Шындық шыңы – ақиқат

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Үштерек орта мектебі.  Мерзімі  09.11.2015   

Мұғалім  Рашат  К.  Сынып  6- қазақ.  Оқушылар саны 16.

Тақырып   Шындық шыңы – ақиқат.  Құндылық  Ақиқат.  

Қаиеттер  Шыншылдық, шынайылық, өз- өзіңе адал болу,  жақсы мен жаманды  ажырата білу.

Мақсаты: Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқаттың құндылығының  мәнін түсіндіру

Міндеттер:

-адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;

-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірікпен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білуін  дамытуға ықпал ету;

-  оқушыларды  шыншылдыққа, шынайылыққа, өз- өзіңе адал болуға,  жақсы мен жаманды  ажырата білуге  тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

ИБТ, дәйексөз т.б

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау, «Өзін-өзі тану» сабағының «5-Т» ережесі  ұстанымдарын еске түсіру. Оқушылардың  оқу құралын «5 затты» тексеру.

 Тыныштық сәті.   «Мелодия- Море»

«Су асты патшалығына ойша саяхат».

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалайыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:    Адамбаев. Б  «Сөздің атасы мен анасы» әңгімені оқып келу.

  1.      Қаз дауысты Қазбек  кім?
  2.      Саудагер биге қандай сурақ қойды?
  3.      Би қалай жауап берді?
  4.      Сөздің атасы, сөздің анасы деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
  5.      Неліктен сөздің атасы бірлік, сөздің анасы шындық деп жауап берді? 

 

Сабақ барысын талдау.

Дәйексөз.                                                                                                Шындыққа қиянат жасамауымыз керек

Ғабит Мүсірепов

  1.      Дәйексөздең мағнасын қалай түсіндіңдер?
  2.      Адамды  қандай қасиеттер ақиқатқа жетелейді?
  3.      Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?
  4.      Қалай ойлайсыздар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?

Оқушыларға дәйексөзді

3-4 рет қайталату және дәптерлеріне жазып алу тапсырылады

Ғабит Мүсіреповтың нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Әңгімелеу  (мұғалім  сыйы). Екі қасқыр (аңыз)

          Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді. 

  1.      Бұл аңыздан не түсіндіңдер?
  2.      Атасы немересіне аңыз арқылы не түсіндіргісі келді?
  3.      Баланың сұрағына сендер қалай жауап берердеіңдер?
  4.      Тақырыбымызды  неге екі қасқыр деп атады қалай ойлайсыздар?

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы шындықтың мәнін ұғынады.

Шығармашылық іс әрекет,

Топтық  жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы)

1. І-топ  Өлеңді жалғастыр. Шындық туралы

------------ көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның ----------- қаша алған ба.
---- - --------  үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
-------------   алмасы суынған ба!
--------  -  ---  - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып ----------  жүрер пенде.
Шымылдығын ----------- кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

2.ІІ –топ Шындық, ақиқат туралы бір шумақ өлең шығару

3. ІІІ- топ Жағдаятты талдау (сақыналау арқылы) 

Әнел әкесіне берген уәдесін ұмытып кетті. Жайлауға келген соң, ойының қызығымен таңның қалай атып, кештің қалай батқанын байқамады. Жазғы демалыста дайындалып, жас математиктер мектебіне түсем деген мақсатын да естен шығарды. Жаз да өте шықты. Қалаға келген соң Әнел уақыттың бос өткенінеқатты қынжылды. Әкесіне шынын қалай айтуды білмеді.

       1. Әнел шындықты қалай түсіндіреді деп ойлайсыздар?

        2.  Әнелге қандай ақыл қосуға болады?

Оқушылар  ұжымдық,топтық әрекетке түседі, өзара сыйластықтары нығаяды.

Топпен ән айту.  «Өмір-өзен»   («Заман» тобы)

  1.      Асып-тасып, төгілетін,
    Алқыныпұшатынкөңіл-ай,
    Өзгерместейкөрінетін,
    Баянсызбескүндікөмір-ай.
    Тасқынболып, тасыптұрған
    Жастықшақалдадытаңдамай.
    Әлденеге  асықтырған
    Желігібасылмасжалған-ай.
    Қайырмасы:
    Өмір-өзенағады, әттең,
    Өкініштің  алауы
    Жанымдыжепбарады.
    Өмір-өзенағады, әттең,
    Меніңжанымжаралы.
    Қайжағадақалады?

 

2. Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, Жаратқан.

 

Үй тапсырмасы.

№27 сабақ 98 бет «Ақиқат» мәтінін оқу

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.  «Мелодия – Дождь»

Баяу  әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

Әр қайссымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің  жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға,  айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы  ой ойлайық,  жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді  жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.

Сау болыңыздар!!!!!

Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Микробиология

Микробиология

Түсінік хат Микробиология ғылым ретінде микроорганизмдердің морфологиясын, жіктелуін және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың тіршілік...
Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. 7 сынып.

Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы:  Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: ...
Қиық конус

Қиық конус

Сабақтың тақырыбы: Қиық конус Сабақтың мақсаттары:          Білімдік:   Қиық конустың негізгі...
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол  ауылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Ұзақ мерзімді жоспар қазақ тілі әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар қазақ тілі әдебиет

Атырау қаласы, №2 орта мектептің  орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І (ілгерінді) деңгейлі мұғалімі, жаңартылған оқыту...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру