Материалық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы: Материалық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.
Өткізген: Камзина А.А

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Материалық нүкте. Қозғалыс траекториясы.Жол және орын ауыстыру
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: материалық нүкте деген не екенін білу, қозғалыс
траекториясын білу, траекторияның түрлерін және жол және орын ауыстыру ажырата білу;
б) дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
в)тәрбиелік: оқушыларды мақсатына жете білуе, физика тілінде таза сөйлеуге, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі: аралас сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрменілігі: сурет, кесте, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сәйкесін тап»
Карточкаларға сұрақтар жазылған. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
«Сәйкесін тап»
Физикалық дене Автомобиль қозғалысы, мұздың еруі, доптың ұшуы
Физикалық зат Киімге сепкен әтір иісінің ауаға жайылуы
Физикалық құбылыс Геоцентрлік жүйе
Диффузия Құстың ұшуы, доптың домалауы, арбаның қозғалуы
Механикалық қозғалыс Гелиоцентрлік жүйе
Птолемей құрған жүйе Мыс, фарфор, су, темір
Коперник құрған жүйе Ұшақ, кітап, қалам,қасық,өшіргіш

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Балалар! Қозғалыс дешеніміз не еді? Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруін механикалық қозғалыс деп аталады. Енді қозғалысқа мысалдар келтіреміз: Мысалы: автомобильдің, адамның, жан-жануарладрың, алманың, планеталардың, бұлттың, молекулалардың, қанның, жапырақтың қозғалысы.
Механикалық қозғалыс айтылғанда кей жағдайда денені нүкте ретінде қарастырады.

Сұрақ қою арқылы жаңа білімді түсіндіру.
1. Қай жағдайда денені нүкте ретінде қарастырамыз?
2. Сапарға шыққан мұхиттағы кемені нүкте деп қарастыруға бола ма?
3. Қашан планеталарды нүкте деп естейміз?
(Жер радиусы жерден күнге дейінгі қашықтықтан 24000 есе кіші.)
4. Материалық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін өлшеуге болатын денені айтады.
5. Қай жағдайда оқушыны материалық нүкте деп естейміз, қашан есептелмейді?
6. Денені қай жағдайда материалық нүкте деп қарастыруға болады, қай жағдайда қарастыруға болмайды?
7. Қозғалыс траекториясы деп дене немесе материалық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізін айтады.
Суретпен жұмыс.
8. Айдың Жермен салыстырғанда траекториясы қандай? (Ай-Жер-Күн макетімен көрсету).
9. Дене қозғалысының түзу сызықты немесе қисық сызықты екенін неге қарап ажыратуға болады?
10. Жол дегеніміз не?
11. Орын ауыстыру дегеніміз не?

Қорыту. Кеспелермен сұраққа жауап беру.
1. Материалық нүкте деген не?
2. Қозғалыс траекториясы деген не?
3. Дене қозғалысының түзу немесе қисық сызықты екенін неге қарап ажыратамыз?
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?
5. Поездың қозғалыс траектормяасы қандай?
Үйге: Тақырыптарды мазмұндау. Сұрақтарға жауап дайындау.
Бағалау ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Материялық  нүкте.Қозғалыс траекторясы. Жол

Материялық нүкте.Қозғалыс траекторясы. Жол

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылжар ЖОББ мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Кембридж бағдарламасы бойынша III...
БӘД пәнінен сабақ жоспарлары(әскери топография)

БӘД пәнінен сабақ жоспарлары(әскери топография)

10 сыныпқа арналған әскери топография тарауы бойынша сабақ жоспарлары топтастырылған....
Мәтін үзінділерімен жұмыс

Мәтін үзінділерімен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерімен жұмыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін...
Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы Сабақтың мақсаты: Бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасы, И. Ньютонның жасаған болжамы, Г....
“Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері

“Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: “Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту. Дамытушылық: Қимыл...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру