Атырау облысы. Қызылқоға ауданы.
Миялы селосы.
«Жасұлан » балалар бақшасы.
Тәрбиеші׃ Телманова Әсия.
Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық».
Мақсаты: Денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі-құралдар: Нақыл сөз жазылған плакаттар, дыбыстар, үнтаспа, суреттер, шарлар, балалардың бастарына киетін атрибуттар,қол шатыр.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттықтыру, ойнату, мадақтау, қорытындылау.
Сабақтың барысы: Балалар залға сап түзеп музыка әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Қадірлі қонақтар, жарқын болашаққа кең қадам басқан бүлдіршіндер «Денсаулық мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығына қош келдіңіздер!
Сәлем сөз анасы демекші, ал балалар алдымен алтын күнмен, ашық аспанмен жәнеде қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Салем бердік, жер ана,
Сәлем бердік баршаңа.
- Балалар қонақтарға иіліп сәлем береді.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
- Көктем.
- Далада күн суық па, жылы ма ?
- Жылы.
- Көңіл-күйлерің қалай ?
- Жақсы.
- Бүгін аптаның қай күні ?
- Бейсенбі.
- Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші: Денсаулық дегенді қалай түсінесіздер ?
Балалар: Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.
Тәрбиеші: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?
Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?
1-бала: Дені саудың-жаны сау.
2-бала: Денсаулық-зор байлық.
3-бала: Тазалық-денсаулық кепілі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын.
- Балалар, мен сендермен қызықты қимылды ойындар ойнағым келіп тұр.
- Қане ойнайық.
Ойын: «Көжектер мен түлкі»
Мақсаты: Балаларды аңғарпаздыққа, қушылыққа баулу.
Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет пердесін кейіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізушісі: Көжектерім тұршы,
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Жалаңдаған қу түлкі,
Келіп қапты орманға.
Көжектерің қайда деп,
Қуып келді соңынан.
Көжектер ән ырғағымен секіріп қаша жөнеледі, түлкі қуады.
Ойын: «Айдаһардың құйрығы»
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға,ауыз біршілікке жетелеу.
Ойын шарты: Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады.Ең бірінші тұрған адам - «айдаһардың басы» оның мақсаты – ұстап алу, ең соңғысы – «құйрығы» оның мақсаты ұстатпау.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Ойын шарты: Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады.Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып, тығылады.
Ойын: «Айдарлы-мекиен тауық»
Ойын шарты: Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді.Бір бала мысық болады.Мысық шеттеу тұрған орындықта отырады.Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Тәрбиеші: Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
« Кетпеңдер ұзап, балапандарым,
Қыт-қыт », дейді ауық-ауық.
Мысыққа жақындап келіп, тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында,
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам ойында,
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзін ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашқан соң балапандарды қуа жөнеледі.Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: « Кет мысық, балапандарымды саған бермеймін ! », дейді.
Тәрбиеші: Келесі ойынға көшелік балақандар.
Ойын: «Бақалар»
Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен бақа сияқты секіреді, жүреді, дауыстайды.Бақалар көлшіктен секіредіде жүресінен отыра кетеді.Ойынға 12 бала қатысады.
Ойын: «Торғайлар мен машиналар»
Мақсаты: Балаларды әр бағытта жүруге, жүгіруге, бірін-бірі итермеуге, өз орнын табуға, тәрбиеші белгісімен жүруге үйрету.
Ойын шарты: Балалар бөлменің бір жақ бөлігінде отырады (мынау торғайлар). Тәрбиеші ортаға шығып өзі жүргізуші болып ойнайды. Тәрбиешінің белгісі бойынша құстар жолға ұшып шығады (дән жеп қыдырып жүреді). Тәрбиешінің белгісі бойынша құстар ұясына ұшады.
Қорытындылау.
- Балалар сендерге қимылды ойындар ұнадыма ?
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Денсаулық-мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды.Аспанымыз ашық,деніміз сау болсын. Сау болыңыздар.
- Асия Телманова
- 24 февраля 2015
- 2935
- 0





