Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп
Мерзім: 20.10.2015ж
Сынып: 11
Оқушылар саны: 24
Сабақ: 3
Тақырып:«Бақыт сыры»
Құндылық: Сұйіспеншілік
Қасиеттер: сыйластық, қарапайымдылық, шыншылдық, жауапкершілік,
сенімділік
Мұғалiм: Эртаева Гулчехра
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылырға бақыт ұғымын түсіндіру, бұл ұғымның кең екендігін, бақытты болу маңыздылығын түсіндіру арқылы сұйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: - Оқушыларға «бақыт», «сәтсіздік» туралы түсінік беріп, айналадағы адамдарға сұйіспеншілігін ояту; - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуне ықпал жасап, бақыт туралы ойларын дамыту; - Оқушыларды бақытты сезіне білуге, жауапкершілікке, сенімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар мәлiметтер) Ұнтаспа, Слайдтар, Стикерлер парақтар түрлі-түсті қалам |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Орманға ойша серуен Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді, қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте сақтаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтан З.Ахметованың «Нұрлы күндер» әңгімесін оқу және сұрақтарға жауап беру 1.Әңгімеде не туралы баяндалған? 2. Сізде біреуге жақсылық жасаған кезіңіз болған ба? 3. Жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыз?
|
Сабақ барысын талқылау: |
|
3.Дәйексөз. «Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... Адамның өз мінез құлқын, іс әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында»
Әл-Фараби
1. Дәйексөзді қалай түсіндіңдер? Оқушылар дәйексөздің мағынасын талдап болған соң , дәйексөзді дәптерге жазып,жаттап алу. |
|
|
4.Оқиға айту, әңгiмелеу (Перде артынан жұмбақ жанның әңгімесі тыңдалады) Жұмбақ жан өз өмірін баяндайды. Жұмбақ жанға сұрақтар қою: Оқушылар жұмбақ жанға өздерін қызықтырған сұрақтарын қояды.
|
|
Оқушылар 3топқа бөлінеді.Әр топқа тапсырмалар беріледі. 1-топ: «Бақыт деген не » тақырыбына 2-топ: «Мен бақыттымын» тақырыбына 3-топ: « Мен өзгелерге қалай бақыт сыйлай аламын» тақырыбына әңгіме құрастыру |
|
«Бақыт деген» Сөзі: Мұқағали Мақатаев Әні: Әбиірбек Тінәлиев Бақыт жайлы мынау менің білгенім Бақыт деген-бірде шаттық, бірде мұң Бақыт сол тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.
Қайырмасы: Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да, басқасында білмеуің, Бақытсыз-ақ ,ойнағаның,күлгенің.
Бақыт деген әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан Ал мен үшін ең бақытты күндерім Бұл өмірде бақыт іздеп жүрген күндерім.
Қайырмасы: Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің, Бақытың да, басқасында білмеуің Бақытсыз-ақ ойнап-күлгенің
|
|
Оқулықтағы 23 беттегі Қ.И.Есенберлиндің «Бақыттың он сыры» мәтінін оқып,оған қосымша өз пікірлерін қосып, жазып келу |
|
Баяу әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерімізді жүрегімізге сақтап, өзімізді бақытты сезінейік, айналамыздағы адамдарға тек қана бақыт сыйлайық. Барлығыңызға рахмет! Сау болыңыздар! |
|


