
Ғаламтор, интернет махаббат болуы мүмкін бе?
Ғаламтор, интернетте махаббат болуы мүмкін бе? Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда жиі айтылып жүрген сауал. Біреу желіде шынайы сезім бола алады десе, біреу мұны мүлдем жоққа шығарады. Бұл сауал қалай пайда болды?
Менің ойымша мүмкін емес. Ия, виртуалда танысып, ары-қарай қарым-қатынастарын реалда дамытуы, жалғастыруы мүмкін. Алайда виртуалда танысып, виртуалда бірін-бірі жақынырақ танып, жақсы көріп, виртуалда жүре бастау т.с.с мүмкін емес деп ойлаймын. Ол жай ғана қызығушылық болуы мүмкін, бірақ нағыз махаббат бола алмайды. (Бұл менің жеке пікірім)
kupidonchik*
Мен өз басым интернет арқылы танысып, кейін кездесіп, отбасы құрыған бірнеше адамдарды білем.
m.virus2013
Ғаламтор пайда болғаннан кейін мыңжылдықтар тоғысы 2003-2004 жылдары ақпарат алмасу мен танысудың мүлдем жаңа түрі әлеуметтік желілер пайда болып, жылдам қарқынмен дами бастады. Уақыты тығыз адамдар ағылысқан нарық заманында бұл өте тиімді көрінген. Бірақ та әлеуметтік желілер мен танысу сайттарына адамдар «құл» болғандай. Жүзбе-жүз көрісудің орнына желіде сұхбаттасу әдетке айналды. Адамдар интернетте танысып өмірде бір көрмеген адамға ғашық болуға дейін жетті. Мұндай жолмен адамдар арасында сезім пайда болуына сену қиын. Бірақ та дәл осылай танысып, отбасы құрып жүргендер де бар, жоққа шығара алмаймыз. Бармаған қалаларға, өз көзімізбен көрмеген жұлдыздарға да көгілдір экранның бер жағынан ғашық болып жүрміз ғой. Мүмкін желіде ұлы сезім махаббаттың бар болуы рас шығар.
Мен виртуалды өмірден шын өмірді дұрыс көремін. Желіде еркін сөйлесетін адамдар көзбе-көз дұрыс тілдесе алмайтыны бар, тіпті сөйлеу қабілеті мен батылдығын жоғалтқандай.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – ғаламторда махаббат болуы мүмкін, бірақ желіде хат жазысу зиянды. Егер жалғыз болсаңыз, дәл қазыр таза ауаға серуендеуге шығыңыз, мүмкін тағдырыңызды жолықтырарсыз. Ол адамды ВКонтакте, Facebook, Instagram желілерінен іздегенше жүзбе-жүз танысып тіл қатуға батыл болғаныңыз дұрыс!
айдос
Виртуалда таныстың ба, әлде реалда таныстың ба маңызды емес. Бастысы бір-бірін түсінісе білу. Виртуалда танысу заман талабы сияқты. Мен қазір басқа қаладамын, күніне 2 мезгіл көшеде серуендеймін, бірақ жаныма жақын қыз таппадым ))
Meddi
интернет арқылы ұнатуың мүмкін. бірақ ғашық болу мүмкін емес. кейін жақын араласа келе ғашық болмасаң.
zhanar996
Сұрақ-жауап сайтынан
Сұрақ-жауап сайтынан


