ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ, СЫНУ ЗАҢДАРЫНА ЕСЕП ШЫҒАРУ САБАҒЫ
ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ, СЫНУ ЗАҢДАРЫНА ЕСЕП ШЫҒАРУ САБАҒЫ
Рамазанова Гульжан Болатовна,
Павлодар облысы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жарықтың шағылу, сыну заңдарына есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: анықтамаларды, формулаларды есте сақтауға көмектесу, ауызша есептерді пайдаланып оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика
Әдісі: топпен жұмыс істеп білім алу
Көрнекіліктер: плакаттар, интербелсенді тақта.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру ( Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, яғни топтау стратегиясын қолдану)
3. Оқушылардың білімдерін бекіту
-ауызша есептер (логикалық ойлау қабілеттерін дамыту)
-Есептер шығарту (білімдерін нығайту)
4. Қорытынды жасау (Рефлексия)
5. Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық. Оқушыларды 2 топқа бөлу. Жоқ оқушыларды белгілеу…
2. Үй тапсырмасын тексеру
тұжырымдама
3. Бекіту бөлімі:
а) ауызша есептер:
1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең?
2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең?
3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус?
4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең?
5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастың бетінен бе, әлде шынының бетінен бе бағытын өзгертеді?
6. Егер бұрыш 100-қа азайса, түсетін сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш қалай өзгереді?
б) Есептер шығару (Есептің берілгенін интербелсенді тақтаға жазып қою.)
1-ші топ
1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең.
2-ші топ
1. Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар.
1-ші топ
2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар.
2-ші топ
2. Сәуле судан шыныға өтеді. Түсу бұрышы 450. Сыну бұрышын табыңдар.
1-ші топ
3. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 300-қа тең болса, лағыл тастың сыну көрсеткішін анықтаңдар.
2-ші топ
3.Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортада жарық жылдамдығы неге тең?

4. Рефлексия
- Сабақтың мақсатына оралып, осы тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап беріңдер. ( Қорытындыны сөзжұмбақ, кубизм т.с.с тәсілдер түрінде өткізуге болады?
- Сабақтың басында қойылған мақсатымызға жеттік пе?
5. Оқушыларды бағалау
6. Үй тапсырмасы: №4,5 (Интербелсенді тақтаға тақырыпқа сай есептер жазылып тұрады.) ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

Сабақтың тақырыбы Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Мақсаты Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының...
Мөлдір денелердің сыну көрсеткішін микроскоп көмегімен анықтау

Мөлдір денелердің сыну көрсеткішін микроскоп көмегімен анықтау

МӨЛДІР ДЕНЕЛЕРДІҢ СЫНУ КӨРСЕТКІШТЕРІН МИКРОСКОП КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: а) заттардың сыну көрсеткіштерінің физикалық...
Жарықтың шағылу және сыну заңы

Жарықтың шағылу және сыну заңы

Жарықтың шағылу және сыну заңы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жарықтың табиғаты мен таралуы туралы көзқарасты ғылыми тұрғыдан дәлелдей отырып,...
Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау

Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау

Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жарықтың қасиеттері бойынша алған білімдерін...
Жарық дисперсиясы

Жарық дисперсиясы

Сабақтың тақырыбы: Жарық дисперсиясы...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру