Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Сыныбы: 9
І.Сабақ тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
ІІ.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дыбыс ,дыбыс сипаттамалары туралы білім беру.
А)Білімділік: Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын түсіндіру
В) Тәрбиелік: терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
С)Дамытушылық: Оқушыға білім беру арқылы ғылыми көзқарасын дамыту
ІІІ. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
ІV. Сабақтың түрі: саяхат
V. Оқыту әдісі: көрнекілік, сөз, сұрақ – жауап , түсіндірмелі- сөздік, СТО жобасы. демонстрациялау.
VІ. Көрнекілік: Кеме суреті, темір сызғыш камертон, домбыра, электрондық оқулық, топтың аттары жазылған қағаздар, слайдтар, интерактивті тақта.
VІІ. Пәнаралық байланыс: Математика,биология, музыка.
VІІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
(Оқушылар екі сап құрылып, беттесіп тұрады.Әр оқушы бір-біріне жақсы бір тілектен айтып шығады. Сиқырлы қобдишаның ішінен тәтті кампит алып, кампиттің түсіне қарай үш топқа бөлінеді.)
Біз саяхатқа кемеге отырып, мұхитты жүзе Сиқырлы «Білімдер» еліне саяхат жасамақпыз. Ол үшін сыныпта 3 экипажға бөліп, кеме капитандарын сайлап алайық. Біз ғарышқа «Мектеп аралынан» аттанамыз. «Мектеп аралында » кеме капитандарының жүзуге даярлықтарын тексеріп алу үшін сұрақтар беріледі.
«Мектеп» аралы
Капитандарға сұрақ:
1 - капитан:
• Механикалық толқын дегеніміз не?
2 – капитан:
• Көлденең толқын дегеніміз не?
3 – капитан:
• Толқынды сипаттайтын шамалар
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін 3,2,1,0 (старт). Сиқырлы «Білімдер» еліне кеттік» - деп, жүзуге старт беремін. Балалар, алдымыздағы қандай қалашық екен?

ІІ. «Тапқырлар» қалашығы(үй тапсырмасын сұрау)
1. Толқындық қозғалыс дегеніміз не?
2.Толқын ұзындығын қандай әріппен белгілейді?
3. Бойлық толқын дегеніміз не?
4. Толқын жылдамдығының өрнегі?
5. Қосымша бір ұпай
6. Көлденең толқындар қандай ортада пайда болады?
7. Сыйлық
8. Толқын ұзындығы дегеніміз не?
9. Сейсмограф қандай құрал?
10. Қазақстанда неше сейсмикалық станция бар?
11. Сиреулер дегеніміз не?
12. Тербеліс периодын қандай әріппен белгілейді?
13. Банкрот
14. Толқын не тасымалдайды?
15. Шоғырланулар дегеніміз не?
ІІІ. «Білгірлер» аралы (жаңа білімді меңгеруге дайындық)
Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
Ол қалай аталады? (Дыбыс)
Ендеше , біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Оны қалай түсінесіңдер? Қалай ұғынасыңдар?

Шу

Әріптер
Ән






Сөздер Жаңғырық


Денелердің соқтығысуы

ІV. «Алтын көмбе» (жаңа сабақ).
Біз «Алтын көмбеге»тап болдық .Бұл көмбеде не барын білу үшін мен көмектесейін.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.
Адамның есту мүшесіне әсер етіп, дыбысты түйсінуге әкелетін серпімді толқындарды дыбыс толқындары немесе дыбыс деп атайды.
Демонстрация:
1.Темір сызғышты тербеліске түсіріп, дыбыс шығарғанын бақылау.
2. Камертонмен дыбыс шығаруды бақылау.

Дыбысты физиканың арнаулы бөлімі акустика зерттейді.



Жағымды Жағымсыз- Шулы

Дыбыс көздері : табиғи және жасанды.
(грек. Akustikos- дыбыс деген сөзден шыққан)
Жиілігі 20 000 Гц-тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары- инфрадыбыстар деп аталады.
Тірі ағзалардың дыбыс қабылдайтын мүшесі құлақ.
(Электрондық оқулық)
Адам жиілігі 16 Гц -20 000 Гц аралығындағы диапазондағы дыбысты қабылдай алады.
Инфрадыбыстарды адам құлағы естімейді.
Кейбір тіршілік иелері 20-30 мың Гц-ке (мысалы, жарқанат 21 мың Гц-ке, дельфиндер -28 мың Гц –ке дейінгі тербелістерді) қабылдай алады.
Дыбыс барлық ортада тарай алады. 1-кестеде әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы туралы мәліметтер берілген. Қатты ортада дыбыс өте жылдам таралады, одан кейін сұйықта. Ал ауада дыбыс баяуырақ таралады. Сондықтан да күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарғырауын көреміз де, біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз. (Дыбыстың таралу жылдамдығын 1 кестеден қараймыз)

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон – доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен дыбыс алуға болады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Дыбыс қаттылығын анықтайтын прибор (шкала) –децибелметр.
Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін децибел (дБ) қолданылады.
Децибелл (дБ) – 1847- 1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталған. 1 бел 10 децибелге тең.
Дыбыс қаттылығымен қатар жоғарылығымен анықталады. Дыбыстың жоғарылығы оның жиілігімен сипатталады: дыбыс толқынында тербеліс жиілігі неғұрлым көп болса, оның жоғарылығы да көп болады. Аз жиіліктегі тербелістерге төменгі дыбыстар, жоғары жиілікті тербелістерге – жоғары дыбыстар сәйкес келеді.
Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбіне дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады.
Сонымен, тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Музыкалық дыбыстар Шулы дыбыстар




Домбыра Баян Қобыз Теректің Машинаның Құстың
сыбдыры гүрілі сайрауы
Дыбыстың тағы бір көмекшісі –биік және төмен дыбыстар деп аталады.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Сергіту сәті
V. Дамыту:
«Сынақ түбегі»
Саяхатты жалғастыру үшін сіздер міндетті түрде сынақтан өтулеріңіз керек. Мынау жағаға келіп соғылып жатқан алып толқындар бізді өткізбейді. Ол үшін қазір тапсырмалар орындайық.
№1 экипаж мүшелеріне:
Дыбысты сипаттайтын шамаларды тап.
№2 экипаж мүшелеріне:
Дыбыс жиіліктерін көрсет
№3 экипаж мүшелеріне:
Шулы дыбыстарды көрсет
VІ. Бекіту:
«Есептер аралы»
Мына аралдың жанында тағы бір кішкені көрші арал тұр екен, енді соған соға кетейікші. Мына аралда бізге арналған есептер бар екен.
26 – жаттығу № 2, 3,5
1-экипаж мүшелеріне
№ 2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
Талдау: Шешуі:
ν= 510Гц Т= 1/510Гц=0,002с
v= 340м/с λ = vТ λ = 340м/с * 0,002 с=0,68 м
Т= 1/ν

λ=?
2-экипаж мүшелеріне
№3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10 с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықыта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.

t= 10 с Талдау: Шешуі:
v= 343м/с S= Vt S= 343м/с * 10 с =3430 м

S= ?

3-экипаж мүшелеріне
№5. Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдар.Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц.
Талдау: Шешуі:
ν= 510Гц
v= 1480м/с λ= v/ ν λ= 510 Гц/1480 м/с=0,34 м

λ=?

«Өзен порты»
Портқа келгенде теңіз қарақшыларының қолына түсіп қалдық. Қарақшылар бізді тесттің жауабын тауып берсек жібереді.
1 экипаж мүшелеріне:
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) акустикалық дыбыстар Б) инфрадыбыстар
С) ультрадыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц
2 экипаж мүшелеріне:
1. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) камертон Б) дыбыс зорайтқыш
С) осциллограф
2. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне
3 экипаж мүшелеріне:
1. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А)герц Б) метр
С) метр/секунд
2. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 1480м/с Б) 50м/с
С) 330м/с
VІІ. Қорытындылау:
«Қазыналы арал»
Біз аралға тоқтап, берілген тапсырмалар бойынша өзіміз сабақта оқыған барлық мағлұматтарды қайталап, кемемен жүзу арқылы кезеңдерден өтіп, ең соңғы нүкте «Қазыналы аралға» келіп жеттік.
Бүгінгі саяхатымыз да аяқталып қалды. Бізді директорымыз, ұстаздарымыз күтіп тұр Қане, басқа аралдардан не үйрендік, қайталап, көрейікші, оларға не айтамыз?
Оқушылар үлестірмелердегі сұрақтарға жауап береді
1. Дыбыс толқындары дегеніміз не?
2. Дыбыстың қандай түрлері бар?
3. Дыбысты сипаттайтын шамаларды ата

- Осы саяхат сабаққа өте жақсы және белсенді түрде қатысқан барлық оқушыларға рахмет айта отырып, «Қазына аралының інжу-маржанын » таратайын. «5» - ке жауап берген оқушыларға - корабль, «4»- ке жауап бергендерге –кеме, «3» - ке жауап бергендерге - қайық таратып беріп, сабақты қорытындылайды.
VІІІ. Үйге тапсырма.
§ 31,32 26 – жаттығу № 4
«Музыкалық аспаптар» туралы мәнжазба жазып келу. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру