Қуыршақ Әйгерімнің туған күні.
Қуыршақ Әйгерімнің туған күні.
Қайрғалиева Бағдагүл
«Ақбота» балабақшасы

21.10. 2014 жыл.
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің туған күні.


Мақсаты: а) Балалар ойыншық туралы әңгіме құруға, өз ойларын толық
сөйлемдер арқылы жеткізе білуге үйрету.
ә) Әңгіме құрастыруды үйрету арқылы шығармашылықпен жұмыс
істеуге баулу.
б) Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.Эстетикалық талғамын
арттыру.
Сөздік жұмыс: қуыршақ, ойыншықтар.
Керекті құралдар: қуыршақ ойыншық, жұмсақ ойыншық- аю,қоян, резиналы
ойыншықтар,пластмассалы машина.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Ғажайып сәт: Тобымызға қуыршақ Әйгерім қонаққа келеді. Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады.
Ұйымдастыру- шылық –
-ізденістік
-Балалар, бұл не?
Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз.
-Балалар, бұл қуыршақтың есімі – Әйгерім.
Балалар, біз қуыршақтар туралы өлең жаттап едік қой, естеріңде ме?
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Интерактивті тақтаға алдымен қуыршақтың, содан соң бұзау, қозы, құлыншақтың суреттерін шығару /слайд арқылы/
Қол қимылымен көрсету.
Сұрақ – жауап:
-Балалар, қуыршақ неге жатады? Ыдыс аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға жата ма? Әлде ойыншықтарға ма?

-Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтар бар?
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап»
Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол ойыншыққа өздері мейірімді жылы сөз айтуы керек екенін түсіндіру.
Мысалы: балалар алдымен көздерін жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен біреуін жасырып, қандай ойыншық жоқ екенін тапқызу.
Ойыншық жасалуына қарай жүмсақ па, қатты ма? Әлде созылмалы ма? Ал сол ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың?
-Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен.
-Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?
-Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады?
-Кәне, шағын әңгіме құрайық.
Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» /тіл дамыту дәптері/
Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу.
Шарты: Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы, әңгіме құрау.
Мысалы: Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінің сүйікті тағамы – бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.
Сергіту жаттығуы:
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Балалар, біздер ойыншықтар туралы тақпақтар жаттаған едік қой, соларды естеріңе түсіріңдерші,кім айтып береді?
«Добым», «Қуыршақ» өлеңдерін жатқа айту. -Бұл – қуыршақ.
-Қуыршақ

Жаттаған өлеңдерін еске түсіріп, айтады.

Бұл -өлеңді қимылмен орындау.

Қолмен қимылдарын көрсету.

Қуыршақ ойыншыққа жатады.
Әр бала өздерінің ойыншықтарын атап өтеді.

Ойын шартын түсінеді.

Табылған ойыншыққа сипаттама беріп, мейірімді жылы сөз айтады.

-Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтарға қарағанда пішіні үлкен, түсі қоңыр.
Аю – жұмсақ ойыншық. Мен оны ұқыпты, таза ұстап ойнаймын.
Балалар өз ойларын білдіреді.

Балалар ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.
Дәптермен жұмыс жасайды.

Балалар, сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Балалар жаттаған өлеңдерін айтып береді.
Рефлексиялық - түзетушілік Әңгіме құрағанда толық сөйлем құру керек екені ескертіледі.
Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керек екендігін айту. Қорытындылау, мадақтау.
«Ойыншықтар» әнін орындап, сабақты аяқтау. Балалар педагог сөздеріне зейін қойып, орындауға тырысады.

«Ойыншықтар» әнін орындайды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың неден жасалғанын;
Игереді: толық сөйлем құрауды;
Меңгереді: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
«Бауырсақ» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

Қайрғалиева Бағдагүл «Ақбота» балабақшасы 24.01.2014 о.ж. Білім саласы: Қатынас Ұ.о.і.ә. : Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі...
Көңілді көктем

Көңілді көктем

Құмарбекова Рысалды Қызырханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК "№100 балабақша-бөбекжайы" Білім беру облысы:Қатынас,Таным,Шығармашылық...
Менің сүйікті ойыншығым

Менің сүйікті ойыншығым

Білім саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым» Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін дамыту. Жаңа әнді...
Құстар қанат қағады

Құстар қанат қағады

Тақырыбы: «Құстар қанат қағады» Мақсаты: Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту. Ән айту барысында мәтініне назар аудара білулерін және таза да...
Қазақстан – менің Отаным

Қазақстан – менің Отаным

Қазақстан – менің Отаным Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру