1
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу,білігін қалыптастыру көзделген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы ,оған басшылық жасауы қажет. «Тәуелсіз ел-тірегі-білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі-білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.Ал бұл істің қайнар көзі білім ордасы-мектеп ,ал мектептің –жаны мұғалім. Олай болса ел сенген мектеп мұғалімі: «Оқыту дегеніміз-екі есе оқу» деген қағидаға сәйкес болуы шарт.Осы қағидаға сүйене отырып мен де әр түрлі бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерді оқып, салыстырдым. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды қажет етеді. Оқытудың дәстүрлі түрінен басқа форма бар ма екен? Оқушыда неге білім алсам деген ой бірінші емес? Оқушыны неге баға үшін оқиды? деген сұрақтар мазалады. Сонымен қатар оқытуды жазу түрлерін меңгерсем, жаңа әдіспен жұмыс істесем,ерекше формамен таныссам деген құштарлығым басым болды. Ол жаңа тәсіл –балаға жазба тіл дағдысына үйрету. Бұл әрекеттің жаңа тәсілінің мәні, жаңалығы мынада: бала психологиясының мектепке дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз бірізді жалғастырып алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазба тілін дамытып,сшығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз салу және әрі қарай дамыту.«Тіл дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды».Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды және күрделі мәселе. «Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы ». Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары,сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келді. Шын мәнісінде,әдебиеттерді зерттей келе, осы кезеңдер арқылы ғана баланы жазба тілде үйретуге болмайтындығына көзіміз жетті.
2
Бұл жөнінде профессор Т.Тәжібаев: «Жазба сөзді жақсы білу үшін психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек»-десе, Л.С.Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау керек»-дей келіп,әрі қарай осы күнгі қолданып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жолына жатпайтындығы туралы:»....тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды,оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Ғалымдардың « жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек », жазба тіл дағдысына үйрену қажет» деп отырғандары баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл.Себебі,онда рухани-адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады.Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды.Сондықтан жұмысты дұрыс,сауатты атқаруға бірден үйрету керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық –ол бәрінен бұрын міндеттерді шешеудің шығармашылық жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек. Жұмысқа үйрету кезінде мына ережелерге сүйенгені дұрыс. [Б.с.о 5/12.2012 ж ] 1.Оқушы, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек, шығармашылық тапсырманы оқу барысында игерген біліміне сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп беру керек. 2.Тапсырылған шығармашылық жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу топтастыру оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Нақтылы бір істі атқаруда шығармашылық қиялды үстірт пайдалануға жол беруге болмайды. 3.Бастауыш сынып оқушылары көп жағдайда шығармашылық жұмысты сауатты атқара алады.Сондықтан мұғалім тапсырманы біртіндеп күрделендіре отырып , негізгі үлгіге байланып қалмай мөлшерлете орындатып отыруы шарт.Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында тағы бір жеке-дара мақсатты да алға қою мүмкінддігі бар.Ол-баланың іс-әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Шығармашылықпен жұмыс істеудің нәтижесін келешекте өзінің икем қабілетін сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Осы мақсатты пайдаланып сабақта әр оқушы шығармашылық қоржын жинақтайды. Шығармашылық қоржынға оқушы өзінің, өтірік өлеңдер,қиялдарынан шығарған ертегілерін топтастырады.Тиянақты шығармашылық жұмыс жүргізіп отырған оқушылар мұғалім тарапынан марапатталып отырады. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.Ол балалардың ойланын дамыту туралы «Ойлау жанның өте қиын терең ісі »деп атап көрсете келіп,тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
3
Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты- оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық ,есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға,жазуға дағдыландыру,кітап оқуға қызығушылығын арттыру,ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады.Осы мақсатты шешу үшін,сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек.
- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принципттерін басшылыққа алу;
- сөйлеу тілінің дыбыстық,ерекшеліктерін меңгерту,яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету:
- буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;
- дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;
-жазудың талаптарын орындату;
-балалардың сөйлеу тілін,байланыстырып сөйлеуін дамыту.[ Б.м №22013]
Әріпті жаза білуге үйрету емес,оның әрбір элементін дұрыс сақтауға,оңға қарай біркелкі көлбеу,таза,анық жазуға машықтандыру.Көркем жазу-адам өмірінде әсемдік пен сәнділікті сақтаудың,оны жетілдірудің бір жолы.Соның ішінде оқушылардың жазуына каллиграфиясына тоқталатын болсақ,ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады.
Сауат ашу-аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнднлікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.Әдетте,мұғалім жалпы жазу жұмысын ,оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды.Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.Оқушының жазуын елемеу деген сөз емес.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда,оның сауаттылығын арттыру керек.
Осы талаптарды орындау негізінде оқушылардың көркем жазу дағдысы қалыптасады. Әдемі жазу-өнер.Таза , анық әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады.Таза,әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке,тың
ғылықтылыққа үйретеді.[ Бастауыш білім №6 2010ж]
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу қажет.
Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады.Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлеріне ,оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану керек. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды,логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру,графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін орындалатын жаттығу түрі:
5
«Басып жазу» жаттығуы. Дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді,ал оқушылар үстін басады. Әр түрлі зат бейнесін,геометриялық фигураларды «штрихтау» баланың қолын жаттықтырады, сөйлеуі мен ойлауын белсендіреді.
қолын жаттықтырады
сөйлеуге белсендіреді
ойлауға белсендіреді
штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін,
құрылысын, жазықта орналасу қалпын еркін қабылдап ұғымдарды меңгереді.
Сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді.Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады.Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену.Біріншіден,неше элементтер тұратыны.Екіншіден ,ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеру.Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды «үзбей жазуға» дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде бітіп,әрі қарай келесі элемент жалғасады.Үзбей жазуға жаттығу жұмыстарын жүргізетін жаттығулар.[Б.с.о №33013ж]
Бұл кезеңдерде «Несімен ажыратылады?»жаттығуы.
а)
ә)
б)
бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте,бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді.Ал келесі жаттығу «көз» бен «қолдың» бір бағытта жұмыс жасауын қалыптастырады.
2 2
1 3 1 3
Көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз екінші нүктеде ,қол да жоғарыда, көз үшінші нүктеде,қол төменде. Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретсе, «бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.
6
Көркем жазу дағдыларын қалыптастыратын мынадай жаттығуларды ұсынуға болады: « Әріпті тап » жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.
Мысалы: О ,II , .
« Ғажайып алаң» ойыны.Тақтаға сөз жасырылады.Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да,ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.Мысалы: бүтін құрсау мен оңға иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әрпі екенін табады. Енді сөзімнің соңында оқушыларды әдемі жазуға қалыптастырумен қатар шығармашылығын арттыруда жазу жұмысын бастарда жұмбақтар мен өлеңдермен бастасаң әсерлі болар еді. Мысалы, дәптермен жұмыс жүргізерде:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық,-
деп оқушыларды әдемі етіп жазуға баулу керек. Ойлау қабілетін дамыту мақсатында жазудан бұрын жұмбақтармен бастауға болады. Мысалы:
« Өзі таяқ тәрізді,
Алуан түсті әрі ізі. «Ол не?
«Алса бала қолына,
Сурет салар жолына»,-
деп жұмбақты шешкізіп, әдемі,әрі сауатты жазуға үйрету,қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті болу керек.[Б.с.о №4 2010ж]
Оқушылардың сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі.Бала сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды.Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп,олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет.[Баст сынып оқыту 6//2010ж] Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да біледі. Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі.Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге,сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп,әрбір сөз,сөйлемді дауыстап оқытып,оны іштей қайталатып,естеріне сақтап жазуға үйрету қажет. Бұл, біріншіден, баланың есту
7
қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден,сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға,үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты,қатесіз жазуға көмектеседі.Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып,жазған сөздерін,сөйлемдерін өздеріне,қатар отырған қасындағы балаға тексеремін. Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып,сауатты жазуға талаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады. Әріп (1-сыныпта) буын,сөздік диктантын орынды жүргізіп,онда жіберген қателерін қайталап жаздырып,сол сөздерді қатыстыра отырып,сөйлемдер құратып астын сыздырамын.Оушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі-сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану. Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап,есінде ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп,солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.
Мысалы, «Есіме жаттап сақтайын» ойыны.
Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен-тый-бұлар түбірлестер. Оған мысал: Сыйға-сый. «Көзің ауырса,қолыңды тый»,қалған сөздерде жалаң «и» жазылады.Егін , шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи. деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін «и» жазылуына ерекше тоқталған дұрыс.
Я әрпіне жүргізілген ойында и+а =я; қоян,аяқ,таяқ,аяз,т.с.с құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту,осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды,екі буынды,үш
7
буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді. Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп,олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере,шөбере,аға,әпке,сіңлі, нағашы т.с.с сөздерін жаздырып,талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.
Мақсатым оқушыларды сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді,тақпақтарды жатқа жаздыртып,сауаттылығын тексертіп отырамын.
Кейбір жағдайларда оқушылар қосарланған дыбыстарды жасауда көптеген кемшіліктер жібереді. Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізген дұрыс деп есептей
мін. «Қайсысы дұрыс?». (Қате әріпті белінен бір сыз)
Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге,әр түрлі тақырыпқа байланысты алынады.
Мысалы,Аттан биік.Қойдан аласа. ( ертоқым)
Бұралып қос құлағы,
Күмбір қағып тұрады. ( домбыра)
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа. ( он екі ай,отыз күн)
Өрнектеп,сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?(тігінші)
Тілі бар,үні жоқ,
Сөйлеп тұрар ішінен.
Көзбен шалсам бір рет-
Не дегенін түсінем ( кітап)
8
Қос батыр қатар тұрса да,
Бірі үлкен ,бірі кіші-
Бес туысқан бірге ісі. ( саусақтар)
Жұмбақтарды қызыға жаттау,оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ сақталады ,екіншіден ,сауаттылыққа үйренеді, әрі ойы дамытылады,дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады. [бастауыш білім № 2 2010ж]
Сонымен бірге сауаттылықты арттыруда мақал-мәтел және жаңылтпаштарды жатқа жазудың да үлкен көмегі тиеді деп есептеймін.Мен өзім әр сабақта және қосымша жұмыстарымда көбірек қолдануға тырысамын.
Мысалы: Әдептілік ,ар-ұят-
Адамдықтың белгісі.
Адалдан зиян жоқ,
Арамда иман жоқ.
Бірлік болмай-тірлік болмас.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Кітаптың бағасы арзан,
Іші толған маржан.
Тілін дамытып ,есте сақтау қабілетін артырып ,сауатын жетілдіруге жаңылтпаш жазудың да өзіндік пайдасы бар деп ойлаймын.
Мысалы: Алма бар,
Алма барда,
Алмұрт алар ма?!
Алмұрт алма,
Алма ал.
....... ......
Қазанда шұжық жүр,
Үш шұжық жүзіп жүр.
Шұжықшыл Жүсіп жүр,
Шұжықты сүзіп жүр.
..... ..... ......
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та-қырық,
Құрық та-қырық.
Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып,сөйлем құратып,қатесін түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыру керек. Әрі таза, көркем,сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету,салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді. Оқу мен
9
жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді. Оқу мен жазудың негізі-ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым орфографиялық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалыптасуы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден құралады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау, дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу,бейнелеу.Басқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады.Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді.Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.
1.Жазуға үйрету,партаға отыру,қаламды,дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады.Жазу кезеңінде жарық баланың сол жағынан түсу керек.
2. Жазу үлгісі №1 дәптерде әліппеге дйінгі кезеңде арналған баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп ,дайындау үшін тапсырмалар берілген ,сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.Жазу үлгісі дәптерімен толық танысқаннан кейін оны партаның,үстелдің үстіне 30 градус бұрыш жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлу.
4.Жазу үлгісіндегі әрбір әріптің жеке элементтерін жазғызып,одан соң ол әріптің баспа түрін тұтастай жазуға үйретіледі.
5.Әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.
6.Жазу үстінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі ескертіліп,
тақтаның жанында ілулі тұрғаны жөн.Сонда ғана баланың жазуы жақсы,әдемі
болады.
7.Жазуға үйрету сауат ашу кезеңі аяқталғаннан кейін де жалғаса береді.
Бұдан шығудың жолы-балаға жазба тіл дағдысын үйрету.Оны сызба бойынша былай көрсетуге болады.
Балаға жазба тіл дағдысын үйрету
Жазба тіл Ішкі ойлау
тәсілі дағдысы
Баланың алғашқы символикалық жазуы-пиктографиялық жазудан (заттың суретін салу арқылы жазу)одан кейінгі екінші символикалық жазуы-идеограммалық жазуға (сөздің,ойдың суретін салу арқылы жазу) көшіру процесі жазу механизміне үйретеді. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың
10
мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына ,тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады.Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарылайды.
Өйткені, Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан мұғалім,
Бала болып ойлайды,-дегендей,
«Мен бала болуды үйрендім».Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады,онымен бірге қуанады,қиналады,армандайды,
қиялдайды, жағымды жағын алады.Қазақ тілі бағдарламасы бойынша сауатты жазу дағдысы 1-сыныпта басталады.Оқушылар алғашқыда сұраққа дайын сөздермен жауап берсе,кейін сұрақта жоқ сөздерді қосуға төселеді. 2-сыныпта бастап жоспар арқылы жазуға төселеді.Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізіге қиналады.Ал,кейбіреулері ойын ашық жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады.Суреттермен жұмыстандық.Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселдік.Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру,автордың ойына өз ойларын қосу,мәтінді жалғастыру,кейіпкерге сипаттама беру,өзіндік көзқарастарын білдіру,авторға хат жазу т.б.арқылы шығармашылығын арттырып,қызықтырып отырдым. Мақсатым: оқушылардың жазба тілінің дамуына ықпал ету.Егер дәстүрлі оқыту баланы жаттауға,есте сақтауға үйретсе,ал дамыта оқыту баланың дербес жұмыс жасауына ,алған білімін өмірде пайдалануға үйретеді. Жазу нақтылыққа баулиды. Жазу ойды жүйелейді.
Адамның қабілет ерекшелігіне,психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Жазуға қызықтыру маңызды. Дәстүрлі жазба жұмыстарында оқушы ойын нормадағы сөз санына сыйғызады.Еркін ойын жазу шектеледі.Мәтінге өз ойын қосқанмен ,дәлелдеуге дәрменсіздеу.Сөздік қорындағы сөздерді пайдалану жолдарын біле бермейді.Өз-өзіне сене алмады.Кейбір қиындық заман талабына туындайды. Орта балаға әсер етті. Жаңашылдыққа ұмтылуды мақсат етті. Сауаттылыққа талап күшейді. Ой әсемдігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделеді. Оқушы өзі қызыққан дүние туралы жазады. Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылады. Жазу барысынды көптеген идеялар туады. Жазу «ептілік шеберханасы» деп аталады.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.
Оқушы әрекеті:
1.Өз ойын еркін жазу.
2.Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
12
3.Бірлесе әрекет жасау.
4.Өз әрекетін талдау.
5.Өз мақсатын анықтау.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі.Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Оқушылардың жауын қадағалап отыру қажет.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда ,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескерліп, қазақ тілі бойынша баға ішіне көркем жазу бағасы да есептеледі.
Қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті- оқушыны әдемі жазуға,әрі сауатты жазуға үйрету.
Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
1).Әріптерді дұрыс жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
2).Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
3). Балаларды жазу жұмысын өте ұқыпты,мұқият қарауға жаттықтыру.
Тақтаға,дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу пайдалы.Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астын сыздырып,талдау жүргіземін.[Б.м № 2014 ж]
Күнделікті сабақта оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе,онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз,сөйлем жазылған таблица,суретті карточка,сюжетті суреттер, дидактикалық материалдарды пайдалануға көңіл бөлемін.
Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын.Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.Бұл бас әріп,кіші әріп түрі мен тұлғаларын,әріптің баспа түрі мен жазба түрін білмеуінен болады. Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.
Мысалы: кейде ұ әрпін ү, ы немесе і,о әрпін ө,т әрпін д,с-ны ш,ң-ды н деп айтады.Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді.Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай,келесі сөйлемді бас әріптен бастамай,жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды.Қатенің бір түрі сөз мағынасына дұрыс түсінбей жазудан болады. Мысалы: «тастама » сөзін « тыстама » ,«кішкентай » сөзін «киттей», « ештеңе» сөзін « іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету,бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кету жиі кездеседі. Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.
1. «Біріккен сөз»тақырыбын өткенде күнбағыс,итмұрын,асқабақ сияқты өсімдіктердің аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынша
13
ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып, біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.
2. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор.
Мысалы: дана-данышпан,ақылды,білімді т.с.с. қару-жарақ-мылтық,найза,қылыш т.с.с
3.Мәнерлеп оқу-сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.
4.Оқушылардың қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып,оны орнына қойып,үйлестіріп жазу,берілген сөздерден сөйлем құрап жазу,сұрақтарға толық жауап жазу сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.
5.Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама,шығарма, диктанттардың пайдасы зор.
Диктанттың түрлері көп.
Бақылау
Еске сақтау Сөздік
Көру Терме
Өздік Графикалық
Есту
Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі.Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып, астын сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды қатесіз,сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады. Қорыта айтқанда ,сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып,жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем,қатесіз,сауатты жазу-өнер.
« Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсам, қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндетіміз-жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу,мектепткен 14
14
шыққан шәкіртті өмірге даярланған азамат,жеке тұлға етіп тәрбиелеу. «Адам ұрпағымен мың жасайды»дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығы арқасында адамзат баласы мың ғана емес,миллллллиондаған жылдар бойы жасап келеді.Олай болса,мың жасайтын ұрпағымызды еліміздің шыңы етіп тәрбиелейік! Қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға дұрыс сөйлеуге жаттықтыру-сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету-әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты.Әдемі,әрі сауатты жазуға үйрету,қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті болу керек. Қазақтың ғұлама ақыны Абай атамыз айтқандай:
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-
деп бала бойына білім нәрін жалықпай іздену барысында шығармашылықпен бере білсек олар биіктен көрінер еді демекпін.
- Дина Бисембайқызы
- 21 декабря 2014
- 17603
- 0




