Көзге тік қарай аласыз ба?
Көзге тік қарай аласыз ба?


Психологтардың байқауынша, әңгіме кезінде адамдар уақыттың 60%-ын ғана бір-бірінің көздеріне қарап сөйлеседі. Бұл көрсеткіш тек 2 жағдайда өзгеше болады: ғашықтар арасындағы және агрессивті күйдегі адамдар арасындағы қарым-қатынаста. Сондықтан, егер бір бөтен адам сізге ұзақ уақыт бойы көз алмай қарап тұрса, көп жағдайда бұл жасырын агрессияның белгісі болып келеді.

Көзбе-көз контактының ұзақтығы әңгімелесушілердің арасындағы қашықтыққа байланысты болады. Ара қашықтық неғұрлым үлкен болса, көзбе-көз байланыс та соғұрлым ұзақ болады екен. Сондықтан, іскерлік әңгіме кезінде үстелдің екі жағында, бір-біріне қарама-қарсы отырған жөн. Cондай-ақ, кез келген кездесуде дәмханада, мейрамханада жігіт пен қыз біріне-бірі қарама-қарсы отыруы қажет. Себебі, көздер арасындағы қашықтық сізге өзіңізді бос ұстауға, еркін сөйлеуге мүмкіндік береді.
Көзге тік қарай аласыз ба?


Ерлерге қарағанда әйел адамдар ұнатып тұрған адамға ұзағырақ қарайды екен. Зерттеу бойынша, әйел адамдар ер адамдар секілді тік қарауды айбат шегу ретінде қабылдамайды. Керісінше, қызығушылық пен қарым-қатынасқа түсуге ынта деп түсінеді екен. Әрине, бұл кейбір жағдайларда басқаша болуы мүмкін. Жалпы, кез келген нәрсеге анализ жасағанда белгілерді бөлек қарастырып емес, жалпы алып бақылау керек. Бұл ғылымда индукция деп аталады.

Тік қараушылықты шынайылық пен ашықтыққа жатқызу қате. Өтірікті айта алатын адам әңгімелесіп тұрған адамның көзіне тік қарауды және қолдарын бетіне жақындатпауды қадағалай білуі мүмкін. Сондықтан, алданып қалмаңыз, сөздеріне де, көздеріне де, ең бастысы, оның эмоциясына назар аударыңыз.

Көздің қарашығының ұлғаюы мен кішіреюі санаға бағынбайды. Сондықтан, адамның сізге деген қызығушылығын айқындатыны анық. Оны білу үшін мынадай кішігірім анализ жасауға болады: қарашықтың ұлғаюы сізге деген қызығушылықтың, ал қарашықтың кішіреюі айбат шегудің белгісі. Сондай-ақ, көздің қарашығының ұлғайып-кішіреюі жарыққа да байланысты болатынын ескеріңіз. Жарық жерде көзіміздің қарашығы кішірейеді де, қараңғы жерде ұлғаяды.

Ұялшақ адамдар көбіне көзге тік қарай алмайды. Ондай адамдарға көпшілік арасына жиі шығып, адамдармен қарым-қатынасқа белсене түсуге кеңес береміз.

Ал сіз көзге тік қарай аласыз ба?

Дайындаған: Фариза Әбілова
������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы Сабақтың мақсаты: Бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасы, И. Ньютонның жасаған болжамы, Г....
Табиғаттан нәр алып...

Табиғаттан нәр алып...

Табиғаттан нәр алып... Мақсаты: оқушыларды табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту....
Көктемгі мерекелер

Көктемгі мерекелер

Сабақтың мақсаты: оқушылар көктемгі мерекелер туралы әңгімелеп, білімдерін толықтырады. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: тақырып төңірегінде...
Тіс пастасы жеңіл күйікті емдейді

Тіс пастасы жеңіл күйікті емдейді

Тіс пастасы жеңіл күйікті емдейді Бүгінгі таңда таңертең және кешкі мезгілде міндетті түрде тіс жууда пастаны пайдаланамыз. Оны ас үйді жинастыру...
Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың әдістері

Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың әдістері

Түскі астан кейін ұйықтап қалмаудың әдістері Архимед заңы бойынша түскі астан кейін ұйықтап алу керек екен. Расында да өзіңді түсте тамақтанып алған...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру