тарих пәнінің мұғалімі
Үшінші (негізгі) деңгейлі
Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы
№ 1 мектеп-балабақша кешені МКМ
Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары
Тақырыбының өзектілігі:
Жас ұрпақтың өз елінің өткен дәуірлеріндегі тарихи оқиғалардың маңызын түсінуге, қазіргі ел тағдырын тарих болып қалуына өз үлестерін қосуға бағыттау, жолдарын көрсету.
Педагогика саласындағы озық тәжірибелерді қоғамтану пәндерін оқыту да пайдалана отырып, оқушы бойындағы дарындылық, ерекшелік қасиеттерін анықтау, сол арқылы күнделікті мектеп қабырғасында тарих пәнінде оқып игеріп отырған материалды сан ғасырлардағы тарихи фактілерді пайдалану үшін шағын топтарда ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру арқылы қазіргі қоғаммен салыстыра келе өз көзқарастарын нақты қалыптастыруда: тарихи фактілермен, саяси оқиғалар, мәдени, эконмикалық даму жолдары арқылы жеке тұлғаның өмір жолына нық қадам басуына бағыт көрсету болып табылады . Мақсаты — Жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану арқылы тарих сабағында топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ету. Сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамту, талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту .
Өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру , оқушыларға өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін.

