«Әмбебап тәрбиеші» байқауы
Мақсаты: Тәрбиеші педогогтардың өз мамандығын шыңдай түсуге,еңбекке деген құлшынысын арттыру. Байқау кезінде әр тәрбиешінің еңбекке деген құлшынысын арттыру. Байқау кезінде әр тәрбиешінің ой деңгейі, ізденімпаз, шығармашылық қабілеті, эстетикалық талғамы өнерге деген қызығушылығын байқап ,бағалау.
Жүргізуші: Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығын.
Мінекей келіп жетті
Әмбебап тәрбиеші сайысымыз
Тәрбиеші ұстаздар сынға түсті,
Қол соғып қошеметтеп, отырмыз біз.
Байқауға қатысқалы отырған «Ақбота » балабақшасының тәрбиешілерін ортаға шақырамыз. /Сайыскерлер ортаға шығады/.
1 кезең: Тәрбиешілер өздерін таныстырады.
2 кезең: «Таңдаулы сабақ» ( сол жерде жоспар жазу)
3 кезең: Порфолио: (таныстыру)
4 кезең: Логикалық,ситуациялық сұрақтар
5 кезең: Тест сұрақтары
6 кезең: Менің хоббиім
7 кезең: Өнер
(Сайыс кезеңдері слайд арқылы көрсетіледі)
Тәрбиешілер ортаға шығып нөмір суырады.
«Әмбебап тәрбиеші» сайысы аяқталып келеді. Әділ қазылар алқасы
Тәрбиешілердің біліміне,іздену жұмыстарына байланысты қортынды шығарады.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер ! Бүгінгі байқау өз мәресіне жетті.
Алдағы уақытта да Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз. Сіздерге диплом тапсыруға рұқсат етіңіздер.
№ 1
№2
№ 3
№4
№5
Тәрбиешілерге тілек!
Тынымсыз өткен күніңмен,
Ұйқысыз өткен түнімен.
Санасына шәкірттің
Білім нәрін сіңірген.
Ұстаз алдын көргендер,
Заман көшіне ергендер.
Абыройын асқақтат
Орнын әркез төрден бер!
Тәрбиешілер ұстаздар алдағы уақытта аудандық, облыстық сайыстарда биіктен көріне беріңіздер. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
- Гулмаржан
- 2 декабря 2014
- 4120
- 0




