Бала тәрбиесі баршаға ортақ!
Мұханбетова Мөлдір
Бала тәрбиесі баршаға ортақ!

«Адамның жақса өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза –жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» -деген Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың сөзін негізге ала отырып, болашақ ұрпақты саналы да сапалы азамат етіп өсіру отбасы мен балабақшаның жауапкершілігін арттыра түседі.
Сәби дүние есігін ашқаннан кейін ең алдымен өз отбасымен танысады, өз отбасынан тәлім- тәрбие алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың отбасында көрген тәрбиесі өмір бойы баланың өн бойынан табылып тұрады. Отбасында көрген тәрбиені ешбір мектеп түзете алмайды. Біздің кішкентай сәбилеріміз болашақ бәсекеге қабілетті ұстаз, дәрігер, көшбасшы десек те болады.
М.Жұмабаевтың мынадай бір сөзі есіме түсіп тұр: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн». Сондықтан, ата-ана баланы болашақ заман талабына сай бағыт беріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесе дегім келеді.
Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады.Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық және көркем тәрбие , даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым- қатынас жасауға , қоғамдық өмірдің әдет дағдыларын игеруге бейімделеді.Іс - әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады.Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін -өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз.Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс - әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен даярығы үшін қолайлы кезең.Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға , өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін өзі таныта білуге, мінез құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу-тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Баланың инабатты, тәрбиелі, көзі ашық, отансүйгіштікке баулуға отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері бірге атсалысқаны жөн.
Сонымен қатар өсіп келе жатқан жас өрен қазақ халхының ықылым заманнан бері келе жатқан салт дәстүрін, әдет дағдысын ұмытпай келер ұрпаққа айтып жүрсе қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрі ұмытылмасы анық. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру