М.Әуезов атындағы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Ермекбаева Кенжегул Несіптайқызы
«Әл-Фараби-Шығыстың ғұлама ғалымы»
Сабақ Күні: 20.10.2014
Сынып: 5 Барлық оқушы саны:22
Қатысқан оқушы:
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар,оқулық. Қазақстан тарихынан әңгімелер 5- сынып.
Тақырып: Әл-Фараби-Шығыстың ғұлама ғалымы
Жалпы мақсаты: Білімділік: Әл-Фарабидің өмірбаяны туралы мәлімет беріп, оның зерттеген ғылым салалары мен шығармаларына тоқталып, энциклопедиялық білімі бар ғұлама ғалым екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік: ғалым шығармаларының тарихи маңызы жайында әңгімелей отырып,
оқушыларды ғылым-білімді сүюге, тарихи тұлғаларды құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың өздік ізденістерін , логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын нақты тарихи фактілермен дәлелдеуге үйрету, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.
Ресурстары: оқулық,интерактивті тақта,карта,флипчарт.
Әдісі-тәсілдері: тәсілі: жекелей,жұптық, топпен Әдісі: Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой қозғау, өздік жұмыс, топтастыру, топтық жұмыс , сәйкестендіру, бірін-бірі оқыту.
Оқыту нәтижелері: • Хронологиямен жұмыс жасай алады;
• Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;
• Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады;
• Тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі жайында мәлімет бере алады;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйренеді;
• Дерек көздерімен жұмыс жасай алады;


