!
Бай болып елге пайдаң тимесе, Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? – депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының көрісі,
Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? – деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, – дейді. Әйтеке:
- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, – депті оған.
Осымен Әйтеке биге арналған танымдық кешімізді аяқтаймыз. Халқымызда қара сөзді қақ жарып айтатын, әділ билеріміз қатары көп болсын!!! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру