Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту Балаларды «Жылулық» шеңберіне жинау, амандасу.
Тыныштықта елім бар,
Ну орманды жерім бар.
Күннен-күнге көркейген,
Қазақстан елім бар.
Балалар шеңберге тұрып, амандасады.
Ұйымдастыру
шылық ізденіс кезеңі Балалар, қараңдаршы, бізге бейбітшілік құсы көгершін ұшып келді. Ол бізге хат алып келіпті. Қане, ашып оқиын. Балалар, бұл хаттың ішінде тапсырмалар бар екен, бірінші тапсырма жұмбақ екен, мұқият тыңдап жауабын айтайық.
Шаңғы, коньки тебетін,
Шана сүйреп жүретін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Балалар, көгершіннің екінші тапсырмасы аюдың жүрісін, қимылын сал деген екен.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балалар, көгершін сендерге рахмет айтып, жолдарың болсын дейді.
- Қане, олай болса, балалар орманға саяхатқа барайық.
Орманда қандай аңдар болады екен, таныс болайық.
Балалар, ең қорқақ аңды білесіңдер ме?
Ян-ян-ян, секеңдеген қоян.
Бананды сүйіп жейтін аң не?
Ағаштан-ағашқа секіріп жүретін аң қандай аң?
Балды жақсы көретін аң?
Ю-ю-ю, қорбаңдаған аю.
Мысыққа ұқсайтын аң?
Ыс-ыс-ыс,
Сары ала жолбарыс.
Алма мен саңырауқұлақты жасқсы көретін не?
Пі-пі-пі,
Тікені көп кірпі.
Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.
Орманда тұрады өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
Бұл не?
Олай болса, балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынымыз «Түлкі мен торғайлар» деп аталады.
Ойынның шарты: Бір бала түлкі болады, қалған балалар торғайлар, олар биік бөрене үстінде қонақтап отырады. Балалар торғайлар болып торғай жөнінде өлең айтып отырады.
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып-ап.
Бөтегесі томпиып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырады.
Торғайлар ұшып-қонып жүреді. Сол кезде түлкі келіп, оларды қуа жөнеледі. Ұясына жетпей түлкіге ұсталған торғайлар алаңда, ортада қалады.
Логикалық ойын: «Аңдарды топтастыр»
Мақсаты: Балаларды аңдарды ажырата отырып, оларды топтастыра білуге үйрету.
Ойын шарты: Балалардың қолдарына жұмсақ аңдар беріледі, балалар қолындағы аңның жүрісін көрсетіп, топтастыру керек. Балалар таңдана қарайды.
Балалар ойынның шарты бойынша аңдардың жүрісін салып, топтастырады.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?
Орманнан біздер не көрдік? Қандай аңдармен таныстық?
Сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Өте жақсы, балалар, сендерге көп рахмет. Орманға
Аңдарды көрдік.
Аю, түлкі, жолбарыс, тиін, маймыл, кірпі.
Ия, ұнады.Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Аңдарды бір-бірінен ажыратып, атай біледі.
Баланың меңгеруі: Жабайы аңдар туралы жұмбақты шеше білуді , олардың жүрісін салуды меңгерді.
Баланың жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс-әрекет жасай алады.
- Aidana
- 15 марта 2015
- 1402
- 0



