Мектеп: №19ЖОММерзімі: 09.11.15ж№11сабақ
Тақырып:«Ашу –дұшпан, ақыл-дос»
Құндылық: Тыныштық
Қасиеттері: Сабырлылық, ұстамдылық, төзімділік.
Мұғалім:З.Е.Есебаева
Сынып: 4 Оқушылар саны: 20
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін ұғындыра отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік:Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерінің мәнін ұғындыру. Дамытушылық:Оқушылардың ұстамдылық пен сабырлылық қасиеттерімен қатар, сыпайылық, өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (оқулықтар, дәптер)
М.Әуезовтің Дәйексөзі
|
|
Сабақ барысы:
оқушылардың құрал –жабдықтарын тексеру. Тыныштық сәті:«Дождь и скрипка» «Су асты патшалығына саяхат» Мұғалім:Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секунттан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Толқынның жеңіл щалпылын, шағаланың шуылына құлақ түріңіз. Шалғайдан біз Дельфиннің сізге қарай жүзіп келе жатқанын көресіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхаттауға алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз. Түрлі-түрлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Олардың барлығы сізге таңырқай қарайды. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштықта. Осы тыныштық күйде болыңыз....... ал енді жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Су бетіне шығып Дельфинге ризашылығымызды білдіріңіз.бірнеше секунттан соң көзіңізді ашыңыз, осы тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. |
Сабақ барысын талдау: |
Оқулықтағы 11 сабақ. 58 бет Ж.Дәуренбековтің «Сурет» әңгімесін оқып, талдау.
|
Ескерту |
|
3.Дәйексөз. Ақыл-адам көрігі, Ақылдың сабыр серігі. М.Әуезов - Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Ақыл-адам көрігі деген ұғымды қалай түсінесіңдер? - Ақылдың сабыр серігі дегенді қалай түсінесіңдер? - Ашуды жеңудің қандай жолдарын білесіңдер?деп сұрақ қоя отырып, оқушылардың есте сақтап қалуы үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерге дәйексөзді жазып аламыз. Мұғалім: Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары- ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да жазушы М.Әуезов «Ақыл –адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» деп өте орынды айтқан. |
|
Сабыр суы (аңыз әңгіме) Бірде бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағымын айтады: маған әрдайым көршілерім тиесе береді, біздер үнемі ұрысысып қаламыз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын депті. -Не амал етсем екен? Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді. «Осы су саған көмектесуі тиіс,-дейді». Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы судан ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, ауызыңда біраз уақыт ұстауың керек депті. Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы жырын қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды –деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі-көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың-дейді.
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. (баяу әуен қосылып тұрады) Оқушыларды 4 топқа бөліп Ә.Қалаубекованың «Көңілді күн» деген өлеңінің әуеніне салып өлең құрастыру беріледі. (үздік құрастырған топтың өлеңі сабақтың соңында айтылады)
«Көңілді күн»
(Қызбалыққа салынбай) шыдамды бол Сабырлы да ұстамды бола білу (Сезіндірді жүрекке тыныштықты)
Қ-сы: (Біз үйде де, аулада сабырлымыз) Шыдамдымыз, төзімдіміз. Жарасымды, тартымды, ұстамдымыз (Ұстамдымыз әрқашан!)
|
|
|
6.Топпен ән айту.Ә.Қалаубекованың «Көңілді күн» әніне салып айтылады.
|
|
12 сабақ. 62 беттегі В.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқып, талдау. Дәптердегі 11 сабақтағы тапсырманы орындау берілді.
|
|
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңді іштеріңнен қайталаңдар. «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңдар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңді ашуларыңа болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
|
|




