|
- Әңгімелеу. Адал достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық. Мен бүгінгі сіздерге адал достық туралы аңыз айтып берейін.
Екі дос
Ел аузынан
Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбашыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбашысна:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасшы.
-Ол да болсын,көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Сұрақтар:
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
Сендердің де адал достарың бар ма?
Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
Мұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас.
|