Адалдық,адамдық белгісі

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

 

Мектеп: Камал Макпалеев атындағы №4 жалпы орта мектебі

Мерзімі:

Мұғалім: Султангазина Г.Б.

Сынып:9

Оқушы саны: 18

Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шынайылықпен жұмыс істеу, қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ұғындыру.  

Міндеттері:

  1.       Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;
  2.       Адалдық, әділдік қасиеттерді қалыптастыра отырып қоғамға риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту;
  3.       Шыншылдықпен өмір сүруге риясыз қызмет етуге  тәрбиелеу.

Ресурстар:

ü  Оқулық

ü  Дәптер

ü  Күнделік

ü  Қалам

ü  Түрлі-түсті қарындаштар

 

Сабақ барысы:

  1.       Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін  еске түсіріп, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

  1.       Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті

«Нұрға бөлену»  (әуен Дождь и Скрипка)

     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

 Сабақ барысын    

 талдау:

  1.       Үй тапсырмасын тексеру. №15 сабақ  94 беттегі

С. Сейітовтың «Шындық шырайы» өлеңін жаттап келу тапсырылған.

1. Шындық сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Шындық- бірек дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Бұл өленнің мағынасын түсіндіріңдер?

4. Шыншыл адам деген кім?

 

Түйін:

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деп халық даналығы айтқан болатын.

    - Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет - адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

 

  1.       Дәйек сөз.

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»

                  (Халық мақалы).

(дәйексөзді дауыстап қыздарға содан соң ұлдарға оқыту, дәптерлеріне жаздыру).

  1.       Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
  2.       Адал болуға ұмтылу  керек пе ?
  3.       Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?
  4.       «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  5.       «Адалдық,  кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен  қатар жүре ме?Неліктен?

Мұғалім:

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.

 "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

 

 

  1.       Әңгімелеу. Адал достық  деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

       Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық. Мен бүгінгі сіздерге адал достық туралы аңыз  айтып берейін.

 

Екі дос

Ел аузынан

Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбашыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбашысна:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасшы.

-Ол да болсын,көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

 

Сұрақтар:

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

 

 Мұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас.

 

 

  1.       Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

(Оқушыларды топқа бөлу кезіңде алдарыңдағы пішіндерді алып, түстеріне байланысты топқа бөлінеді)

Сынып З топқа бөлінеді.

1 Топ: «Адалдық»  тақырыбына шағын әңгіме жазу.

2 Топ: Адалдық  байланысты мақал - мәтелдер айтып мағынасын түсіндіру

3 Топ:  Екі дос адалдығына байланысты  атты  көрініс көрсету.

 

 

 

 

 

 

  1.       Топпен ән айту.

Адалдық өткелі

                                                                     Сөзі: Ақмарал Леубаева

                                                                           Әні: Жарылқасын Дәулетов

 

Сүйетініме шүбәм жоқ,

Сүймей ме деген күмән көп.

Түстім бе деген тура жол,

Көрінбейді тұман боп.

 

Қайырмасы:

Бақытқа толы мұң-кесем,

«Жалған» дер дұшпан «шын» десем.

Қай жаққа болсын кетер ем,

Қолымнан ұстап «жүр» десең.

 

Көзіңді жұмып тұнығым,

Соңымнан ерші, құлыным.

Өзгелер қолы жетпеген,

Өзіңмен өтсін ғұмырым.

 

Тағдырға сенбей болмайды,

Шын бақыт екі қонбайды.

Адалдық дейтін өткелден,

Көп адам өте алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.       Үй тапсырмасы. №16 сабақ.

                     99  беттегі -1,2,3 жағдаяттарын шешіп, талдау.

                    Адалдыққа байланысты эссе жазып келу.

 

 

 

  1.       Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

-          Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға, адал болуға  үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасап адал болайық , ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

 

 

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру