Ана тілі туралы шығарма
Ана тілі туралы шығарма

Ана тілі туралы шығарма
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы
Н. Назарбаев


Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

Біз – келешек еліміздің айбыны,

Біздің қолда тіл мен ұлттың байлығы!

Тіл – тиексіз болашақтың тірегі,

Бізге аманат Тәуелсіздік тұғыры!

Балапанова Бану,
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бығытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7"В" класс оқушысы
������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай...
Ана тіліңді құрметте

Ана тіліңді құрметте

Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай,...
Ең бірінші бақытым – тілім менің

Ең бірінші бақытым – тілім менің

Ең бірінші бақытым – тілім менің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс – шара Ең бірінші бақытым – тілім менің (Танымдық сағат)...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, с«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп...
Аттестация материалдары 2

Аттестация материалдары 2

Мақсатым: Ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып, оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге    үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру