Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?
Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?

Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?
Сабақта жақсы баға алу үшін қандай шаралар қолдануымызға болады? Бір қызығы, адам қаншалықты көп істі жоспарласа, соншалықты көбірек жұмыс жасап үлгереді. Бірнеше үйірмеге қатысатын оқушы, әдетте, сабағын оқып та, теледидар көріп те, достарымен қыдырып та үлгереді. Ал сабағын орындағаннан кейін белгілі бір нәрсемен айналыспайтын оқушы үй тапсырмасын орындап та үлгермейді. Мұның себебі неде? Себебі – жинақталмаушылық. Оқушы мектептен келген соң алда жарты күн бар екенін ескеріп, үй тапсырмасын жасап үлгеремін деп ойлайды. Нәтижесінде, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайды. Аяулы оқушы, есіңізде болсын! Қаншалықты көп істі жоспарласаңыз, соншалықты көп іске үлгересіз.

Сонда сабақ үлгерімін жақсарту үшін не нәрсеге назар аудару керек? Төменде осыған байланысты бірнеше мысал келтірдік:

1. Ең алдымен, жалқаулыққа «Қош!» деуіміз керек. Мұнсыз жақсы оқу қолдан келмейді.

2. Күніңізді алдын ала жоспарлап, үйірмеге жазылыңыз. Күніңізді сабақтан соң кем дегенде 1 сағат бойы басқа іспен шұғылданатындай етіп жоспарлаңыз.

3. Әрдайым үй тапсырмасын орындаңыз. Тіпті, ол тақырып ұстазыңыз түсіндіргеннен есіңізде қалса да, қайталап оқыңыз. Ережелерді жақсылап жаттаңыз. Оқуда жіберіп алған тақырыптарымыз көп болған сайын жинақталуымыз да қиындайды.

Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?

4. Тапсырманы қиынынан бастап, оңайына өту арқылы орындаңыз. Яғни, ең қиын деген сабақтың тапсырмасын бірінші орындаңыз. Миымыз тың болған сайын тапсырманы да дұрыс орындаймыз. Ал шаршай бастаған кезде оңай тапсырмалар қалады.

5. Егер ертеңге тапсырма бермеген болса, өткен тақырыптарды қайталауға 30 минутыңызды арнаңыз. Осылайша миыңызды жаңа материалды меңгеруге дайындайсыз.

6. Физикалық ауыртпалықтар – сабақ үлгерімінің жақсаруының басты кепілі. Сондықтан, жаңа материалды меңгеру барысында арасында физикалық жаттығулар жасап тұруыңызға болады.

7. Ешуақытта ұстазыңызбен ренжіспеңіз. Жақсы оқу үшін пәнге қызығушылық танытсаңыз болғаны. Ал мұғалім мұны бағалайды.

Олай болса іске сәт дейміз! Күнделігіңізде тек бестік бағалар болсын. Ал ең бастысы – басыңызда сол бағаға лайық білім болсын!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіі

Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіі

ШҚО Бородулиха ауданы Зубаир орта мектебі Садықов Амангелді Сапашұлы (2013 – 2014 оқу жылы) Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі...
Мектеп сөмкесін 7 белгісіне қарап таңдаңыз

Мектеп сөмкесін 7 белгісіне қарап таңдаңыз

Мектеп сөмкесін 7 белгісіне қарап таңдаңыз Оқу жылының алғашқы айы аяқталса да, арамызда киім-кешек пен сабаққа қажетті құралдарды арзандаған кезде...
Кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспары

Кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспары

Кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспары Тақырып: 1. Құмырсқаның қанағаты 2. Қарлығаш пен шөже торғай Сілтеме: Оқу жоспары, күнтізбелік жоспар, оқулық...
Мектепке бармасақ не болады?

Мектепке бармасақ не болады?

Мектепке бармасақ не болады? Назарларыңызға мектепке бармаған бала туралы екі мысалды ұсынамыз. Ол әрекеттің дұрыс немесе қате екенін өзіңіз айтарсыз....
Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың әдістері

Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың әдістері

Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың әдістері Архимед заңы бойынша түскі астан кейін ұйықтап алу керек екен. Расында да өзіңді түсте тамақтанып алған...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру