
]Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің
7-сынып оқушысы Жайлы Бибарыстың шығармасы
Пән мұғалімі – Нурекешова Айжан Шорсовна
Шығарма тақырыбы: «Ғаламның жеті кереметі менің көзіммен»
Бибарыс сынып үздігі. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қызығушылығы жоғары. 7-сыныпта оқыса да оқушының ойлау деңгейі, сөз саптауы әлдеқайда жоғары. Бибарыстан болашақта өте жақсы азамат шығады деген ойдамын.
Керемет сөзінің мағынасы – «ғажап», «ғаламат» деген мағынаға келіп саяды. Менің де өз түсінігімдегі кереметтерім бар. Атап айтатын болсам:
1. Қазақ ұлты. Мен үшін қазақтан халқынан асқан керемет жоқ. Қазақ халқы – өр рухты, адал, сөзге шешен. Олар басынан қаншама қиындықтарды өткерді. Бірақ, ешқашан мойығанын, жасығанын көрсеткен жоқ. Ендеше, осындай елді қалай кереметтің қатарына қоспауға болады?!
2. Ата – ана. Олар әрқашанда Отаныммен, еліммен егіз ұғымдар. Ана – біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп, жылағанды жұбатып, қуанғанда жанымыздан табылар ғажайып жан. Ал, әке – біздің қорғанымыз, отбасымыздың тірегі. Әрдайым бізді тәртіпке шақырып, дұрыс жол көрсетуші тұлға. Менің екінші кереметін осы жандар.
3. Бірлік. Қазақ халқы «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп тегін айтпаған. Ахмет Байтұрсыновтың «Аққу, Шортан һәм Шаян» өлеңің оқи отырып, ауызбіршіліктің ауадай қажет екендігін ұғындым. Бастаған жұмысымызды соңына дейін жеткізіп, ұйыған ұлт болуымыз үшін бірлік керек. Бұл менің – үшінші кереметім.
4. Тәуелсіздік. Кезінде ата-бабаларымыз құлдықта өмір сүрді. Бірі – жоңғарларға, бірі – немістің қолынан қаза тауып, тіпті сүйегі де жерленбей қалған жандар бар. Ал, біздің киіміміз бүтін, тамағымыз тоқ, ешкімге алақан жаймай, шуақты өмір сүрудеміз. Бұл төртінші кереметтің арқасы.
5. Табиғат. Табиғат бізге бәрін береді. Ауа, су, тамақ, киім. Жаныңа қажетті нәрсенің бәрін табиғаттың алуға болады. Айналама бір көз салса , жайқалған жапырақ, айналаң үлкенді-кішілі таулар, көкжиектен күлімдеп тұрған күн. Міне ғажайып деген осы болар?!
6. Отан. Туған жер. Әр адамға қоқыс арасында дүниеге келсе де, жер бетінде дүниеге келгені бақыт. Ал , менің ше? Менің керемет Отаным бар. Қазақстандай даласы байтақ, халқының пейілі кең, қонақтай елде туғанымды неге мақтан етпеске?! Міне менің кереметім деп кеуде кере айтпасқа?!
7. Қазақ тілі. Өз ана тіліңде сөйлегенге не жетсін?! Қазақ тілі – барлық жер бетіндегі тілдердің ішіндегі сөздік қоры мол, тынысы кең тіл. Кейбір қазақтардың өзі тілімізді дұрыс сөйлей алмағандығы қынжылтады. Бірақ, менің сенетінім, қазақтай ел барда, патриоттық рухы жоғары ерлеріміз барда қазақ тілі кенже қалып, өз тұғырынан түсе қоймасы анық.
Міне, мен үшін керемет нәрселер.



