Үйкеліс күші.Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Сынып:7а Мерзімі:15.01.15
Сабақтың тақырыбы:Үйкеліс күші.Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
ә) Дамытушылық сабақ барысында алған білімін пысықтау және қабылдаған ақпаратты салыстыруды үйрету.
б)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың техникалық құралы: Компьютер, интерактивтік тақта, экран.
Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық оқулық, слайдтар .
І.Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, тексеру)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ.Жаңа сабақ;
IV.Бекіту;
V.Үйге тапсырма;
VI.Сабақты қорытындылау (бағалау).
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау
Күш және ауырлық күші тақырыптарын қайталау
а) Күш дегеніміз не ?
б )Күштің өлшеу бірлігі
в ) Ауырлық күші дегенімз не ?
г)Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі
ІІІ.Жаңа сабақ
Шаттық шеңбері арқылы, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Сынып үш топқа бөлінеде (реттік саналу арқылы)

Сабақтың барысы:
Оқушылар алдарына сабақ барысында шешетін сұрақтарды қою :

• Үйкеліс күшінің физикалық табиғатын анықтау,оның пайда болу себептерін,
үйкеліс күшін азайтатын және көбейтетін тәсілдер
• Үйкеліс күшінің формуласы
• Үйкеліс күшінің табиғатта байқалуы және практика жүзінде пайдалануы

Оқушылар мұғалім көмегімен тіреу конспект орындайды (А3 қағаз таратылып, алдарындағы сұрақтарға кластер түрінде конспект жазады)

Кластерді қорғау ( әр топ өз жұмысын қорғайды)

Эксперименттік тапсырма
Мұғалім : Эксперименттік тапсырманы зерттеу үшін келесі тапсырманы орындау керек :
• Эксперименттік тапсырманы орындау
• Сұрақтарға жауап беру
• Қорытындысын дәптерге жазу
а) Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен кітап қозғалды?
Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен
Мұғалім:
ә) Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қоямыз. Аз бұрышта білеуше орнында қалады. Неге ?
Оқушы: Көлбеу жазықтықта білеушені үйкеліс күші ұстап тұрады
Мұғалім: Динамометр көмегімен білеушені қозғалтамыз ,тыныштықтағы үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшіне айналады және ол қозғалыс бағытына қарсы бағытталған.Үйкеліс күші неге тәуелді ?
Оқушы:
1.Жанасатын бетердің тегіс еместігіне.
2.Заттар материалының тегіне
Мұғалім : Білеушенің үстіне бір, екі ,үш жүк қойып үйкеліс күшін өлшеңдер
(Оқушлардың үстелінде білеуше,динамометр,жүк, трибометр және кестесі бар бланктер)
№ Білеуше салмағы, Р (Н) Сырғанау үйкеліс күші Fүйк (H)
1
Тәжірибені орындағанан кейін оқушылар келесі қорытындыға келеді :
Дененің салмағы көбейген сайын , сырғанау үйкеліс күші көп болады.
V БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ПЫСЫҚТАУ
Үйкеліс күші дегеніміз не ,ол қалай бағытталған ?
Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?
Үйкеліс күшінің қандай түрлерін білесіңдер?
Үйкеліс күшін қандай аспаппен өлшеуге болады ?
VI РЕФЛЕКСИЯ
Мен сабақтан қандай жаңалық алдым .
Мен сабақтан нені үйрендім
Сабақтан алған білімімді пайдалана алам
VII. Үйге тапсырма: §оқу,1-6 сұрақтарға жауап беру ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру