1.Ата есебі
Атасы немересіне: «Мына 130 жаңғақты аз бөлігін 4 есе арттырғанда, көп бөлігінен 3 есе кем болатындай 2 бөлікке бөліңдер»-депті. Мұны қалай бөлесіңдер?
2.Торғайлар мен бұталар
Бір топ торғай ұшып келіп бірнеше бұтаға қонған. Әлгі торғайлар бұтаға бір-бірден қонатын болса, 1 торғайға қонатын бұта жетпейді, ал торғайлар әр бұтаға екі-екіден қонса, онда бір бұта бос қалатын болған. Неше торғай ұшып келген және неше бұта болғанын анықтаңдар.
3.Жетіні сегізге бөлу.
Біздің жыл санауымыздан 2000 жылдай бұрын Ежелгі Мысырда жазылған бір папируста (оны жазған кісі Ахмес есімді болғандықтан папирус «Ахмес папирусы» деп аталған) мынадай бір есеп жазылған.
«7 күлше нанды 8 кісіге бөліп беру керек».
4.Екі қарға
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне-бірі:
-Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді. Олар бірін-бірі қалай көреді?
5.Ер Төстік
Ерназардың 9 ұлы болыпты. Тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын әперіпті. Әр келіннен 9 немере, әр немереден 9 шөбере, әр шөбереден 9 немене көріпті. Ерназардың тұқымы қанша?
6.Қыңырдың жасы
Есепке құмар бір кісі қыңырдан жасың нешеде? – деп сұрапты. Сонда ол:
- Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
7. Қырсық жолаушы.
- Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
8.Қарқылдаған қарға
Әрбір бұтаға 3 қарғадан қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді. Қарғалар қайта ұшып, бұтаққа төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді. Бұтақ қанша, қарға қанша?
9.Үнді шәйі
Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
10.Түйеқұс салмағы
Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады.
11.Дорбадағы асық
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алады. Сонда бір асық дорбада қалады, бұл қалай болғаны?
12.Үш түйеқұс
Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды.
13.Қанша сан?
- kokarshin
- 19 февраля 2015
- 1906
- 0



