
Құмарбекова Рысалды Қызырханқызы
Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК "№100 балабақша-бөбекжайы"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
№4 «Бүлдіршін» естиярлар тобы
Тақырыбы:Қысқы жануарлар өмірі
жануарлар туралы мағлұматты,ертегіні сахналауды.
Тәрбиеші:Құмарбекова Рысалды Қызырханқызы
Білім беру саласы:Қатынас,Әлеуметтік орта
Бөлім:Тіл дамыту,көркем әдебиет
Тақырыбы:Қысқы жануарлар өмірі
Мақсаты:Қыс мезгілінің құбылыстары туралы білімдерін нығайту,қысқы жануарлар өмірі туралы білімдерін қалыптастыру.Қойылған сұрақтарға толық жауап беруін, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.Дыбыстық жаттығулар арқылы тілін дамыту.
Қоршаған әлемге,тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:жануарлардың муляжі,суреттері,кубик,бейнетаспа,компьютер
Билингвальды компоненттер: Қыс-зима,орман-лес,үй-дом,жануарлар-животные,
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы Әуен арқылы балалар топқа кіреді.
Шаттық шеңберін қимыл-қозғалыс арқылы айтады:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Бәріңізге амандасып,
Бас иеміз біз!
Тілек білдірту.
Орындарына отырғызу. Әуен арқылы балалар топқа кіріп, шаттық шеңберін құрады,өлең жолдарын айтады:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Бәріңізге амандасып,
Бас иеміз біз!
Бір-біріне тілек білдіреді.
Орындарына отырады.
Ұйымдастырушы-лық -ізденуші Сұрақ-жауап:
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдаршы?
-Қыс мезгілінде қандай табиғат өзгешеліктері болады?
Дұрыс айтасыңдар,айналаның бәрі аппақ болады,ауа да,жерде таза болады.
Компьютердан аңдар мен жануарлар суретін көрсету:
(Аттарын атайды,тіршілігін әңгімелейді.)
Қоян - жабайы аң. Оның құлағы ұзын. Төрт аяғы бар.
Қоян нені жақсы көреді?
Қоянның түсі қандай?
Қоянның баласын не дейді?
Аю - жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді .Оның басы, денесі, төрт аяғы бар.
Аюдың баласын не дейді?
Аюдың сүйікті асы қандай?
Аю қыс мезгілінде қайда болады?
Аюдың түсі қандай?
Қасқырдың сүйікті асы қандай?
Қасқырдың түсі қандай?
Қасқыр қайда мекендейді?
Қасқырдың баласын не дейді?
Түлкінің баласын не дейді?
Түлкі немен қоректенеді?
Түлкінің түсі қандай?
Түлкінің жүні әрі жұмсақ, тығыз болады. Жыл маусымына қарай өзгеріп отырады.
Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығуларын айтайық:
Ян - ян - секендеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбандаған аю
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр
«Кубизм » бойынша:
Қай аңның суреті шықса,сол туралы тақпақ ,жаңылтпаш айтады.
Кубикті санамақ арқылы домалатады.
«Ойлан,тап »
жұмбақ жасырсам,шешкілерің келе ме?:
1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қай жануар?
2.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Бұл қай жануар?
Дидактикалық ойын: «Топтастыр»
Мақсаты:жануарларды дұрыс ажыратып,топтастыра білу.
Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»
Мақсаты:Даусынан ажырата білу.
Билингвальды компоненттер: Қыс-зима,орман-лес,үй-дом,жануарлар-животные.
Сергіту сәті: Сұр қоян.
Ұзынқұлақ ,сұр қоян,
Естіп қойып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып,ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Сахналау:«Қоянның қайғысы»
Бетперде киіп ертегінің желісі бойынша сахналайды.
Мақсаты:дауыс ырғағын,желісін сақтай білулерін дамыту,көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.
Алдымен ертегіні еске түсіреміз:
-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
-Қоянға не болды?
-Қойлар қайтті?
Ендеше сахналайық.
Ойын: «Бұл ненің баласы?»
Мақсаты:Төлдерін дұрыс атай білуі.
-Қандай пайдасы бар?
Балалардың жауабы:
-Қазір қыс мезгілі.
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан айлары.
-Қыста аяз болады, су қатады, боран соғады,қар жауады, адамдар жылы киінеді.
Компьютердан аңдар мен жануарлар суретін көреді,аттарын атайды, тіршілігін баяндайды:
Сәбізді, шөпті жақсы көреді.
Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұры болады.
Көжек
Қонжық
Балық, балды, жеміс жидектерді жақсы көреді.
Аю апанда қыс бойы ұйықтайды
Ақ, қоңыр болады
Ет
Қасқырдың түсі көк, құйрығы ұзын, тісі өткір болады
Орманда, жазықтықта, таулы жерлерде мекендейді
Бөлтірік
Түлкінің баласын – түлкішек
Ұсақ жәндіктермен, тышқанмен қоректенеді
Қызғылт сары
Тіл жаттығуларын қайталап айтады:
Ян - ян - секендеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбандаған аю
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр
Тиін:
Мен тиінмін,тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа
Іші толы үйімнің.
Ақ қоян:
Ақ қоян-ау,ақ қоян,
Ұзынқұлақ,сақ қоян,
Қаша берсең орманға
«қорқағым» деп ат қоям.
Түлкі,түлкі,түлкішек...:
Қасқыр:
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды қориды.
Жаңылтпаш:
Мұз-тұз,тұз-мұз,бәрі де тұз бен мұз.
Қыста суық түсті,құлағымның үсті,үсті.
Жұмбақты шешеді:
Қой.
Түйе.
Балалар қолдарына жануарлар муляждарын алады да, топтастырады.
Жануарларды дыбыстауынан танып айтады.
Билингвальды компоненттер: Қыс-зима,орман-лес,үй-дом,жануарлар-животные.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды: Сұр қоян.
Ұзынқұлақ ,сұр қоян,
Естіп қойып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып,ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
«Қоянның қайғысы »ертегісін сахналайды.
-Қоян мен қой кейіпкері бар.
-Қоян қорқақтығына ренжіді.
-Қойлар қояннан қорқып кетті.
Ойынды бейнетаспадан көріп,атайды.
Қоян-көжек,қасқыр-бөлтірік,
аю-қонжық,сиыр-бұзау,түйе-бота,қой-қозы.
Малдардың етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнінен киім тоқимыз, терісінен киім тігеміз.
Аңдардың терісінен бағалы тондар тігіледі.Еттерінің емдік қасиеті бар.
Рефлексиялық-
түзетуші Дұрыс айтасыңдар,бұлардың бәріне қамқорлық керек,оларда ауырады,оларды да емдейді. Азайып бара жатқандықтан, аулауға тыйым салынады.
Не туралы айттық?
Кімге не ұнады?
Мақтау,мадақтау,сыйлық беру
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
Ән: «Қошақан» айтып,қайту Тыңдайды.
Сахналау ұнады,....
Қоштасады:Сау болыңыздар!
Әнмен қайтады.
Күтілетін нәтиже:Біледі:Қыс мезгілі туралы,ерекшеліктерін;
Игереді:көру,есту,түсіну арқылы әрекет жасауды;Меңгереді:жануарлар туралы мағлұматты,ертегіні сахналауды.



