"Өзіңді бақылау түзетудің амалы"психологиялық тренинг
Алматы қаласы №104 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы
Құрманжанова Айжан Ізбасарқызы
«Өзіңді бақылау түзетудің амалы»

Мақсаты: Оқушылардың жеке басына байланысты сенімділігін арттыра отырып, өз іс – әрекетін бақылау мен өзіне есеп беруге стимулдау.

1. «Жағымды әңгімесу арқылы қарым – қатынас орнату»
Жаттығудың жүргізілу тәсілі: Алдымен пассивті мінез – құлығымен ерекшеленетін немесе өз қалауымен ортаға екі оқушы шығады. Содан әр оқушы бір – бірімен таныс емес әрекет танытып жаттығуды орындаулары қажет. Арнайы төмендегі сұрақтар бойынша кезектесіп, әңгіме, сұхбат құрулары тиіс.
• Сіздің алдыңызда көптен ұнататын адам тұр сіз қарым – қатынасқа қалай кіресіз?
• Сіздің алдыңызда бір нәрсеге орай көңіл – күйі болмай мазаланып бір адам тұр сіз оны қалай сабырға шақырасыз?
• Сізді көшеде бейтаныс адам басқа біреуге қатты ұқсатып шақырды сіз қарасымен ол қателескенін түсініп кешірім сұрады, сонымен қоса сіз ол адамды ұнатып қалдыңыз сонда сіздің әрекетіңіз?
2. «Өзіңе деген махаббат формуласы»
Жаттығудың жүргізілу тәсілі: Мультфильмдегі кішкентай сұр қодастың қодас болудан шаршағанын есімізге түсірейікші. Ол бастапқыда көбелек болып, кейіннен құс, жан – жануар болып, соңында өзінің сұр қодас болып жүруінен басқа бақыт жоқ екенін түсінді. Сол сияқты сіз де өзіңізді ешқашан кемсітпеуге тырысыңыз!Айнаға қарауда үнемі өзіңізге қарап, атыңызды айтып «Мен сені жақсы көрем, және шынайы қалпыңда жетістіктеріңмен, кемшіліктеріңмен қабылдаймын». Болашақта өмірдің биік белестеріне жетуіңе бар ынтам мен күшімді салуға тырысамын деп жақсы тілек, ниеттеріңізді білдіресіз.
3. «Өз – өзіңе деген әнұран»
Бұл тренинг кеңес беру бағытына бағытталған релаксациялық жаттығудан тұрады. Бұл жаттығудың мақсаты әр баланың өзіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын арттыра отырып, өзін құрметтеуге, силауға және өзгелерге де осына дәлелдеуге жетелейді. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру