«Қыс» (мнемотәсіл арқылы мәтін құру)
Бакеева Фарида Токтаровна,
Павлодар обласы,Екібастұз қаласы,
№8 «Теремок» балабақшасының тәрбиешісі.
Топ:ортаңғы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қыс» (мнемотәсіл арқылы мәтін құру)

Мақсаты: Қыс туралы білімдерін мнемокесте арқылы толықтыру, балалардың сөздік қорын, тіл байлығын мнемотәсіл арқылы дамыту, дұрыс мәтін құруға ынталандыру, бір-бірлерін мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ТРИЗ технологиясы, мнемотәсіл, сергіту сәті, жұмбақ шешу, тақия тастау ойыны, миға шабуыл.
Көрнекіліктер: қыс тақырыбына байланысты суреттер, мнемокестелер, шырша, қапшық, доп, асықтар, тақия.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн апайлар!
Таңғалдыру кезеңі:
- Балалар, жан-жағымызға қарайықшы, топ ішінде не көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс шырша. Ал шыршаның астында қапшық жатыр, оны бізге кім әкелуі мүмкін? Мүмкін Аяз атаның бізге берген сыйлығы шығар. Қане ашып қарайық. Балалар қарандар мына қапшықтың ішінде асықтар бар екен, әрбір асық ішінде жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар жасырылған, шешіп көреміз бе? «Бұл қай кезде болады?» жұмбақтары
Жұмбақтар шешу
«Бұл қай кезде болады?»
Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күзде)
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Қар еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады? (көктем)
Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)
- Ендеше неше жыл мезгілі бар? Ал қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларың ата Көктем мезгілінің алдында қандай жыл мезгілі болды?Ендеше балалар, біз сендермен бүгін қыс мезгілін жақсылап шығарып салып, қоштасайық... Кімде аққала белгісі бар олар жапсыруға барады, ал кімде қар белгісі бар, олар тіл дамытуға барады.
1 топ:
- Балалар, қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда қандай өзгешелігі, ерекшелігі бар екенін мына сызба арқылы айтамыз. Қане бәріміз мына суреттерге назар аударамыз. Кім қандай сызба арқылы әңгімелейді?
- 1 кесте
- 2 кесте
- 3 кесте
- 4 кесте
Сергіту сәті:
Жел уледі у-у-у
Боран соқты зу-зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу,
Мамық қарлар қол соқты ду-ду-ду,
Шыдай алмай ұлпа қар ах-ах-ах
Билеп кетті қалтырап пах-пах-пах.
- Өте жақсы балалар! Сабағымызды әрі қарай «Қыс» туралы өлеңдерімізбен жалғастырайық. Мына мнемокестелер арқылы маған кім өлеңді оқып бере алады?
1. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
2. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
3. Аппақ, аппақ, қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау, қырау, тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
4. Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді,
Ширатады етіңді.
5. Аппақ, аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
ТРИЗ. Жұмбақ жасыру.
Суреттер бойынша балалар апайларға жұмбақтар жасырады. (шырша, қар, аяз, шана)
Өте жақсы. Ендеше бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін «Тақия тастау» ойынын ойнайық. Тақияны кімнің басына кигіземін сол бала менің сұрақтарыма жауап береді.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не ұнады?
Неше жыл мезгілдері бар?
- Қыс айларын ата.
- Көктем айларын ата.
- Қыстап қалатын құстарды ата.
- Бүгін біз не туралы өттік?
- Рахмет! Сау болыңдар ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру