Пән:Ежелгі Қазақстан тарихы Сыныбы:6 Күні:17.01.2014 ж
Тақырыбы:Сақтар тақырыбына қайталау
Сабақ мақсаты :
1. Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрін қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
3. Тәрбиешілік: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру..
Cабақтың көрнекілігі: Карта . Интерактивтік тақта.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Сыныпты біз екі топқа бөлеміз , ол үшін мына жатқан суреттерді таңдаймыз сосын құрастырамыз сол бір топ болады
3.Бүгін біздер ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларының ішіндегі үлкен тайпаның бірі сақтар туралы өткендерімізді қайталаймыз.
Балалар , өткен сабақтарда біз сақтар туралы өткен болатынбыз .Олардың қоғамы, тұрмысы мәдениеті және тәуелсіздігі туралы соны бүгінгі сабақта қайталаймыз.
. Сақтар туралы мәліметтер туралы ежелгі жазба деректердің екі тобы белгілі . Олар :
парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек – рим авторларының шығар-
малары . (Геродот 484 – 425 ж.ж. Страбон б.з.б 64 - б.з. 24 ж.ж ).
Сақтар - б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен тайпа .
Қай оқушы сұраққа жақсы және нақты жауап берсе соған бес ұпай беріледі! Соңынан әр топтың және жекелердің ұпайы саналып сол топ жеңіске жетеді , көп ұпайға баға беріледі.
Кәне бастайық.
3.Картамен жұмыс
Сақ тайпаларын атап Қазақстанның қай өңірлерінде өмір сүргенін айтып беру керек. Кім шығады?
1-сұрақ. Сақтар “дұшпанға – қатал, досқа – адал” болған деп кімдер айтқан? Грек тарихшылары
2-сұрақ. Ертеде Қазақстан аумағын қандай тайпалар мекендеген? Сақтар ,ғұндар , үйсіндер, т.б
3-сұрақ. Сақ қоғамы нешеге бөлінді және олар қалай киінді?
Сақтардың үш негізгі тобы болды . Олардың өзіндік дәстүрлі түстері болған .
1. Жауынгерлер - қызыл түс .
2. Абыздар - ақ түс .
3. Малшылар мен егіншілер - сары және көк түс .
Жауынгерлерді ежелгі үнді – ирандық тілінде « ратайштар» , яғни «арбада тұрғандар» деп атаған .
№1 Кесте тапсырмасы.Дәптермен жұмыс. Жылдам орындаймыз ,Алғашқы 4 оқушыға ұпай. Жазу әдемі ,әрі жылдам болатын болсын.
Деректерде Қалай аталды?
Ирандықтарда жүйрік атты турлар
Грек деректерінде азиялық скифтер
Парсы деректерінде құдретті еркектер .
4-сұрақ. Сақтардың шаруашылығы не болды? Негізгі шаруашылығы мал болған, біразы егіншілікпен айналысқан.
5-сұрақ. Парсы патшасы Кирдің қолынан қаза тапқан Томиристің ұлының есімі?
Спаргапис
№2 Кесте тапсырмасы
Тарихи оқиғалар Болған оқиға мерзімі
Парсы патшасы Кирдің сақтарға жорығы? Б.з.б 530 ж
Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан қорғауы? Б.з.б 4 ғ
Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы? Б.з.б 519 ж
Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында сақ жауынгерлері соғысты, сол қай жылдары ? Б.з.б 490 ж
6-сұрақ. Бұл кім? Томирис патшайым.
7-сұрақ. Дарий бастаған парсы әскерін шөл далада адастырған сақ жауынгерінің есімі?
Шырақ.
8.Ребус шешу
9.Кітаппен жұмыс . Мен оқимын соны қай жерде екен табады жалғастырады.Ойын жылдам табу (уақыт қалса)
10.Берілген карточканың артында сұрақ бар соған жауап беру.
11.Ұпай санау
12.Математикамызды тексеріп көрейік. Кім жылдам.
13.Бағалау
14.Қай топтың жеңіске жеткенін айту
15.Үйге тапсырма 4 тарауды қайталау.
- zhanarc
- 3 февраля 2015
- 1825
- 0

