Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Бисен ауылы
"Салтанат" ясли - бақшасы
Мусағалиева Қымбат Исағалиқызы
Көктем аруы -2014
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тін жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Бөлме іші мерекеге сай безендірілген. Аналар мерекесіне арналған ертеңгілікті тәрбиеші құттықтау сөзбен бастаайды.
Армысыздар құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар күнімен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдердей құлпырып жанап жүре беріңдеріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын! Сіздерді «Болашақ» ересек тобының «Көктем аруы - 2014» мерекелік сайысын тамашалауға шақырамыз. Алғашқы құттықтау сөз балабақша директоры Айгүл Ізалиқызына беріледі.
Тәрбиеші: Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Нұртілеу: Жеңге, мама, тәтені,
Қарындаспен әпкені.
Құттықтаймыз мейраммен,
Ақылшы, дана әжені.
Ерасыл: Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз, біз балалар.
Нұржасар: Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Нұртілеу: Балалар! Бүгін аналарымыздың мерекесі ғой, анамызға қандай сыйлық жасасақ екен?
Ерасыл: Аналардың ең жақсы көретін затын сыйға тартайық.
Нұржасар: Ал, ол қандай зат?
Ерасыл: Расында да, аналар нені жақсы көреді екен? Кіммен ақыл сұраймыз?
(Осы кезде музыка ырғағымен аю залға кіреді).
Нұртілеу: Аю, бүгін біздің аналарымыздың мерекесі еді. Оларға қандай сыйлық жасасақ болады? Ақыл қосыңызшы...
Аю: Ол үшін аналардың нені жақсы көретінін білу керек. Мысалы мен бал жегенді жақсы көрем.
Нұржасар: Ал, аналарға не ұнайтынын қайдан білеміз?
Аю: Ол жағын білмедім. Меніңше балды барлығы да жаксы көреді екен. Жарайды басқалардан сурап көріңдер.Сау болыңдар!
Ерасыл: Ақ қоян,неге сонша жүгіріп келдің? Қайда асығып барасың?
Ақ қоян: Мен сәбізді жаксы көремін.Ал,сендердің аналарыңның нені жаксы көретінін білмеймін.( осы кезде тыкырлаган дыбыс естіледі)
Ақ қоян: (Қорқып) Қасқыр келіп қалған сияқты,мен қаштым.Сау болыңдар,балалар!
Түлкі: Уһ шаршадым, аздап демалайын.
Нұртілеу: Түке,шаршап шалдығып қайдан келесіз?
Түлкі: Аңшылардан қашып келемін? Ал өздерің неге жиналып қалғансыңдар?
Нұртілеу: Аналарымыздың мерекесіне қандай сыйлық жасарымызды білмей отырмыз.
Түлкі: Әркімнің жаксы көретін заты немесе асы болады.Соны білу керек. Мысылы мен тауықтың етін жаксы көрем. Ал, мен аңшыларға ұсталмай тұрғанда орманға жетіп алайын. Сау болыңдар.(түлкі балалармен қоштасып,шығып кетеді. Сахнаға жыламсырап Қарлығаш ана келеді).
Нұржасар: Сіз кімсіз? Неге жылап жүрсіз?
Қарлығаш: Мен қарлығаш анамын. Балапанымнан адасып қалдым. Енді оны қайдан табамын?
Нұржасар: Кешіріңіз, біздің бір сұрағымыз бар еді. Сізде ана екенсіз. Сіз үшін ең қымбат сыйлық не екенін айтып бере аласыз ба? (Үнтаспадан балапан қарлығаштың даусы естіледі).
Қарлығаш: Мынау менің балапанымның даусы ғой! Қазір жетемін, балапаным! Балалар аналарыңа сендерден артық сыйлық жоқ. Сендер бақытты болып, аналарыңның қасында әрдайым , тәртіпті, ақылды болып өсіңдер. Ал, енді сау болыңдар!
Нұржасар: Балалар, олай болса аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді әнімізбен жеткізейік.
Ән: «Анашым». Орындайтындар: Нариманұлы Нұртілеу және Махмет Абдурарим
1- жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесін халықтың,
Ана тойын бастайық.
Осы тойға арналған
«Көктем аруы» сайысын бастайық.
2-жүргізуші: Балғын жүздері албырап, қанатын жаңа қаққан, ару қыздарымызды ортаға -шақырамыз.
Бірінші қыз – білімді,
Меңгерген бар білімді.
Екінші қыз – елгезек,
Алады тез тілінді.
Үшінші қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.
Төртінші қыз – Зухра қыз,
Бойға өнер жиған қыз.
Бесінші қыз өнерлі,
Төгеді бар өнерді.
Алтыншы қыз Орынгүл,
Өн бойында бар бақыт.
Жетінші қыз ерке,
Бойға өнер жиған қыз.
1-жүргізуші:
Кім жеңеді сайыста,үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман мен бақыт жолда.
Әділ қазы алқасымен таныстырылады.
2-жүргізуші: Байқауымыздың 1-ші бөлімі арулар өздерін таныстырады.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Таныстырып өздерің ән салыпты.
Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
1-ші ару. Назерке
Сайыстың аштым есігін,
Шалқайтып қойып бесігін.
Қызы болам Тұрарбектің
Назерке атты есімім.
2-ші ару. Гүлзамира
Қош келдіңдер қонақтар,
Қошеметпен қолдаңдар.
Сайысқа бүгін асыққан,
Гүлзамира қызың мен болам.
3-ші ару.Бағила
Армысыңдар қадірменді ағайын,
Ең алдымен сәлем беріп алайын.
Сайысқа қатысқалы келіп тұрмын,
Жақсыбайқызы Бағила мен боламын.
Би билеп дөңгелеп жайқаламын.
4-ару. Зухра
Менің атым Зухра
Менен асқан жоқ дана.
Ұлтым қазақ мен дара,
Би бейлеймін тамаша.
5-ші ару. Ақбота
Салмақтап сөз бастайын,
Әдептен мен аспайын.
Ақбота атты қызынмын,
Өнер қуған жастайын.
6-шы ару. Орынгүл
7-ші ару.
Би билеймін дөңгелеп,
Ән саламын сызылып.
Сұрасаңыз атымды,
Ақайна ару мен болам!
2-жүргізуші: Сайысымыздың 2-ші шарты «Өнер» сайысы. Ару қыздарымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін ортаға салады.
Әртіс боп та кетеді,
Қыздарымыз қарасаң.
Біздің қыздар тұрғанда,
Жолда қалар тамашаң.
1 ару Біржан Назерке – ән: «Ақ мамам».
2-ару Есенболат Гүлзамира – би «Текемет»
3-ару Теміреш Бағила – би «Өзбек биі »
4 ару Зейнұрқызы Зухра би:
5 ару Маралбек Ақбота
6 ару Мэлсқызы Орынгүл «Өзбек биі »
7 ару Меңдіғали Ақайна
2-жүргізуші: Сайысымыздың 3-інші кезеңі «Дәм-думан» сайысы. Ару қыздарымыздың қонақтарға қандай дәмді тағам дайындап, тарту ететіні сыналады.
Ән: «Аналар». Орындайтындар: Нариманұлы Нұртілеу, Айболат Нұржасар
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы шарты – ойын.
-
«Менің анам осындай»
Шарты: Ару қыздардың аналарын ортаға алып шығып, өз аналарын мерекеге қарсаңында әдемі шаш үлгісін жасап, бояндырады.
Өлең шумақтары (Орыс тілі пәнімен жаттаған )
Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен».
«Келді көктем».
2-жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп көктемнің жүрейікші.
Әділ-қазыларға тек әділдікті,
Ал, аруларғлы тек сәттілік тілейікші, - деп қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
1-жүргізуші:
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашан да қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар! – деп бүгінгі «Болашақ» тобының мерекелік кешін аяқтаймыз. Нұрлы күндерде кездескеше аман-сау болыңыздар!


