химия және қоршаған орта
Түсінік хат
Химия жаратылыстану ғылымдарының арасында өзіндік орны бар пән болып табылады. Химия қоршаған ортаны тану жөніндегі ғылым. Қоршаған ортаны танып білуде біз химия ғылымына сүйенеміз. Химия пәнінен өткізілетін «Химия және қоршаған орта» атты қолданбалы курс бағдарламасы жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт бойынша құрылды. Қолданбалы курс қоршаған орта мен химияны өзара байланыстыратын негізгі тарауларды қамтиды. Курс 68 сағатқа (аптасына 2 рет) арналған.
Курс барысында атмосфераны, гидросфераны, топырақты химиялық заттардан қорғау шаралары мен қоршаған ортаны сақтау әдістері қамтылады. Курсты меңгеру арқылы оқушылар қоршаған орта жөніндегі білімдерін кеңейтеді деген үміттемін.


Курстың мақсаты: қоршаған әлем бейнесін химиялық тұрғыдан танып білу.

Міндеттері:

- алған білімдерін жоғары оқу орындарында одан әрі тереңдетуге мүмкіндік туғызу;
- оқушылардың өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулуы;
- оқушыларда танымдық қызығушылықты қалыптастыру;
- экологиялық мәдениеттілікке үйрету.

Болашақта күтілетін нәтиже:

- практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылар химия пәнін оқып-зерттеудің ауқымын терең және саналы түрде түсіне біледі;
- оқушылар өз бетімен іздену, зерттеу арқылы ерік-жігері қалыптасады;
- қоршаған ортаның бейнесін ерекше түсінеді.

Тексеру әдістері:
- практикалық жұмыстар:
- жобалық зерттеу жұмысы;
- өздік жұмыстар





«Химия және қоршаған орта» қолданбалы курсының күнтізбелік жоспары
Р/с Тақырыбы Сағат саны Өтілетін мерзімі
1 Кіріспе: «Химия қоршаған орта жөніндегі ғылым» 1
1 – тарау. Химия пәні және қоршаған орта
2 Қоршаған орта жөніндегі химия пәні, оның міндеттері 1
3 Табиғаттың биохимиялық моделі 1
4-5 Қоршаған ортаға әсер етуші химиялық заттар табиғаты 2
6 Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұрақсыздығы 1
7-8 Азық-түлік, су және атмосферадағы зиянды заттардың шекті концентрациясы 2
9 Экологиялық мәселелердің деңгейі 1
10 Қоршаған ортаның антропогендік ластануының көздері 1
11 Сарамандық жұмыс: «Заттар – мутагендер және концерогендер» 1
2 – тарау. Химиялық элементтердің айналымы
12-13 Қоршаған ортадағы химиялық элементтердің айналымы 2
14 Көміртек пен азот айналымы 1
15 Фосфор мен күкірт айналымы 1
16-17 Қосымша топша элементтерінің айналымы 2
18 Адамзат баласының әсерінен химиялық элементтер айналымының тепе-теңдігінің бұзылуы 1
3 – тарау. Атмосфера экологиясы
19-20 Ауа, құрамы
Ауа қоспасындағы микрокомпоненттер 2
21 Атмосфераға әсер ететін газдар қоспасы 1
22-23 Атмосферадағы химиялық реакциялар.
Смог 2
24-25 Атмосфераның радиоактивті ластануы.
Радиация тудыратын заттар 2
26-27 Озон қабаты. Озон қабатының бұзылуы.
Парникті эффект 2
28 Сарамандық жұмыс: «Атмосфераның химиялық құрамы» 1
4 – тарау. Су ресурстарының экологиясы
29 Жер асты сулары 1
30 Жер үсті суларының химиясы 1
31 Жер асты және жер үсті суларының химиялық құрамы 1
32-33 Табиғи сулардағы химиялық реакциялар 2
34-35 Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Қышқыл жаңбырлар 2
36-37 Табиғи судағы металдар мен бейметалдар 2
38 Сарамандық жұмыс: «Ертіс өзенінің құрамындағы металдар мен бейметалдардың картасын құрастыру» 1
39 Қышқыл қалдықтары, оларды өңдеу 1
40-41 «Біздің аймағымыздың гидрохимиялық ерекшелігі» 2
5 – тарау. Топырақ экологиясы
42 Топырақтың химиялық құрамы 1
43 Топырақ және организмдер 1
44 Топырақтың сілтілігі мен қышқылдығы 1
45-46 Топырақтың химиялық ластануы 2
47 Топырақты қорғау шаралары 1
48 Сарамандық жұмыс: «Мектеп аймағындағы топырақтың құрамын зерттеу» 1
6 – тарау. Қоршаған ортадағы химиялық заттар (хемодинамика)
49 Қоршаған орта хемодинамикасы 1
50 Қоршаған ортадағы химиялық заттардың тасымалдануы 1
51-52 Қоршаған ортаны ластаушы химиялық және биохимиялық айналымдар 2
53-54 Ластаушы заттардың реакциялық қабілеттілігі (мұнай, пестицидтер, БАЗ, қауіпті қалдықтар) 2
55 Ғаламдық деңгейдегі аса қауіпті химиялық заттар 1
56 Химиялық заттардың улылық мөлшері 1
57 Конференция сабақ: «Қоршаған ортаны химиялық заттардан қалай құтқаруға болады?» 1
7 – тарау. Қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан тазарту әдістері
58-59 Атмосфераны газтәрізді, аэрозольдерден, фторлы қосылыстардан және радиоактивті заттардан тазарту әдістері 2
60-61 Парникті газдың концентрациясын азайтуға арналған жаңа технологиялар 2
62 Дүниежүзілік мұхитты ластаушы химиялық заттар (органикалық қосылыстар) 1
63 Қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы 1
8 – тарау. Жасыл экономика – таза экология бастауы
64-65 «Жасыл экономика» Тұжырымдамасы 2
65 «Жасыл экономика» - жарқын болашақ кепілі 1
67 Конференция сабақ: Жасыл экономиканың еліміз үшін маңызы 1
68 Қорытынды сабақ 1 ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару

химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару

Курстың мақсаты: оқушыларға химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы білімдерін тереңдету, олимпиадаларға дайындау....
Химия біздің айналамызда таңдаулы курсы

Химия біздің айналамызда таңдаулы курсы

Курстың мақсаты: оқушыларға күнделікті тұрмыстағы химияның рөлі жөнінде білім беру, химияға деген құштарлықтарын арттыру. Курстың міндеттері:...
Адам экологиясы

Адам экологиясы

Адам экологиясы Қолданбалы курс 01.09.2014 «М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аширова Гульжанат...
Химиядан Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 2014-2015 оқу жылына

Химиядан Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 2014-2015 оқу жылына

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Курмашова Айгуль Жанабергеновна Химиядан тақырыптық-күнтізбелік жоспар...
Атмосфералық ауаның ластануы

Атмосфералық ауаның ластануы

Сабақтың тақырыбы :“Атмосфералық ауаның ластануы „ Сабақтың мақсаты:оқушыларға атмосфераның ластануы туралы жалпы түсінік беру,ауаның құрамы,оны...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру