Бакеева Фарида Токтаровна.
Павлодар обласы,Екібастұз қаласы,
КМҚК №8-ші «Теремок»
балабақшасының тәрбиешісі.
Математикадан ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы.
(Дьенеш блогын қолдану әдісі. Ортаңғы топ.)
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі: Қ.М.Т.Қ.
Тақырыбы: Ормандағы аңдарды құтқару.
Мақсаты: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды жалғастыру;геометриялық пішіндердің 3 қасиеті бойынша(пішіні,көлемі,түсі) анықтауды дамыту; «Алыс-жақын»түсініктерін бекіту;кеңістікті барлауға үйрету(ортасы,жоғары,төмен,сол жақ,оң жақ); ойлау қабілеттерін дамыту.Тапсырманы орындау барысында ынтасын,талабын арттырып ,зейінді,білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Дьенеш» блогы,шартты белгілері бар карточкалар,үлкен-кіші сандар жинағы, үлестірмелі материалдар( 2-жолқты жолақшалар,геометриялық пішіндер.)
Сабақ барысы.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай берсін қаламыз,
Гүлдей берсін даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-Қандай?
-Қазір қандай мезгіл?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Кім атап береді?
-Қазір қандай ай?
(Таңғажайып сәт)
-Балалар, біреу есік қағып тұран сияқты.
-Қараңдар бізге хат келіпті,кімнен келді екен?(ашып оқу)«Сәлем балалар! Маған сендердің көмектерің керек,Жалмауыз кемпір ормандағы аңдарды торға
қамап ,құлыптап қойды.Оларды құтқару үшін жалмауыз кемпірдің тапсырмаларын орындау керек.Сәлеммен Орман ата.»
-Балалар,аңдарға көмектесеміз бе!?
-Онда тезірек аттанайық.Қалай ойлайсыңдар, немен баруға болады?
-Бүгін біз орманға автобуспен барамыз.
-Автобусқа міну үшін не керек?
(«Дьенеш» блогымен жұмыс,балаларға шартты белгілері бар карточкалар таратылады,осы белгілерді оқу арқылы өздеріне керек геометриялық пішіндерді тауып , сондай пішіндер жапсырылған орындықтарға отырады)
-Кәне,билет сатып аламыз,орнымызға отырамыз.
Билет тексеру.
-Билетіңіздің түсі қандай? Пішіні қандай?
-Түсі көк билеттерді көсетеміз, (қызыл,сары,үшбұрыш,дөңгелек,т.с)
-Бәрі дұрыс,енді жүруге болады.
-Міне балалар орманға да жеттік,қараңдар қандай әдемі шырша өсіп тұр. Шыршаның үстіндегі нелер?(ұлпақарлар саны -5)
-Балалар,бұлар жәй ұлпақарлар емес екен,әр ұлпақарға жалмауызкемпір тапсырмалар жасырыпты.
1 –ші ұлпақардағы тапсырма
Логикалық есептер:
1.Ағашқа қонды 5 торғай,
Жел соғып ұшып кетті 1 торғай.
Қалды сонда неше торғай?(4)
2.Болды менде 3 алма,
Беремін досыма 1 алма.
Қалды менде неше алма?(2)
3.Көл бетінде 3 үйрек,
Ұшып келді 2 үйрек.
Жүзді сонда неше үйрек?(5)
2 –ші ұлпақардағы тапсырма.
«Сандардың орнын тап»
-Сандардың орындары ауысып кетіпті,олардың орындарын тауып,тура және кері санау керек.
3 –ші ұлпақардағы тапсырма.
«Заттарды теңестір»
-Алдарыңдағы жолақшаның үстіне неше санын көрсетсем(5 саны) сонша қоян қоясыңдар, астыңғы жолақшаға осыншама(4 санын көрсету) сәбіз қойыңдар.
-Неше қоян,неше сәбіз санаңдар.Қояндарға сәбіздер жете ме?Не істеу керек? (Теңестіреді,санайды)
Сергіту сәті:
Оңға 1 қадам,шапалақ ұрамыз, Солға 1 қадам,шапалақ ұрамыз. Алға 1 қадам,шапалақ ұрамыз, Артқа 1 қадам ,шапалақ ұрамыз.
4 –ші ұлпақардағы тапсырма.
«Сурет құрастыру»
-Ақ қағаздың ортасына қоянды, оң жақ астына үйді, сол жақ астына шыршаны, оң жақ үстіне күнді ,сол жақ үстіне бұлтты орналастыру керек.
5 –ші ұлпақардағы тапсырма.
«Не өзгерді?»
(Сол жақта үйшік,ал оң жақта 2 ойыншық .Олар әр-түрлі арақашықтықта орналасқан)
-Үйшікке не жақын орналасқан? Ал қайсысы алыс орналасқан?
-Ал енді көзімізді жұмамыз(ойыншықтардың орындарын ауыстырады),көзімізді ашамыз не өзгерді?(2-3 рет қайталау)
-Өте жақсы,осымен барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар,енді аңдарды босатып алайық.Алдымен торды тауып алуымыз керек.
-Міне торды таптық,бірақ тордың есігінде құлып тұр екен, оны ашу үшін кілт керек.
«Дьенеш» блогымен жұмыс.
-Ал кілт болса мына карточкада жазылған пішіннің астында.(Шартты белгісі бар карточканы көрсетеді,балалар шартты белгілерді оқып,қандай пішін екенін табады).
-Дұрыс таптыңдар!Сендер қандай ақылды балаларсыңдар!?
-Кәне,кілтті алып құлыпты ашайық,аңдарды құтқарайық.
-Балалар бізге балабақшамызға оралатын кез келді.Автобусымызға мініп,орнымызға отырайық.
-Біз бүгін қайда бардық?
-Не үшін бардық?
-Аңдарды құтқару үшін не істедік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Қай тапсырма ұнады?
-Қай тапсырма қиын болды?
Күтілетін нәтиже: 1 –ден 5 –ке дейінгі сандарды танып, тура және кері санау.
Білуі тиіс:үлестірмелі заттармен және үстел материалдарымен жұмыс жасауды.
Меңгеруі тиіс: Шартты белгілерді дұрыс оқи білуді.
- Farida.B
- 13 мая 2015
- 2592
- 0



