Қостанай облысы Амангелді ауданы
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:Айгөлек Өткізген: Тулегенова Р.К.
Тақырыбы: Балапандар
Тақырыбы: Ертегідегі хан сарайы
Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық»
Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы су патшалығы
Тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Тақырыбы: Күзгі бақ, орман.
Тақырыбы: «Бірінші, екінші, жылдам, баяу, алыс, жақын»
Мақсаты: Конструктор ойындарынан ертегідегі хан сарайын құрастыру арқылы қиялдарын дамыту, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу, жауапкершілікпен қарап, тиянақты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: хан сарайының суреті және конструкторлар.
Билингвалдық компонент: хан – царь, ертегі – сказка, сарай – дворец.
Іс – әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Шаттық шеңбері:
Гүлдеріміз қызғалдақ,
Ашылады әдемі – ақ.
Желмен бірге шайқалып,
Мұрынға жақын апарып.
Бір иіскейік тамсана,
Хош иісі тамаша.
Балалар шеңберге тұрып, қолдарымен гүлдің суретін көретіп, жеңіл теңселеді, гүлді иіскеу ұимылын көрсетеді.
Іздену - ұйымдастырушы Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Сендер қандай ертегіні білесіңдер?
Жарайсыңдар балалар!
Сендер көптеген ертегі біледі екенсіңдер.
Ал «Алладиннің сиқырлы шамы» туралы мына бір ертегіге назар аударайықшы. Алладин тұрмысы төмен адам болған. Ол өз сүйген жарына қосылу үшін бай адам болу керек деп қыздың ата – анасы жасаған ұсынысты ол тез арада сиқырмен мынадай жер бетінде болмаған хан сарайын тұрғызады. Енді балалар бүгін біз құрастыру ұйымдасытырылған оқу іс – әрекетінде осындай хан сарайын конструкторлар арқылы тұрғызуды үйренеміз. Ал енді топтаса отырып бәріміз ынтымақты күйде хан сарайын құрап шығайық.
Балалар суретке қарап хан сарайын тұрғызып жатады. Балаларға хан сарайын тұрғызу бағыт – бағдар беріп отыру.
Сергіту сәті:
Күнге қарайық,
Шашымызды тарайық,
Керіліп, дем алайық,
Бойымызды жазайық.
Балалар өздерінің құрастырған хан сарайларын жайлы әңгімелеп береді.
Саусақ ойыны: «Торғай»
Мақсаты: Балалардың саусақ ойындары арқылы тілдерін дамыту.
Балалар ия деп шуласып жауап береді.
Аружан: «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек»
Айзере: «Түлкі мен қоян».
Жансұлтан: «Алладин», «Бауырсақ»
Балалар өздерінің білетін ертегілерін айтып отырады.
Балалар «Алладиннің сиқырлы шамы» атты ертегіні тыңдап отырады.
Балалар хан сарайын тұрғызу мақсатында топтаса бастайды.
Балалар суретке қарай отырып, ертегідегі хан сарайына ұқсас етіп конструкторлардан сарай тұрғыза бастайды.
Балалар шеңберге тұрып, бастарын жоғары көтеріп, күнге қарай созылып, қолдарын белге қойып сергіп қалады.
Торғай ойынында балалардың саусақтары бастың, қолдары қанат, алақандырын өздеріне қаратып, үлкен бармақтар өріледі, саусақтарды қозғай отырып жұмыс жасайды.




