Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісіндегі тогы бар контур.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға магнит өрісіндегі тогы бар контур туралы толық және түсінікті мағлұмат беру.
б) Дамытушылық: Оқушылардың физикадан алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, одан әрі дамыту.
в) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілікке өз бетінше ізденуге, білімдерін шыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Плакаттар, таратпа материалдар, сөзжұмбақтар, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап
Пән аралық байланыс: математика, тарих, геометрия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Қандай өріс магниттік деп аталады?
2. Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?
3.Ампер күші дегеніміз не?
4. Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?
5. Соленоид деген не?
6. Ток элементі деп нені атайды?
7.Био-Саар-Лаплас заңын тұжырымдап формуласын жазыңдар
ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгеру.
Бет арқылы өтетін магнит ағыны деп магнит индукциясы векторы модулінің бет ауданына скаляр көбейтіндісін айтады. Бұл көбейтіндіні берілген ауданды қанша магнит өрісінің күш сызықтарының тесіп өтетінін көрсетеді. Ф=B·S·cosα B·cosα=Bn
Bn-бетке түсірілген нормальға магнит индукция векторының проекциясы. Ф=Bn·S
Халықаралық бірліктер жүйесінде магнит ағынының өлшем бірлігі ретінде Вебер (Вn) алынған. 1Вб=1Тл·1м2
Ауданы 1м2 бетті 1 Тл магнит өрісінің индукциясы тесіп өткенде магнит ағыны 1Вб-ге тең болады.
Біртекті магнит өрісінде орналасқан пішіні тік бұрышты контур.
Ампер заңына сай [AB]=[DS]=αқабырғаға [F1]=[F2]=f=ІBa(sinα=1) күш әрекет етеді.
[BC]=[AD] қабырғаларына Ампер күші әрекет етпейді, себебі sinα=0 ÓÖ осіне қатысты контурға Ампер күштерінің максимал моменті әрекет етеді, яғни бұл жағдайда күш иіні максимал Mmax=ІBab/2+ІBab/2 Mmax=ІBab
ab=S- ток қамтитын контурдың ауданы.
Mmax=ІBS B=Mmax/IS
Магнит өрісіндегі кез-келген пішінді жазық контур.
Тогы бар контурды трапеция түріндегі микроконтурға бөлейік Δх=0 кезінде микротрапециялар тікбұрышты рамкаларға айналып, олардың әрбіреуіне Ампер күштерінің моменті әрекет етеді. M=IBS, сонымен ток бірдей және ауданы тең болған жағдайда түрлі ішіндегі жазық рамкаларға Ампер күштерінің бірдей моменттері әрекет етеді. B=Fmax/IL
ІV. Қорытынды.
1.Магнит өрісінде контур өз тогының В магнит өрісі сыртқы В магнит өрісімен бағыттас болатындай орналасады.
2.Контур магнит өрісі күштірек жаққа қарай тартылады.
3.Контур үдеуімен қозғалады.
V.Есептер шығару
№1. Егер ұзындығы 0,2м өткізгішке 50мН күш әсер етсе, біртекті магнит өрісінің индукциясы қандай болмақ? Өткізгіш өрістің күш сызықтарының бағытымен 30 градус бұрыш жасайды және оның бойымен 10А ток ағады
№2.ауданы 100 см2контур индукциясы 2Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан контур жазықтығы индукция векторына перпендикуляр болса,контурдан өтетін магнит ағыны неге тең болады?
№3.Егер өткізгіштің активті бөлігінің ұзындығы 0,1 м болса, бойындағы ток күші 50 А өткізгішке индукциясы 10мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер етеді? Өріспен ток өзара перпендикуляр.
№4.Ұзындығы 0,15м тогы бар өткізгіш модулі В 0,4Тл біртекті магнит өрісінің индукция векторына перпендикуляр орналастырылған.Өткізгішті Ампер күшінің бағытымен 0,025м орын ауыстырғанда 12мДж жұмыс істелді.Өткізгіштегі ток күшін анықтаңыз.
VІ. Үйге тапсырма: 10.7 Магнит өрісіндегі тогы бар контур. 20-жаттығу №3,4


