Жарықтың шағылу және сыну заңы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жарықтың табиғаты мен таралуы туралы көзқарасты ғылыми тұрғыдан дәлелдей отырып, жарықтың сыну, шағылу құбылыстарымен танысу; Гюйгенс принципі негізінде сыну заңын қорыту; оқушылардың табиғат құбылыстарына деген материалдық көзқарастарын қалыптастыру, ғылыми білімдер мен заңдар негізінде құбылыстарды түсіндіру.

Дамытушылық: дидактикалық әдіс - тәсілдер мен көрнекіліктер, түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымы мен талғамын өсіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар, физикалық құрал - жабдықтар: лазерлік - оптикалық прибор, призма, жартылай цилиндр, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, түйреуіщ, суы бар ыдыс, пробка, тиын
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, ой қозғау, СТО элементтері, оқыту үдерісінде «үшөлшемді әдістемелік жүйесі»педагогикалық технологиясын пайдалану.
Пәнаралық байланыс: геометрия, философия, қазақ әдебиеті, математика

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құрал - жабдықтарын алып, сабақты бастауға дайындық жасау.
1. Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топ өз командаларының аты мен эмблемаларын таныстырып өтеді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.(сұрақ - жауап арқылы)
а) Қоржыннан шыққан құпиялар(қоржындағы нөмірленген асықтарды алу арқылы оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді)
1. Оптика тарауы нені зерттейді?
2. Жарық табиғаты туралы қандай көзқарастар қалыптасты?
3. Жарық дегеніміз не?
4. Жарық көзі деп нені айтамыз, олар нешеге бөлінеді?
5. Ағылшын ғалымы Максвеллдің дәлелдемесі?
6. Жарық жылдамдығы неге тең?
(Дұрыс жауап берген оқушыларға бір асықтан таратылады)

ә) Жазбаша сұрау.
Балалардың өз бетімен үйден орындап келген шығармашылық жұмыстарын тексеру
(2 топтың топ басшылары оқиды. Жақсы, мәнді жазылған жұмысқа қызылмен боялған асық беріледі)

б) Ш. Құдайбердіұлының «Тау басындағы ой» өлеңінен үзінді оқып, «Жарық» тақырыбымен қандай байланысы барын сұрап, өтілген тақырыпты қорытындылау.
Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут шерікте жерге барып
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұл дүние жылу жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Дүние атаулы теп - тегіс мөлдір болса,
Көлеңке орнығады қайда барып?... ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Линза. Линзадағы кескіндер

Линза. Линзадағы кескіндер

Сабақ тақырыбы: Линза. Линзадағы кескіндер Сабақ мақсаты: Линза мен айнаны салыстырып, ұқсастығын ерекшелеу, заңдылықтарды дамыту, кескін түрлерін...
Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау

Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау

Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жарықтың қасиеттері бойынша алған білімдерін...
Жарық дисперсиясы

Жарық дисперсиясы

Сабақтың тақырыбы: Жарық дисперсиясы...
Табиғат және адам

Табиғат және адам

Табиғат және адам Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау...
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Сабақтың тақырыбы: Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға дөңгелек пішімді...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру