Менің Отаным - Қазақстан
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.
Бөлімдері: Көркем әдебиет, құрастыру.
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тудың, Елтаңбаның, Н.Ә.Назарбаевтың, Астананың суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, құрастыру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Біз балдырған баламыз,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Іздену-ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Біз қандай ұлтпыз?
- Біздің ұлтымыз қазақ. Ал біз қай тілде сөйлейміз?
- Біз қазақ тілінде сөйлейміз.
- Балалар, Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел. Биыл тәуелсіз, егеменді ел болғанымызға 22 жыл болады.
- Балалар, әрбір егеменді елдің өзінің рәміздері болады. Олар: Әнұран, Елтаңба, Ту.
Әнұранды мемлекет басшылары бір-бірімен кездескенде, үлкен салтанаттарда айтылады. Біз күнде таңертең осы әнұранды айтамыз.
- Қане, балалар, орнымыздан тұрып, оң қолымызбен кеудемізді ұстап, әнұран орындайық. Жақсы
балалар орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар, мына суретке қараңыздар. Мынау Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, мынау Қазақстан Республтуымыздың Туы. Тудың түсі қандай? Тудың ортасында не бейнеленген?
- Ал, мынау балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
С. Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» өлеңін оқып берейін.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арңымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
- Балалар, тақпақ сендерге ұнады ма?
- Қазақстан біздің Отанымыз. Ал Отан дегеніміз – еліміз, жеріміз, туған-туыс, бауырымыз, туып-өскен жеріміз.
- Біз Отанды жақсы көреміз бе? Олай болса, Отан туралы мақал айтайық.
1. Отан оттан да ыстық.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Сергіту сәті
Қане, қане тұрыңдар,
Үлкен шеңбер құрыңдар.
Қолдарыңмен көк тіреп,
Қазақ үйді құрыңдар.
- Ал, енді алдымыздағы үлгіге қарай отырып, Тудың бейнесін құрастырайық.
Қазақстанда.
Қазақ.
Ия.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі
- Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар?
- Біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Балалар, біз әрқашан еліміздің әсем табиғатын, жемістері мен байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап, аялауымыз керек.Сол кезде ғана еліміз гүлденіп, көркейеді. Еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап, биікке көтеріп жүруіміз керек. Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасын таныта аламыз.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Қазақстан Республикасының рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран туралы.
Баланың меңгеруі: Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екенін.
Баланың жасай алуы: Тудың бейнесін құрастыруы. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Тәуелсіз  Қазақстаным, Күн

Тәуелсіз Қазақстаным, Күн

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық Бөлімі: Көркем әдебиет, Жапсыру Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстаным, Күн Мақсаты: Республиканың қалай...
Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан

Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел...
Менің отаным – Қазақстан

Менің отаным – Қазақстан

Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылы «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналды мемлекеттік мекемесінің орыс тілінде білім...
Рәміздерім – мақтанышым

Рәміздерім – мақтанышым

Тәрбие сағатының тақырыбы Рәміздерім – мақтанышым. Сабақтың мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының...
Қазақстан – менің Отаным

Қазақстан – менің Отаным

Қазақстан – менің Отаным Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру