Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті: «Өзін-өзі тану» пәні
Тақырыбы: Отбасы қуанышы
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Балалардың отбасы, туыстық қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп, қоштасуға,үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету.Олардың ой-өрісін дамыта отырып,сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мақсаты: Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойын, пікірін, жеткізе білуге баулу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері (слайдттар )
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші : Балалар, қане,барлығымыз шеңберге тұрып, мына жүрек арқылы жүрегімізден шыққан жылы сөздерімізді бір-бірімізге арнайық. Амина, сен сондай мейірімдісің, ақылдысың.
Осы сияқты жылы сөздер шеңбер бойымен жалғасады.
Тәрбиеші: Балалар, бәріміздің де отбасымыз бар, қане, айтайықшы кімдер барын.
- Саяжан,сен айта қойшы ?
- Мен, анам,әкем, інім
- Бекдана, сен айта қойшы?
- Мен,әкем, анам, сіңілім.
Балалар осылай кезек-кезек отбасында кімдер барын айтып шығады.
Тәрбиеші: Балалар, енді суретпен жұмыс жасайық.
Бәріміз тақтаға қарайықшы
- Мынау ата .
- Мынау әже.
- Мынау әке.
- Мынау ана.
- Мынау аға. - Мынау әпке. Тәрбиеші: Иә балалар дұрыс айтасыңдар.
Күтпеген жағдай.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Еркелер әкем бар,
Аялар анам бар,
Бір туған апам бар
Бір туған ағам бар,
Ең жақын адамдар,
Отбасым осылар,- дегендей, бүгінгі өткелі отырған оқу іс-әрекетіміздің тақы-рыбы «Отбасым-қуанышым» деп аталады.
Отбасы дегеніміз-бір үйде тұратын, бізге ең жақын адамдар. Олар, ата, әже, әке, ана, іні, әпке, қарындастарымыз. Кәне балалар отбасы жайлы кім қандай тақпақтар біледі?
Несіпбек:Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әкеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
Айзат:Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа ,
Кәмпит әкеп береді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін,
Өйткені мен әжемді.
Руфина: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегі де кетпейді.
Аяулым: Еркелесем күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан искеп мені,
Құлыншағым, күнім дейтін.
Абылай: Әр күн сайын,
Маған дәйім.
Қамқор болдың,
Әпкетайым!
Тәрбиеші: Балалар, қазір біздің алдымызда отбасы мүшелерінің суреттері жатыр.Соны рет-ретімен қойып шығайық.
Тәрбиеші: Қане, балалар,отбасы туралы кім мақал-мәтелдер біледі.
Мақсат: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Дінмұхамет: Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді.
Айым: Бала – ананың бауыр еті.
Арна:Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған шығармыз, сергіту сәтін жасайық.
Дастарханды жаямыз,
Тағамдарды қоямыз.
Биік-биік үйлерде,
Тату-тәтті тұрамыз.
Сабақты қорытындылау:Атам-дана қорғаным,
Әжем-асыл ардағым
Әкем-өмір тірегім,
Ағам-қамқор асқарым,
Інім-мөлдір аспаным
Қарындасым-қанатым,
Мен-бақытты баламын.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біз кімдер туралы айттық?
Біздер қандай отбасымыз? Отбасы мүшелерін атай қойыңдаршы?
Балалар, өте жақсы, бүгінгі оқу іс-әрекетінде өте жақсы қатыстыңдар.
«Ата-бәйтерек, бала - жапырақ»,
Ағасы бардың жағасы бар, - дейді халқымыз
Әрқайсымыздың отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- фарик
- 11 февраля 2015
- 3149
- 0


