Бір ғана оқушысы бар мектеп
Бір ғана оқушысы бар мектеп

Бір ғана оқушысы бар мектеп
Қытай елінің ауыл мектептері үлкен бір мәселеге душар болды. Соңғы кездері мемлекеттегі ауыл мектептері жылдан жылға азайып, жабылу үстінде.

Мұның бірден бір себебі ауыл тұрғындарының қалалы аумақтарға үдере көшіп жатқандығы. Жергілікті ауыл адамдары ірілі-ұсақты қала орталықтарына жарқын өмір мен тұрақты жұмыс орны табылып қала ма деген үмітпен қарқынды түрде жер аударып жатыр. Соның тарапынан техникум, колледж, училище секілді орта деңгейлі арнайы білім беру орындарына сұраныс жоғарылап, оқушылардың оқуға деген ынталары күннен күнге артып келеді. Егер біз бұны бір жағынан жақсы деп қарастыратын болсақ, екінші жағынан өкінішке орай таяқтың екі ұшы бары белгілі. Қытайдың Фуцзянь қалашығында Ху Янг есімді бала өз сыныбындағы жалғыз оқушы. Яғни өзі топ басы, кезекші, спорт секторы айта берсек көп. Мәселенің барлығы Ху оқушының провинция мектебінде бастауыш сыныптың жалғыз ғана оқушысы болуында. Үш қабатты, 24 сыныбы бар орта мектеп 2005 жылы тұрғызылған. Содан бері мектеп сыныптары уақыты келе қаңырап жатыр. Қазіргі кезде мектепте екі ғана мұғалім сабақ өтеді.
Бір ғана оқушысы бар мектеп

Бір ғана оқушысы бар мектеп

Осыдан біршама жыл бұрын мектепте 80 оқушы болса, бір жылдан кейін оның саны 17-ге төмендеген. Худың ұстазы Ченг Чисионгтың айтуынша, мектепте екі мұғалім болғанымен олар өз оқушыларын барлық пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сай оқытып жатырмыз дейді. Ұстаздары Хуға жақсы көңіл бөліп, оған барынша оқушы сезінуге толық жағдай жасап беріп жатқан көрінеді.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

massaget
������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Оқушылар не себепті төбелеседі?

Оқушылар не себепті төбелеседі?

Оқушылар не себепті төбелеседі? Мектепте оқушылар төбелесінің көп себебі бар. Тек себепті анықтап қана қоймай, оған сай әрекет жасай білуіміз керек....
Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұдан бөлек оларға түрлі үстемақы да...
Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?

Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?

Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?...
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық....
Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”

Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”

Қызылорда қаласындағы Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп-гимназыясының оқушысы Дайрабай Абылайхан Бексұлтанұлы Сынып: 8 “А” Ғылыми жетекшісі:...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру