Сабыр түбі-сары алтын

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп:  № 7 мектеп-гимназиясы       Мерзімі:  07.11.2015.                                                              Мұғалім:  Садуова Мансия Темиргалиевна

Сынып:       4    Оқушылар саны 19        Тақырып: « Сабыр түбі-сары алтын»

Құндылық: Ішкі тыныштық    Қасиеттер: сабырлылық, шыдамдылық,

 

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу.

-5т ережесін тексеру(тәртіпті;талап; тыныштық; тазалық ;татулық)

 -Бес оқу - құрал жабдықты тексеру

( дәптер,қалам,күнделік,түрлі-түсті қарындаш,оқулық)

Тыныштық сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

        Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу  отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз тынышталады.тыныс алған кезде тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

        Кәне, дайындалайық балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстаймыз..., қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады...

Тыныс аламыз..., тынысты шығарамыз (9-10 рет жайлап, жасаймыз).

 

Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?»

 Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» атты әңгімесін оқып келу . (111-113 бетте)

1.Ы.Алтынсарин  кім?

2.Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

Сұрақ-жауап

1.Әңгімеде кімдер туралы айтылған?

2.Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

3.Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

4.Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүм кін бе?

5.Сабырлы, төзімді болу арқылы неге жетуге болады?

6.«Сабыр түбі-сары алтын» дегенді қалай түсінесіздер?

 

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Түйін:

Сабырлы адам барлық уақытта шыдамдылық көрсетіп,төзімділік танытады,өзін ұстай біледі. Бәтиманың бойында сабырлылық болғандық-тан,қиналмайды,ашуланбайды,көңілді жүреді. Зылиқа ақылға жүгінсе,қиындыққа төзе білсе, ашуланбайтын болса « сабыр» деген шөпті та-буы әбден мүмкін.

-Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

 

Ескерту

 

Дәйексөз.Интербелсенді тақтаға жазып қоямын.

 « Асығыс түбі өкініш,

    Ойланып алмақ- сабыр сол»

                                        Абай

Барлығына бірге (хормен)   айтқызу;

топтарға бөлек айтқызу;

 

 -Абай Құнанбаев кім?

- Қандай шығармаларын білесіңдер?

 

Дәйексөздің мағынасын ашу.                               

- Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабыр деген – сабырлы болу, шыдамды болу, төзімді болу.

 

-  Адамға қандай жағдайларда сабыр керек?

Егер адамда сабыр болмаса, ол тез ашуланады. Ал адам ашуланған кезде асығыстыққа жол береді. Асығып қабылданған  шешім  барлық уақытта оң бола бермейді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей – сабыр сақтау керек .

Дәйексөзді дәптерге жазамыз.

 

Оқиғаларды әңгімелеу .Мұғалімнің сыйы.

 «Егінші мен қасқыр»(литва ертегісі)

-Автор:

Егінші таң сәріден егін орып,шаңқай түсте демалады.Аздап тыныққан соң,қолына нан алып,жей бастады.Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

Қасқыр:

- Адам,не жеп отырсың? –деп сұрады.

Егінші:    - Нан.

Қасқыр:

- Маған да наныңнан берші.

Автор:

- Егінші нанынан бір үзіп алды да,қасқырға берді.Нан қасқырға ұнады.Сондықтан ол егіншіге мынадай тілек білдірді:

Қасқыр:

- Сенің тамағың дәмді екен.Менің де күн сайын осындай тамақ жегім келеді.Сен маған оны табудың жолын үйретші...

Егінші:

-Алдымен жер жыртасың,содан соң тырма-лайсың,-деді.

Қасқыр:

-Содан соң нан бола ма?

Егінші:

-Жоқ,жерді жыртып,тырмалап  боласың да, тұқымды әзірлейсің,себесің.Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады,ал жаз ортасында піседі.

Қасқыр:

-Содан соң нанды жеуге бола ма?

Егінші:

-Қайда әлі!Бидайды орып,оны баулу керек.Содан кейін  қырманға апарып,маялау керек.

Қасқыр:

-Сонда нан бола ма?-деп қасқыр айқайлап жіберді

Егінші:

-Жоқ,бидайды  жиып алып,бастыру керек.

Одан кейін диірменге апарып,ұн ғып тарту керек.

Қасқыр:

-Сонда жеуге бола ма?

Егінші:

-Жоқ әлі!Қамыр ашытып,оны илеп,пісіру керек...

-Қасқыр: - Сонда  нан бола ма?

-Егінші: - Иә,сонда нан болып,жеуге жарайды,-де

 -ді егінші.

-Автор: -Шыдамы таусылған қасқыр:

- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны  кәсіп етпей-ақ қояйын,-деді.

  Сұрақ-жауап.

-Қасқыр неліктен нан тауып жеуден бас тартты?

                (Қасқыр қиындықтан қашты.)

-Оның бойында қандай қасиеттер көрінбеді?

(Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ)

-Саған қай кейіпкер ұнады?Неліктен?

            (Егінші-еңбекқор,шыдамды,сабырлы)

-Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма?Ондай  жағдайда қандай күйде болдың- дар?Ол әрекеттеріңді  жоюдың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

Мұғалім

-Дұрыс айтасыңдар.Қасқыр қиындықтан қашты.Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ екен-

 дігін әңгіме арасындағы шыдамсыздығынан байқадық.Сабырсыздық адамға орынсыз сөз- дер айтқызады,ашуландырады.Нәтижесінде орынсыз ашу мен жағымсыз сөздер өзіңді ұят- қа қалдыртады.Ал егінші сияқты адамдар барлық ісін аяғына дейін жеткізіп,өз еңбегінің жемісін жейді.

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

3 топқа бөлініп отырған оқушыларға сабырлылық, шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттеріне байланысты «мақалды жалғастыр» тапсырмасын орындату.

(тасырмалар таратып беріледі)

1 топ «сабырлылық»

Сабын кірді ашады, 
Сабырсыз ......................      (сырды ашады)


Сабыр —  ....................  .     (ақыл серігі)


Сабыр түбі сары алтын: 
сарғайған жетер ............... (мұратқа)
сабырсыз .......................... (қалар ұятқа)

 

2 топ «шыдамдылық»

Қырқына шыдаған, .................    шыдайды.  (қырық біріне де)

 

Қой ......................... шыдайды. (алты күн аштыққа)

 

Жаманның ашуы ...................     (басы жерге тигенше)

Жаксының ашуы  ..................               шәйі орамал кепкенше)

3 топ «ұстамдылық»

Ұстамдылық – әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық - .........................   (әлектің нұсқасы)

 

Қатты жауған күн ....................     (тез ашылады)

Қатты ашуланған кісі ...............   (тез басылады)

 

Орынсыз ашу -  ........................     (от шашу)

 

(мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын айтып береді)

 

 

Топпен ән айту.

Қарақат Әбілдина 

Келші, келші балашым

Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да...

Қуанышым, арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.

Не деп енді мақтайын,
Айтуға сөз таппаймын.
Мақтап кетсем көбірек,
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші келші балашым,
Бір иіскемей жатпаймын.

 

 

 

Үй тапсырмасы.

114-117беттегі,К.Демешевтің     «Мөлдір бұлақ» ертегісін оқып ; 1-3 сұрақ дайындап келіңдер.

 

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

 

-Тыныштық,тыныштық,тыныштық,

тыныштық,бар жерде.

Тыныштық,тыныштық,тыныштық,

Тыныштық,бүкіл әлемде.

 

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Микробиология

Микробиология

Түсінік хат Микробиология ғылым ретінде микроорганизмдердің морфологиясын, жіктелуін және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың тіршілік...
Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. 7 сынып.

Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы:  Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: ...
Қиық конус

Қиық конус

Сабақтың тақырыбы: Қиық конус Сабақтың мақсаттары:          Білімдік:   Қиық конустың негізгі...
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол  ауылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Ұзақ мерзімді жоспар қазақ тілі әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар қазақ тілі әдебиет

Атырау қаласы, №2 орта мектептің  орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І (ілгерінді) деңгейлі мұғалімі, жаңартылған оқыту...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру