Түсінік хат
Химия пәнінен оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір іскерліктері мен дағдыларын дамыту үшін есептердің маңызы зор. Жаттығулар жаңа материалды оқып үйрену мақсатында сабақтарға енгізілуі мүмкін. Химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару арқылы оқушылардың химия пәнінен тақырыптар бойынша білімдерін тереңдетуге көмектеседі.
Ұсынылып отырған таңдаулы курсы 68 сағатқа (аптасына 2 рет) арналған. Таңдаулы курсында химияның негізгі түсініктері мен тақырыптары қамтылды. «Жалпы химия» бөлімінде оқушыларды химияның алғашқы ұғымдары, химиялық байланыс типтері мен химиялық реакциялардың жылдамдығы, ерітінділер мен электролиттік диссоциация теориясы, тотығу-тотықсыздану реакциялары, бойорганикалық химия және органикалық химия курстары бойынша тақырыптар қамтылған. Оқушылар курсты меңгеру арқылы химиядан жоғары есептерді шығару біліктілігін меңгере алады. Курсты оқыту оқушыларды аудандық, облыстық және республикалық олимпиадаларға дайындауға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты: оқушыларға химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы білімдерін тереңдету, олимпиадаларға дайындау.
Міндеттері:
- химия пәнінен есептердің шығару жолдары мен әдіснамасын меңгерту;
- оқушылардың логикалық, ізденушілік қабілеттерін дамыту;
- алған білімдерін одан әрі тереңдетуге мүкіндік беру.
Болашақта күтілетін нәтиже:
- оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарының артуы;
- химиядан өздігінен жоғары есептерді шығара алуы;
- қорытынды жасай алады;
- есептерді шығару әдіснамасын толық меңгере алады.
Тексеру әдістері:
- тестік бақылау;
- зертханалық жұмыс;
- сарамандық жұмыстар.
«Химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару» атты таңдаулы курсының күнтізбелік жоспары
Р/с Тақырыбы Сағат саны Өтілетін мерзімі
І бөлім. Жалпы химия
1 тарау. Алғашқы химиялық ұғымдар мен түсініктер. Қарапайым стехиометриялық теңдеулер
1 Моль. Мольдік масса. Авогадро заңы 1
2 Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Массалық үлес 1
3 Химияның алғашқы заңдары: зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселі қатынастар заңы, газ заңдары, эквивалент заңы 1
4 Эквивалент, эквивалент заңы бойынша есептеулер 1
5 Негізгі газ заңдары. Идеал газдар заңы. Газдардың мольдік көлемі. Газдың парциалды қысымы 1
6 Газ күйіндегі заттардың молекулалық массасын табу, газ заңдары бойынша есептеулер 1
7-8 Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер 2
2 тарау. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Атом құрылысы
9-10 Атомның электрондық құрылысы.
Элементтердің атом құрылысына байланысты қасиеттерінің периодты өзгеруі 2
11-12 Атом ядросының құрылысы.
Радиоактивтілік 2
13 Ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалдығына әсері 1
14 Тест жұмысы 1
3 тарау. Химиялық байланыс
15 Химиялық байланыс типтері. Ковалентті байланыс 1
16-17 Электртерістілік. Валенттілік.
Атомдық орбитальдардың гибридтелінуі 2
18 Молекула полярлығы. Молекуланың геометриялық құрылымы 1
19 Иондық, сутектік байланыс (молекулааралық, молекулаішілік), металдық байланыс 1
20 Байланыс типтеріне байланысты есептеулер 1
21 Тест жұмысы 1
4 тарау. Химиялық реакциялардың жылдамдығы
22 Химиялық реакциялардың жіктелінуі (бейорганикалық және органикалық). Химиялық кинетика, термохимиялық теңсіздік 1
23-24 Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар 2
25 Химиялық реакциялар және табиғаттағы заттар айналымы, олардың рөлі 1
26 Қазақстанда катализдік химияның дамуы 1
27 Тест жұмысы 1
5 тарау. Ерітінділер
28 Ерітінділер, құрамы мен қасиеттері. Қаныққан және аса қаныққан ерітінділер 1
29-30 Ерітіндідегі заттың массалық үлесі, еріген заттың көлемдік үлесі
Мольдік концентрация 2
31 Ерігіштік. Еру энергетикасы 1
32 Ерітіндіде жүретін химиялық реакцияларды теңдеулер бойынша есептеу 1
33 Тест жұмысы 1
6 тарау. Электролиттік диссоциация. Тұздар гидролизі
34-35 Электролиттік диссоциация теориясы. Әлсіз электролиттер. Диссоциация константасы және дәрежесі 2
36 Күшті электролиттер. Ион активтілігі 1
37 Сутектік көрсеткіш. Судың ионға ыдырауы 1
38-39 Электролит ерітінділердегі ион алмасу реакциялары.
Тұздар гидролизі 2
40 Тест жұмысы 1
7 тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
41-42 Т – т реакциялары. Тотығу дәрежесі. Тотықсыздану мен тотығу, тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар 2
43 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру. Электрондық баланс әдісі 1
44-45 Жартылай реакция әдісі немесе иондық электрондық баланс 2
46-47 Электрлік энергияның химиялық көздері.
Электродты потенциал 2
48 Электролиз 1
49 Электролизге байланысты есептеулер 1
50 Тест жұмысы 1
8 – тарау. Комплексті қосылыстар
51-52 Комплексті қосылыстар.
Комплексті ионның құрылысы 2
53 Комплексті қосылыстардың номенклатурасы 1
54 Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі құрылысы. Магниттік және оптикалық қасиеттері 1
55 Тест жұмысы 1
ІІ бөлім. Бейорганикалық химия
56-57 Бейорганикалық класс өкілдері бойынша жалпы химия есептері 2
ІІІ бөлім. Органикалық химия
58-59 Органикалық химияға байланысты есептер шығару 2
ІV бөлім. Олимпиада есептері және оларды шығару жолдары
60 А деңгейіндегі есептерді шығару 1
61 Б деңгейіндегі есептерді шығару 1
62-63 С деңгейіндегі есептерді шығару 2
- jansaya09
- 29 января 2015
- 7152
- 0


