Н. МАТАЕВА
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы
«Ж.Құдайбергенов атындағы
орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі.
Қазақстан тарихы пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы Түрік қағанаты (552-603жж)
Сілтеме Формативті бағалау анықтамасы, диалогтік оқытудың ерекшелігі. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 7-сынып Алматы «Атамұра» 2011ж
Кесте, атлас, оқушының жеке жұмыс жасауына арналған дәптері.
Жоспар; оқулық, т.б.
Жалпы мақсаты
Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері Қазақстанның ортағасырлық кезеңдері мәліметтер алады. Топпен жұмыс жасап үйренеді, Түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы, шаруашылығы мен мәдениеті, Ақыртас – ерте ортағасырлық қағанат орталығы туралы оқып үйренеді.
Түйінді идеялар Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Диалог арқылы өз идеясын, жауабын сенімді түрде білдіруге, өзгені тыңдауға мүмкіндік береді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.
Сабақта қолданылатын материалдар Постер, түсті қағаздар (стикерлер)
Карта, үлестірме қағаздар, атлас, оқулық, жұмыс дәптері, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Оқыту әдістері Сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сыныппен жұмыс
Дерек көздері Қазақстан тарихы оқулығы бойынша берілген тапсырмалар, АКТ, тест тапсырмалары.
Тапсырмалар Картамен жұмыс, кесте толтыру, талқылау;
Ұйымдастыру, топқа бөлу, шаттық шеңберін құру негізінде
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой толғау
(10мин) Үй тапсырмасын сұрау/
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?
Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?
Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?
Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?
Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің? Оқушылар тапсырмаға жеке жауап беріп, топта талылайды
1 жаттығу
(15мин) №І.Мәтінмен жұмыс.Оқушыларға тақырыпты оқып шығуға уақыт беріледі.
1 топқа:«Он тайпаның құрамы» сызбасын толтыру
2 топқа. Хронологиялық жүйе бойынша логикалық тізбек құр
Жылдар сөйлейді:
545ж- Қытаймен бейбіт келісім
552ж- Жужан қағаны Бумыннан жеңілді
552-554жж –Мұқан қаған кезінде жужандар толық жеңілді
555ж- түріктер Арал теңізіне дейін жетті
563-567жж- эфталитеттерді жаулап алды
570-580жж –Түрік қағанатының шығыстағы ықпалы күшейді.
VІғ. 70ж – Түрік қағанаты иелігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңізге дейін ұлғайды.
3 топқа. Анықтама бойынша түсінік бер.
Шаруашылығы
Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы;
Қыстаулары: Іле, Талас, Ертіс, Сырдария өзені бойындағы оты, суы мол жерлер;
Төрт түлік мал өсірді.
Ірі өзен бойларында жер өңдеу кәсібімен айналысты.
Мәдениеті.
Баспанасы:киіз үй – ыңғайлы, қыста – жеркепелер, ағаштан, тастан, қамыстан жасалған тұрақ – жайлар.
Жылқы –басты көлік
Ат әбзелдері түрлері өте көп.
Ауыздық, жүген, үзеңгі, кісен, ертоқым, таға
Оқушылардың үш тобына берілген тапсырманы тапсырманы тез, нақты, жан-жақты ойлана, түсіне, талқылай отырып, орындайды.
Сергіту сәті (2мин)
3 жаттығу
(5мин) № 2 тапсырма. Картамен жұмыс
Жер аумағы
Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізінедейінгі аралықты алып жатыр.
Оңтүстік – шығысында Қытаймен, оңтүстік – батысында парсы еліміен
№3 тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Бумын қаған. Түрік қағанатының елханы, қолбасшысы.
Иштеми қаған Соғды жерін жаулап алды. Оқушылар алған білімі бойынша сызбаны толтыру арқылы өз ойларын ұштауға, есте сақтау қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады. Сындарлы ойлауға дағдыланады
Тест тапсырмасын орындау және терминдерге анықтама беру:
1.Түрік атауы пайда болған уақыты:
а)IV ғасырда
b) V ғасырда
c) VI ғасырда
d) VII ғасырда
2.Түрік қағанатының билеушінің лауазымы:
а) бек
b) ябғу
c) қаған
d) шад
3.11 ғасырда Қазақстан жерінде пайда болған ірі консолидациялар:
а) оғыздар мен қимақтар
b) түріктер мен түргештер
c) қыпшақтар мен қарахандар
d) наймандар мен қарлұқтар
4.Ерте орта ғасырда Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің атауы:
а) ел
b) қағанат
c) хандық
d) республика
Сыйқырлы сандық
Ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекетті ата?
Қытай шежіресі бойынша түрік сөзінің мағынасы қандай?
552ж. Жужан қағаны Анағұйды жеңген кім?
Жужандар Түрік қағанатынан кім кезінде толық жеңілді?
563-567жж. Түріктер қай елді жаулап алды?
Түріктердің алғашқы жерлеу рәсімі.
Түрік қағанатында 581ж болған оқиға?
Түрік қағанаты екіге бөлінген жыл.
Түрік қағанатының негізгі шаруашылығын ата?
Тапсырманы деңгейіне сәйкес орындайды.
Бағалау (5мин) Тақырып сұрақтары бойынша рефлексия. Мұғалімнің бағалауы. Оқушылардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік алады
Оқуға арналған қосымша тапсырмалар Үйге тапсырма: 1- тақырып
- Матаева Назерке
- 4 мая 2015
- 1862
- 0



