Сабақтың тақырыбы: §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Заттың күйлері және оларды молекулалы – кинетикалық көзқрас негізінде түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға ой – өрісін дамыту. Физика пәніне қызғушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, жауапкершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнеілігі: компьютер, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?
4. Диффузия дегеніміз не?
5. Диффузияның температураға байланысы бар ма?
6. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде: қатты, сұйық және газ күйлерінде болады.
Қатты: кристалл тәрізді түзіледі,молекулалар жақын орналасады, пішінін, көлемін сақтайды. Сондықтан қатты денені сығу немесе тартып созу өте қиын. Көптеген денелер қатты күйге ауысқанда оны құрайтын молекулалар кристалдық тор құрайды және жақынырақ орналасады.
Қатты дененің молекулаларының орналасуы
Сұйық: пішінін оңай өзгертеді,ыдысқа байланысты,көлемін сақтайды, аққыш, молекулалары ретсіз орналасады. Сұйықтардың бұл қасиеті күрделі пішінді металл бұйымдарын жасауға пайдаланады. Ондай бұйымдарды алу үшін балқыған металды, арнайы жасалған қалыптарға құйып, қатырады.
Сұйықтың молекулаларының орналасуы
Газ: молекулалары алшақ орналасады, тұрақты көлемі,пішіні болмайды, берілген көлемді түгел алады, оңай сығылады. Ауаның бар екенін, оның газ молекулаларынан тұратын тыныстап дем алғанда, жел соққанда, жүйрік атпен жүйтки шапқанда сезінеміз.
Газдардың молекулаларының орналасуы
Мысалы: су үш күйде бола алады. Қатты күйі мұз, сұйық күйі –су,
газ тәрізді -бу. Олай болса заттың үш күйін МКТ –ның қағидаларын қолдана отырып түсіндіруге болады. МКТ-ның үш қағидасы бойынша кез-келген зат өте ұсақ бөлшектерден тұрады және олар үздіксіз қозғалыста бола отырып, бір-бірімен өзара әрекеттеседі.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Тест тапсырмасы
1. Көлемін және пішінін сақтайтын дене?
а) қатты б) сұйық с) газ
2. Көлемін сақтап, пішінін сақтамайтын дене?
а) қатты б) сұйық с) газ
3. Көлемін және пішінін сақтамайтын дене?
а) қатты б) сұйық с) газ
4. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
а) атом б) молекула с) зат
5. Дененің жылулық күйін анықтайтын құрал?
а) таразы б) термометр с)мензурка
6. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде?
а) молекулаларының өлшемдерімен
б) молекулалардың орналасуымен
с)молекулалардың құрамымен
7.Молекула-кинетикалық теорияның негізін салушылардың бірі?
а) Архимед б) Аристотель с) Ломоносов
8.Әлем кеңестігіндегі барлық нәрсе не деп аталады?
А) зат б) материя с) дене
9.Кез-келген зат молекулалары өзара қалай әсерлеседі?
а) өзара тартылады
б) өзара тебіледі
с) тартылады және тебіледі, өте аз қашықтықта тебілу күші тартылу күші тартылу күшінен көп болады
10) Молекулалары өзіне берілген көлем ішінде ретсіз шапшаң қозғалатын заттың қандай күйіне сәйкес келеді?
А) қатты б) сұйық с) газ
Жауаптары:
1. А 2. Б 3. С 4. А 5. Б
6. Б 7. С 8. Б 9. С 10. С
V. Оқушылардың білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §10.
- 91bibinur
- 5 марта 2015
- 3470
- 0


