
СӘЛЕМ, ЖАЗ! ЕРТЕҢГІЛІК.
«Сәлем,жаз!»
Ойыналаңымерекегесайшарлар мен жалаушаларменбезендірілгенересектобыныңбалаларықолдарына шар ұстап «Большой хоровод» әуеніменбилепкіреді. (4 қатарға тұрады)
Гүлазия:Қайырлыкүн , құрметтіата –аналар, қонақтар, балалар,бүгінгі «Сәлем, жаз!» мерекеміз құттыболсын!
Таңшолпан:Балалардың бақшасындабүгін той!
Жаз мезгілі келді оны біліп қой!
Балтөре:Алақай - ау, алақай,
Той тойлайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Кел, соғайық , балақай!
Дариға:Тақпақ айтып кезектесіп бір - бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.
Гүлазия: Ертеңгілігімізді ашу үшін балабақша меңгерушісі Халида Әлмерденқызына сөз беріледі.
Таңшолпан: Қараңдаршы , балалар , ауа райы қандай керемет!
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер?
Көбелек те , гүл де бір
Қызыл – жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт
Бау – бақшада барша жұрт
Саңқылдаған саз әні
Көлде құстың базары
Жидекпісіптолады
Бұлқайкездеболады?
Балалар: Жазда.
Таңшолпан: Дұрыс айтасыңдар. Мінекей, барлығының ең сүйікті мезгілі, жаз да келіп жетті. Айтыңдаршы, жаз мезгілін не үшін жақсы көреміз?
Ильяс: Жазда біз шомыламыз, күнге қыздырынып, күш жинап, өсеміз.
Б. Аяжан: Жазда біз туған жеріміздің әсем жерлерін аралап, демаламыз.





