БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘПТЕРДІҢ ҰСТАЛУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
Оқушылардың жұмыс дәптері 6-11 сыныптар арасында төмен деңгей оқушылар дәптерлері аптасына 1 рет, ал жоғары деңгей оқушыларының дәптерлері айына 1 рет тексеріледі;
Бақылау жұмыстары 6-9 сыныптарда келесі сабақтарда тексеріліп беріледі. Оқушылар саны 70 тен асса бір сабақтан кейін екінші сабағында таратылып беріледі. Ал 10-11 сыныптарда бақылау жұмысының тексеріліп таратылуы 5 күннен аспауы керек. Қатемен жұмыс бақылау даптеріне орындалуы керек
6-11 сыныптарда бақылау жұмысында жіберілген қателердің асты сызылады, қатені оқушының өзі жөндейді.
Бақылау жұмыстары бағаланып сынып журналына қойылады;
Дәптердің шет сызығы 4 клеткадан кем болмауы керек, жазу шет сызықтан аспауы керек;
Күні, айы, қазақша дәптердің ортасына жазылады;
«Сынып жұмысы» деп жазылмайды, күні, айы, жазылғаннан кейін 2 жол тасталып, сыныпта орындалатын тапсырмалар орындалады;
Есептің нөмері дәптер бетінің сол жағына нөмер таңбасы қойылып жазылады;
Есеп бірінің астына бір жол тасталып жазылады, ал теорема, анықтама жазылған кезде бос жол тасталмай жазылады.;
түрлі-түсті сиямен жазуға болмайды, бір түсті сиямен жазылады;
Сыныпта орындалған жұмыс аяқталған соң екі жол тасталып, үй жұмысы жолдың ортасына жазылады;
Мұғалім тексерген кезде бағаны бір жолдан асырмай дәптердің оң жағына қояды.;
Үй тапсырмасы сыныпта орындаған тапсырманың үштен бір бөлігін құрайды, үй тапсырмасы сыныпта қарастырылған есептерге ұқсас болады. Қажет жағдайларды сыныпта талданады
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЖАУАБЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БАҒАЛАУ НОРМАСЫ:
«5» БАҒАСЫ:
Оқулықтағы және бағдарламадағы материалдың көлемінде тақырыпты толық аша білсе;
Теориялық қағидаларды нақтылы мысалдармен көрсете алатын, оларды практикалық тапсырмаларды орындаған кезде жаңа жағдайда қолдана алатындығын көрсетсе;
Бұрын өтілген бірге жүріп отыратын мәселелерді меңгергенін, жауап бергенде пайдалана алатын икемділік пен машықтықтың қалыптасқандығы мен тұрақтылығын демонстрациялап көрсете алса;
Мұғалімнің жетекші сұрақтарынсыз жауап берсе;
Қосымша сұрақтарға жауап бергенде немес есептеулерінде мұғалімнің ескертуімен оқушы оңай түзететін бір-екі ағаттық болуы мүмкін.
«4» БАҒАСЫ:
«5»-ке қойылған талап орындалып, төмендегідей кемшіліктер кездессе:
Баяндаған кезде жауаптың биологиялық мазмұнына нұсқан келтірмейтіндей шамалы олқылықтар жіберген болса;
Жауаптың негізгі мазмұнын баяндағанда мұғалімнің ескертуімен түзетілетін бір-екі кемшілік жіберілеген болса;
Жауаптың қосымша сұрақтарға жауап бергенде немесе есептеулерде мұғалімнің ескертуімен оңай түзететін қате немесе бір-екі кемшілік жіберілген болса;
«3» БАҒАСЫ:
Материалдың мазмұны ретсіз немесе шала айтылса;
Бір сұрақты жалпы түсінгенін көрсетіп немесе программалық материалды алдағы уақытта меңгеріп алуға жеткілікті икемділік көрсете алса;
Ұғымдарға анықтама бергенде, есепте мүғалімнің бірінші жетекші сұрағынан кейін түзетілетін қателер жіберсе немесе қиналатындығы байқалса;
Оқушы практикалық тапсырманы орындаған кезде теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаса, бірақ берілген тақырыптағы қиындығы міндетті деңгейдегі тапсырманы орындамаган болса;
Теориялық материалды білуінде негізінде іскерліктер мен машықтарды жеткіліксіз қалыптасқаны байқалса;
«2» БАҒАСЫ:
Оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса;
Оқу материалының негізгі немесе басым бөлігін оқушының меңгермегендігі анықталғанда;
Мұғалім ескертуінен кейін жіберілген қателер жөнделмесе қойылады.
Үй тапсырмасының жүйесі
Оқушылардың білім сапасын көтеруде уй тапсырмасының ролі.
Үй тапсырмасы оқушылардың негізгі білім-біліктілігін меңгерту қызметін атқарады.
Үй тапсырмасын орындағанда сабақта алған білімін қолдана алу керек – бұл оқушылардың білім деңгейін кеңейтеді, жетілдіреді.
Үй тапсырмасын орындауда жеке тұлғаның іскерлігі, терең ойлау қабілеті дамиды және шығармашылық жұмысқа ынталандырады.
Оқушыларда өз қабілеттілігіне сенімділік пайда болады, жауапкершілік қасиеті қалыптасады.
Үй тапсырмаларын орындау жаңа сабақты меңгеруіне ықпалын тигізеді.
Үй тапсырмаларын беруде әр түрлі деңгейлі саралап оқытудың элементтерін қолдану




