Ойынның психологиялық педагогикалық мәні
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жан -жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Н.Ә. Назарбаев өзінің «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы, өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз.
Саналы, сапалы, денсаулығы мықты ұрпақты тәрбиелеу барысында мұғалім өзі күнделікті сабағын әртүрлі әдіспен оқушының есінде қалатындай, қызығатындай етіп өткізу керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту»
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой -өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», -деген қанатты сөзді еске түсіреді.
Бүгінгі таңда ойын - оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
 Қисынды ой-қабілетін дамытады;
 Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
 Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
 Зейіні қалыптасады;
 Байқампаздығы артады;
 Өзара сыйластыққа үйренеді;
 Тәртіптілікке баулыйды;
 Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа баулыйды;
 Сабаққа қызығушылығы артады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде іскерлік ойын, ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Экономикалық пәндер бойынша іскерлік ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).
2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).
3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады.
Кейде қорытынды сабақтар барысында оқушылардың назарын соңына дейін аударту мүмкін емес. Сол кездері әртүрлі ойындар мен танымдық сайыстар өткізу өте тиімді.
Мысалы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Миллион кімге бұйырады», «Ғажайыптар алаңы», «Білім биржасы», «Қарлы кесек» т. б
Ендеше «Миллион кімге бұйырады» ойынына тоқталайын. Сұрақтар қойылады. Әр сұрақта 4 жауап. Жауаптың біреуі дұрыс.
1. Тепе –тең баға – бұл
А) Өнім бірлігінің құны
Ә) Сұраныс шамасы ұсыныс шамасына тең болатын баға
Б) Балама құн
В) Доллармен көрсетілген баға
2. Экономиканың басты мақсаты
А) Тауарларды өндіру
Ә) Қажеттіліктерді қанағаттандыру
Б) Пайда алу
В) Қоршаған ортаны қорғау
3. ҚР-ның еңбек туралы заңы қашан қабылданды?
А) 1997 жылғы 10 қыркүйекте
Ә) 1998 жылғы 10 қарашада
Б) 1999 жылғы 10 желтоқсанда
В) 1996 жылғы 10 қазанда
Ал, «Кім жылдам» ойынында, сұрақтарға жылдам жауап беруі керек.
1. Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар?
(Жалақыдан зейнетақы қорына 10%.
жеке табыс салығы, кәсіподақ жарнасы, атқарушы құжаттар бойынша, және т.б ұсталымдар ұсталады)
2.Кассадағы алғашқы құжаттар?
(Касса кіріс ордері, касса шығыс ордері.)
3.Қолма-қолсыз есеп айырысу есебі?
(Құнды қағаздар - өз иесіне табыс әкелетін бағалы қағаздар )
4. Инвестиция дегеніміз не?
(Инвестиция деп пайда табу мақсатында салым салу)
5. Құнды қағаздар дегеніміз не ?
( Төлем тапсырмасы, төлем талап- тапсырмасы, чек, аккредитив, вексель)


Оқушылардың белсенділігі ойын арқылы артады, мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының арасындағы психологиялық кедергілер жойылады. Яғни, ойында бәрі тең, нәтижесінде ұялшақ, жасқаншақ оқушылар белсенді оқушыға айналады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытудағы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Ойын бірнеше қызмет атқарады:
• ойын – сауық;
• комумуникативтік немесе қарым – қатынастық;
• диагностикалық ( ойын барысында өзін- өзі тану)
• Коррекциялық ( өзін-өзі түзету)
• әлеуметтендіру.
Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Оқушыларға ойнау әрқашанда оқудан гөрі қызықтырақ. Тіпті үлкендердің өзі беріліп ойнау кезінде әдеттегідей оқу процесін аңғармайды.
Білімді, мәдениетті, кәсіби, білікті маман даярлауда экономикалық білімнің атқарар ролі зор.
Әрбір кәсіптік мамандық иелерінің өзін-өзі тануына, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруына экономикалық пәндердің ықпалы бар. Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды.
Экономикалық білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған экономикалық білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.Оны қай кезде қолданамыз? Көбіне ойын элементтерін сергіту сәті, қайталау кезінде қолданған тиімді. Ойын сабақтың басында – өткенді еске түсіреді, ортасында – көңіл күйін сергітеді, оқушының ынтасын арттырады, соңында – тақырыпты бекіту, білімді жинақтау мақсатын көздейді. Қорыта айтқанда, экономикалық пән сабағында әртүрлі ойын элементтерін қолдану жақсы нәтижелер береді, тиімділікті арттырады.
Президент Н. Назарбаев жолдауда «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану – өмір талабы. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
мақала

мақала

Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану....
Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі.

Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі.

Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі. Мақсаты: Үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби...
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану

Ақпараттық технологияны сабақта қолдану

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баяндама Тақырыбы:Ақпараттық...
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы №3 Күршім гимназиясы ...
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру