Цирктегі аттар
Цирктегі аттар
Әжібаева Нұрлыгүл
«Ақбота» балабақшасы

Білім саласы :« Денсаулық»
Ұ.о.і.әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Цирктегі аттар .


Мақсаты: Тәрбиеші белгісі бойынша біртіндеп доғаға тимей 3 доғаның астынан еңбектеп өтуге үйрету.Ұсақ сезім мүшелерін дамыту. Қимыл-қозғалыс сапасын,ептілік,шапшаңдық,икемділік қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әр балаға жалаушалар, 3 доға, үлкен текшелер,
Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын.

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Қонақтармен амандасу. Цирктегі жануарлар туралы әңгімелесу. «Цирктегі аттар» саптізбекте тұрып бірінің артынан бірі аяқтың ұшымен жүру,тізені жоғары көтеріп цирктегі аттардың жүрісін салу.Жаттығулар жалаушалармен өткізіледі.
Жан-жаққа шашырап жүру мен жүгіруді ауыстырып отыру. Балалар шаттық шеңберінде тұрып амандасады.
Тәрбиешінің тапсырмасын
Дұрыс орындауға талпынады.


Топтың барлық көлемінде жүруге және жүгіруге тырысу.Балалар педагогке қарап тоқтайды.

Ұйымдастыру-
шылық-
ізденушілік Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ:
1 Өздігінен уқалау.
Бір,екі,үш,төрт,бес !
Барлық саусақтар ұйықтағысы келді,
Мына саусақ төсекке жатты,
Мына саусақ ұйықтап кетті,
Мына саусақ ұйықтап қалды,
Мына саусақ шырт ұйқыда.
Тыныш,тыныш шуламаңдар!
Саусақтарды оятпаңдар,
Таң атып күн шыққанда,
Саусақтар оянды ұйқыдан
Алақай,саусақтар оянды.
2 «Саусақтар оянды»
Б.қ.аяқ сәл алшақ,қол белде.Қолды алға созып,саусақтарды қимылдату(жәй,шапшаң)
3 «Цирктегі аттар»Б.қ.аяқ қатар ,қол белде.Тізені жоғары көтеріп,оң,сол аяқты кезек көтеру,аяқты жайлап,байсалды еденге қою.5-6рет

4 « Малдас құру»
Б.қ. қолды артқа қойып тіреліп,аяқты созып,еденге отыру.Аяқы өзіне қарай тартып,малдас құру,бастапқы қалыпқа оралу 4-5рет.
5 «Шарт-шарт»Б.қ:аяқ сәл алшақ,қол төмен.Қолды алға созып,алақан соғу,жартылай отыру.,алақан соғу,тік тұрып түзелу,алақан соғу 5рет.
6 «Біздің сәбилер келеді»
Балалар қол ұстасып бірінің соңынан бірі тұрып,шеңбер құрады. «Жүр,атым жүр»қайталау, «Шапшаң жүр атым».Біздің сәбилер атпен келеді,атпен келеді,тізені жоғары көтеріп,аяқты табанға толық қойып басу.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.
-Бір –біріне соқтығыспай,бытырап жүру.
-Доғаның астынан еңбектеп өтіп,текшелердің арасынан жүгіріп өту.
Қимылды ойын: «Секір,шапалақта».
Ойын 3-4рет ойналады.

Жаттығулар өз бетінше орындалады.

Әр жаттығуды 4-5 рет қайталайды.

Саусақтарын ашып ,бүгіп жаттығулар орындады.

Аттар секілді қимылдар орындады.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындады.

Балалар тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.
Ойынға барлығы қатысады.
Рефлексиялық-түзетушілік Қимыл-қозғалысы аз ойын : «Балалардың тәртібі қатаң» Балалар тәрбиешінің соңынан жәй жүреді.
Өздерінің көңіл-күйлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жаттығуларды дұрыс орындауды,белгі бойынша бағытты
ауыстырып және шашырап жүруді және жүгіруді;
Түсінеді: «Секір,шапалақта» ойнының шартын;
Қолдана алады: Еңбектеуді және текшелер арасынан жугіру дағдыларын. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру