Химия біздің айналамызда таңдаулы курсы
Түсінік хат

«Химия» пәні бойынша таңдаулы курс бағдарламасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде және оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қазіргі химия негізін оқытуға бағытталған.
Химия қоршаған ортаны тану жөніндегі дербес қалыптасқан жаратылыстану ғылымдарының бірі болып табылады. Оқушыларды айналадағы заттармен, олардың химиялық табиғатымен таныстыру мақсатында таңдаулы курс бағдарламассы ұсынылып отыр. Ұсынылып отырған таңдаулы курс 68 сағатқа (аптасына 2 рет) есептелінген. Таңдаулы курсты оқыта отырып, оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін химиялық заттармен және олардың пайдасы мен зияны, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білімдерін кеңейтіп, салауатты өмір салтына баулимыз. Оқушыларға практикалық мен зертханалық жұмыстарды орындата отырып, зерттеушілік қабілеттерін дамыта аламыз. Курсты меңгеру арқылы оқушылар қоршаған ортамен жетік танысып, өз білімдерін барынша тереңдете алады деген сенімдемін.

Курстың мақсаты: оқушыларға күнделікті тұрмыстағы химияның рөлі жөнінде білім беру, химияға деген құштарлықтарын арттыру.

Курстың міндеттері:
- оқушылардың беорганикалық және органикалық химия жөніндегі білімдерін кеңейту;
- бізді қоршаған ортадағы химиялық заттармен таныстыру және олардың адам өміріне деген әсері;
- тұрмыстық жағдайда химиялық заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі
біліктіліктерін дамыту;
- салауатты өмір салтын сақтауға баулу;
- практикалық жұмыстарды орындау барысында оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Болашақта күтілетін нәтиже:
- химия мен химия білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік;
- танымдық әрекет және күнделікті өмірдегі химиялық білім;
- химия пәніне деген жоғары қызығушылық;
- оқуын жалғастыруда профильді сауатты таңдау;
- өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын әмбебап қабілеттің дамуы.

Тексеру әдістері:
- практикалық жұмыстар;
- өзіндік жұмыстар;
- бақылау тапсырмалары

«Химия біздің айналымызда» таңдаулы курсының күнтізбелік жоспары
р/с Тақырыбы Сағат саны Өтілетін мерзімі
1 Кіріспе Химия – бізді қоршаған заттар жөніндегі ғылым
І бөлім. «Химия және тағам» 1

2 1-тарау. Адамның тамақтануының жалпы сипаттамасы
Тағамның негізгі компоненттері. Тамақтану гигиенасы
1
3 Сарамандық жұмыс: «Тәуліктік ас мәзірін құрастыру» 1

4 2-тарау. Ақуыздар, майлар, көмірсулар – өмірдің тірегі
Белоктар, майлар, көмірсулардың құрамы, құрылысы және биологиялық рөлі
1
5 Сарамандық жұмыс: «Тағам құрамындағы ақуызды зерттеу. Ақуыз денатурациясы. Сүт құрамын талдау» 1
6 Сарамандық жұмыс: «Маңызды майлардың ерекшілігі және оларды сапалық анықтау» 1
7 Сарамандық жұмыс: «Биологиялық объектілердегі көмірсуларды анықтау» 1

8 3-тарау. Макро- және микроэлементтер
Элементтердің (кальций, магний, натрий, калий және т.б.) биологиялық рөлі. Минералды элементтердің жетіспеушілігінің себебі. Нитраттар мен нитриттердің адам ағзасына әсері
1
9 Сарамандық жұмыс: «Микро- және макроэлементтердің құрамын анықтау» 1

10 4-тарау. Дәрумендер және ферменттер, биологиялық маңызы
Дәрумендерге жалпы сипаттама, номенклатурасы және жіктелінуі
1
11 Ас қорыту және сіңіру процесіндегі ферменттердің рөлі 1
12 Сарамандық жұмыс: «Тағам құрамындағы дәрумендер мен ферменттерді анықтау» 1

13 5-тарау. Тағамдық қоспалар
Тағамдық қоспалар, жіктелінуі. Олардың адам ағзасына әсері
1
14 Сарамандық жұмыс: «Этикеткалардағы тағамдық қоспалардың құрамын анықтау», «Лимонадқа химиялық талдау», «Ароматты қоспаларды алу» 1

15 6-тарау. Тамақтанудың емдеу-сауықтыру рөлі
Ағзаны тазалау – 21 ғасыр қажеттілігі
1
16 Сарамандық жұмыс: «Адам ағзасын, суды және ауаны тазалаудың физико-химиялық процестер» 1
17 Конференция сабақ: «Сиқырлы химия» 1

18 ІІ бөлім. «Тұрмыстағы химия»
Тұрмыстағы химиялық заттар, оларды тиімді қолданудың экологиялық қауіпсіздігі
1

19 1-тарау. Кір жуғыш заттар
Тұрмыстағы кір жуғыш заттар, олардың химиялық маңызы
1
20 Сабын, оның түрлері. Химиялық құрамы 1
21 Сарамандық жұмыс: «Сабын алу» 1
22 Кір жуғыш ұнтақтар 1
23 Сарамандық жұмыс: «Кір жуғыш ұнтақтардың құрамын зерттеу» 1
24 Ағартқыш заттар, олардың құрамын химиялық талдау 1

25 2-тарау. Тұрмыстағы химиялық тазалау
Химиялық тазалау, оның түрлері
1
26 Сарамандық жұмыс: «Майлы дақтарды кетіру» 1
27 Сарамандық жұмыс: «Химиялық тазалау» 1

28 3-тарау. Ыдыс жуғыш заттар және олардың зияны
Ыдыс жуғыш заттар, олардың химиялық құрамы мен адам ағзасына және қоршаған ортаға әсері
1
29 Сарамандық жұмыс: « Қақты кетіру әдістері» 1
30 Бұйымдарды металдардан тазарту 1
31 Тұрмыстағы дезинфекциялау 1

32 4-тарау. Химия және егін шаруашылығы
Өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттар
1
33 Өсімдіктің өсуіне арналған стимуляторлар 1
34 Минералды тыңайтқыштар 1
35 Сарамандық жұмыс: «Көң құрамын зерттеу» 1
36 Конференция сабақ: «Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы мен рөлі» 1

37 5-тарау. Дәріхана химиясы
Тұрмыстағы дәрі-дәрмектер, олардың химиялық құрамы
1
38 «Дәріханаға топсеруен» 1
39 Сарамандық жұмыс: «Алғашқы медициналық көмекке арналған дәрілерді даярлау» 1
40 Адам қолымен жасалған өмірге қауіпті заттар: наркотик, никотин, ішімдік 1
41 Өмірге қауіпті заттардың құрамын химиялық талдау 1
42 Конференция сабақ: «Біз салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақпыз» 1

43 6-тарау. Құрылыс материалдары
Құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамы
1
44 Сөндірілген және сөндірілмеген әк. Цемент пен бетон 1
45 Шыны өндірісі. Түсті шыныларды дайындау технологиясы 1
46 Сарамандық жұмыс: «Тұрмыстағы құрылыс материалдарының химиялық құрамын анықтау» 1

47 7-тарау. Химия және косметика
Косметика және оның химиялық маңызы. Табиғи және жасанды косметика 1

48 Опа, далап, шаш бояғыш (химиялық, физикалық, ағартқыш, табиғи: хна, басма т.б.) түрлі химиялық заттар және олардың химиялық құрамы
1
49 Жеке бас гигиенасы 1
50 Сарамандық жұмыс: «Косметикалық заттардың құрамын зерттеу» 1
51 Қорытындылау сабағы 1
ІІІ бөлім. Химия және экология 1

52 1-тарау. Су ресурстарының экологиясы
Су – бұл тек H2O емес. Химиялық экология
1
53 Су – әмбебап еріткіш 1
54 Судың ластануы, тазарту әдістері 1
55 Топсеруен: «Су тазартатын бекетке саяхат» 1
56 Сарамандық жұмыс: «Ауыз су сапасын анықтау» 1

57 2-тарау. Атмосфера экологиясы
Ауа, оның химиялық құрамы
1
58 Ауаның химиялық ластануы, оны қорғау шаралары 1
59 Сарамандық жұмыс: «Ластанған ауаның тірі организмдерге әсері» 1

60 3-тарау. Топырақ экологиясы
Топырақ – біздің табиғи байлығымыз. Топырақ эрозиясы, күресу жолдары
1
61 Топырақ және адам денсаулығы. Деградация 1
62 Топырақтың химиялық ластануы, қорғау шаралары 1
63 Сарамандық жұмыс: «Топырақ құнарлылығын анықтау» 1

64 4-тарау. «Жасыл экономика»
Жасыл экономика – таза экология бастауы
1
65 Конференция сабақ: «Жасыл экономика – еліміздің дамуының катализаторы» 1
66-67 Презентациялар сайысы 2
68 Қорытынды сабақ 1 ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
химия және қоршаған орта

химия және қоршаған орта

Курстың мақсаты: қоршаған әлем бейнесін химиялық тұрғыдан танып білу. Міндеттері: - алған білімдерін жоғары оқу орындарында одан әрі тереңдетуге...
химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару

химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару

Курстың мақсаты: оқушыларға химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы білімдерін тереңдету, олимпиадаларға дайындау....
Адам экологиясы

Адам экологиясы

Адам экологиясы Қолданбалы курс 01.09.2014 «М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аширова Гульжанат...
Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы және тірі ағзалардағы маңызы

Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы және тірі ағзалардағы маңызы

Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы және тірі ағзалардағы маңызы...
Химиядан Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 2014-2015 оқу жылына

Химиядан Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 2014-2015 оқу жылына

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Курмашова Айгуль Жанабергеновна Химиядан тақырыптық-күнтізбелік жоспар...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру